КӨРКЕМ СУРЕТ ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ТҰРҒЫДА ТƏРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

Р.С.Бакаиев –

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің көркем сурет факультетінің

«Академиялық сурет» кафедрасының аға оқытушысы

КӨРКЕМ СУРЕТ ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ТҰРҒЫДА ТƏРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

 

Егемен еліміздің болашағы үшін жастарға өркениеттің даму деңгейіне лайықты білім жəне тəрбие беруді қазақ этнопедагогикасы негізінде жүзеге асыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Қазақ этнопедагогикасы республикамыздағы саяси, əлеуметтік, экономикалық қайта құрудың шеңберінде білім беру жүйесін ұлттық талап тұрғысынан өзгертуге негіз болуы керектігі қарастырылуда. Бүгінгі жоғары мектеп түлектерін ұлттық сипатта тəрбиелеудегі құралдар жүйесі этнопедагогикалық тұрғыдан сұрыпталып, педагогикалық тəжірибеге енгізілуі керектігі баса назарға алынуда [5. 6 б].

Тəрбиенің негізгі бағыттары (эстетика, еңбек, ақыл-ой, экологиялық т.б.) халқымыздың ғасырлар бойына жинақтаған құнды қасиеттерін жастардың бойына  өнер мен мəдениетті сіңіру, көркем шығармашылық   ісəрекетіне баулуды жүзеге асырып келуде. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі білім беруді тұжырымдамасында «…. терең білім мен тəрбие, кəсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзінөзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға жəне өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген [1. 2 б]. Cебебі, білімді, ғылыми тұрғыда ізденімпаз, эстетикалық тұрғыда жан-жақты дамыған болашақ маман ғана бəсекелестікке қабілетті бола алады, қоғамның үнемі динамикалық алға жылжуын қамтамасыз етіп, өз ұлтының өсіп-өркендеуін негізгі мұратына айналдыра алады. Бұл мəселе бойынша жастарымызды  жоғары мектептің бейнелеу өнері пəні бойынша кəсіби мамандыққа даярлау бағытында қазіргі таңда да жеткілікті шешімін таппай жатуы, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Қоғамның рухани-адамгершілік тұрғыдан жандануы, ұлтымыздың ішкі əлеуеттік мүмкіндігі ұлттық мəдени дəстүрлерді, ұлттық өнерімізді зерделеп заман талабына қарай пайдалануға, болашақ жас маманға əлемдік көркем өнер мен мəдениет тарапынан этнопедагогикалық білім беруді нəтижелі ұштастыруды жүзеге асыруға байланысты, елбасы Н.Ə.Назарбаев “Қазақстан – 2030” стратегиясында: “Ұлт мəселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын болжау мүмкін емес”, – деп тұжырым айтқан [7]. Осыған байланысты еліміздің егемендігін өміршең етуде, өнерлі ұрпақ тəрбиесінде сабақтастықты сақтауда көптеген жұмыстар атқарылуда.

Халықтың өнерін, тəлім-тəрбиелік тəжірибелерін, өміршең идеяларын жəне өнегелі дəстүрлерін жоғары мектептің оқу-тəрбие үдерісінде пайдалану арқылы жастарымыздың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асыру бүгінгі күннің мақсаты. Халықтың рухани мəдениетінің мөлдір бастау бұлағынан жас кезден нəр алып өсу сан ғасырлық қалыптасу, даму тарихы бар қазақ этнопедагогикасы идеяларын ертерек бойға сіңіруге, ондағы жалпы адамдық құндылықтар мен əдемілікке құштарлықтарын арттырып, оны көре білуге үйретеді. Ұлттық тəрбие тағылымдары материалдарын халық даналығының сарқылмас қайнары ретінде жеке адамды қалыптастыру ісінде пайдаланудың қажеттілігін қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт ата, əл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, педагогтар мен ағартушылары (Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,

А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) өз еңбектерінде дəлелді сипаттама бергені мəлім.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ұлттық тəрбие беру міндеті уақыт талабы екендігі жəне білім беруде басшылыққа алатын нормативтік құжаттар арқылы қолдау табуы заңдылық. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңында: “…азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рəміздерді құрметтеуге, халық дəстүрлерін қастерлеуге, əлемдік жəне отандық мəдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, əдетғұрпы мен дəстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру”, – деп көрсетілген [1]. Аталған міндет білім беру жүйесінде халық дəстүрлерін, халықтық өнерін, дəстүрлі мəдениетін өнерлі жастарға зерделетуді жəне оларға баулуды меңзейді.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекшеліктің негізін құрайтын белгі – ол, ұлттық өнерге көзқарас пен ұлттық дəстүр. Қазақстан бейнелеу өнерінің рухани ерекшелігі мен кəсіби көркемдік өзгешеліктің қалыптасуы халықтың санасы мен ішкі сырының əрдайым қатынаста болуына байланысты.

Осының нəтижесінде, шамамен жүз жыл ішінде өзінің ерекшелігі, өзіндік ұлттық өнері, тілі, мəдениеті жəне идеясы бар ұлттық өнер мектептері құрылды. Ұлттық өнер – бұл мəдениет өзегі, бұл арқылы дүниетанымның негізі ұрпақтанұрпаққа қалып, ғасырдан-ғасырға дамып отырды.

Ерте заманда тəңір шындық сияқты іліми сенім болған, бұл дүние танымдық көзқараста көк аспан, жер, су, тау, өзен, төбе, ағаш сияқты қасиетті де киелі заттарды құрметтеп, əспеттеген. Осы киелі дүниелерді əспеттеп құрметтеу, біздің ұлттық болмысымыз бен дүниетанымымызға негіз болу  философиясын қалыптастырған [6].

Өткенге көз салсақ, қай ғасырда да философтар, ойшылдар, педагогтар мен социологтар ұлттық өнердің  пайда болу табиғатын ашуға аз көңіл бөлмеген. Атап айтқанда, олар жеке адамның өнерге, қоғамға, табиғатқа деген қатынасын қарастырды. Ал, бейнелеу өнері қоғамның, мəдениеттің, жалпы өнердің дамуына əсер ететін жандандырушы фактор, əрі өте қажетті көз болып табылады. Əр кездері қоғамда ұлттық өнер мен мəдениеттің дамуына байланысты адамдардың  бейнелеу өнеріне деген  оң көзқарасы артып отырды.

Өнертану ғылымы саласында “ұлттық өнер” бағытының тарихи ерекшеліктерінің  қалыптасуының  мəні зор. Мысалы, айналадағы ортаны таныпбілудегі əсерін орта ғасырдағы Шығыс ойшылдары да зерттеп, дамыта отырып қалыптастырудың мəніне назар аударған. Олар: Əбу Насыр Ибн Мұхаммед əлФараби (870-950 ж.ж.), Əбуғали ИбнСина (980-1037 ж.) т.б. жастарды ұжымда тəрбиелеп, олардың білімге, өнерге қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын қарастырды. Орта ғасырдың ойшылы əл-Фараби – дидактика, оқыту теориясы мен білім берудің психологиялық негізін қамтитын мəселелерге көңіл бөлді. Көрнекті философ Əбуғали ИбнСина жастарды тəрбиелеуде ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік тəрбиені тұтас пайдаланудың, оларды ұлттық өнер кəсібіне үйретудің маңыздылығын баса айтқан. Оның дидактикалық принциптері былайша құрылды: жастардың қабілеті мен бейімділігін ескере отырып оқытса, «…егер баланы ұжымда оқытса, ол онда зерікпей, қайта оқытып жатқан пəнге қызығушылығы пайда болып, басқалардан қалып кетпеуге тырысып, жарысқа түседі» деген болатын.

Қазақ халқының материалдық мəдениетіне, кəсібіне, ұлттық өнеріне қатысты деректерді ХІХ ғасырда жазылған

Ш.Уəлихановтың, А.И.Левшиннің, Ə.Диваевтың, Х.Қостанаевтың т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Ш.Уəлихановтың эстетикалық көзқарасы қоғамдық-саяси жəне философиялық көзқарастармен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық əдет-ғұрпына, салт-дəстүрлеріне баса көңіл бөледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі  əдебиеті, əсемдік танымы, көзқарасы арқылы эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.

Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы.Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі жəне өмірдегі барлық əдемі нəрселердің құндылығын түсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептеген. Ы.Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мектеп мəдениетілікке де үндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш əйелдер сəнді қол өнері мектебінің ұйымдастыруы да Ы.Алтынсариннің қажырлы еңбегі болып табылады. Оның педагогикалық еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: «Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мектеп мəдениетінде өмір сүрудің – жаңа əдет-ғұрып, тəртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет», – деп атап көрсетті. Абай Құнанбаевтың эстетикалық көзқарастарын көптеген қазақ ақын-жазушылары мен өнер зерттеушілері (М.Əуезов, С.Мұқанов, М.Сильченко, А.Жұбанов, М.Қаратаев, З.Ахметов, Б.Ерзакович жəне т.б.) өздерінің еңбектерінде жан-жақты қарастырған. Абай өзінің педагогикалық идеялары мен эстетикалық, көркемдік тұрғысында тəрбиелеу ой-тұжырымдарын өрбіте келіп, 27-ші қара сөзіне былай деп атап айтады: «Сократ пен Аристотельдің пікірлері: «Əуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нəрселердің көркінен қайтып лəззат алар едік… Құлақ болмаса қаңғыр, не дүңгір дауыс, жақсы үн, күй, əн – ешбірінен лəззат алмас едік». Осы ойды Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. «Ол хабарлардың ұнамдысы – ұнамды қалыппен, ұнамсызы – ұнамсыз қалыппен, əрнешік өз суретімен көңілге түседі… Жан қуатыменен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауып алған өнердің жоғалғандығын жəне өзіңнің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігін білмей қаласың» – деп, Абай мұнда адамның көркемдік шығармашылығының негізінде эстетикалық сезімді жатқызады. Абай өзінің шығармаларында эстетикалық түсініктерге, əсемдік, сұлулық, талғам жəне т.б. эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес.

ХХ ғасырдың басындағы төңкерістен кейінгі дəуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықта қазақ зерттеушілері тарапынан ұлттық өнерге байланысты тарихиэтнографиялық, өнертану, мəдениеттану тұрғысынан жазылған еңбектер де аз емес. Атап айтқанда, ғалымдар: Ə.Х.Марғұлан, Э.А.Масанов, И.В.Захарова, Р.Д.Ходжаева, Т.Бəсенов, С.Мұқанов, М.С.Мұқанов, С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, Ө.Жəнібеков,

Ə.Тəж і м ұ рат ов , Н . А .О ра зба ева ,

Б.Сарыбаев, Д.Шоқпарұлы, Ж.Бабалықов, А.Сейдімбеков,О.Бейсенбекұлы, М.Нығмет, Б.Кəмалашұлы, А.Нəлібаев, Қ.Ахметжановтың т.б. еңбектерінен этностың рухани-материалдық мəдениетіне қатысты құнды деректерді кездестіруге болады. Дегенмен, солардың ішіндегі елеулісі Ə.Х.Марғұлан, М.С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов,

Ə.Тəжімұратов, Ө.Жəнібеков, Қ.С.Ахметжановтың еңбектері болып табылады. Қазақ халқының материалдық мəдениеті, өнері жөнінде жазылған жоғарыдағы зерттеушілердің еңбектерінде айтылған ой-пікірлер, деректер, қарастырылған мəселелер осы күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ.

Сондай-ақ, халықтық тəрбиелік мəндегі өнерге, білімге, иманжүзділікке баулитын мақал-мəтелдерін, қанатты сөздерін, аңызəңгімелерін, көркем сурет факультетінің студенттеріне əр сабақ жүргізу процесінде жеткізіп отыру – берілетін көркем пəндерден білімді жандандыра түседі.  

Олай болса, студенттердің санасына ұлттық адамгершілік-имандылық қасиеттерді сіңіріп, ұлттық салтдəстүрлерді, ұлттық өнерді сақтауға, əдетғұрыптарды күнделікті өмірде қолдануға баулып, үйрету үшін ЖОО-да жүргізетін əр пəндерде тиісті əдіс-тəсілдер пайдаланып, студенттердің ұлттық сезімдерін оятатын, көркемдік, ұлттық тəрбиесін жетілдіретін іс-шаралар əр кездері жандандырып, жүргізіліп отыруы қажет. Ол үшін ұл балаларды сəнді-қолданбалы өнері пəнінде жүргізілетін: металл, тері, ағаш өңдеу, тері илеу, өрім өру өнерлеріне баулу, ал қыздарды ұлттық киім тігу, сырмақ сыру, ою-өрнек ою, киіз басу, текемет тігу, кесте тігу өнерлеріне үйретіп, ісмерлікке баулуымыз қажет.

Əрине, бұл жұмысты жүзеге асыру үшін жаңашыл əдіс-тəсілдерді сабақ процесінде қолдануымыз қажет. Жаңашыл əдістер оқытушы мен студент арасындағы түсіністікті жəне араласа, бірегей белсенді жұмыс жасауды қажет етеді. Студенттер сабақ барысында тыңдаушы ғана емес, сабақ барысына белсене араласушы да болуы шарт.

Қазіргі көркем білім беру жүйесінде белсенді оқыту əдісі кеңінен пайдаланылады. Ол студенттің, бір жағынан, білімінің жоғары болуын, өз ойын еркін жеткізе білуін қажет етсе, екінші жағынан, ойлау қабілетінің ұшқырлығын, көркем шығармашылық мүмкіндігінің жоғарылығын, шешім қабылдау барысын-

да өз ойын үлгілей білуін қажет қылады. жəне өзінің кəсіптік деңгейінің жоғары боМіне, бұл жағдайлар студенттің өз білімін луын қадағалауға итермелейді деп ойлайəр уақыт көтеріп, жетілдіріп отыруына мыз.

ƏДЕБИЕТТЕР:

1.        Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: (2007 ж., шілде). Егемен Қазақстан газеті.

2.        Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. 1 наурыз 2006 ж. Егемен Қазақстан.

3.        Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы. – Астана, 2003 ж.

4.        Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тəлiм-тəрбиесi, – Алматы, 1995.  — 352 б.

5.        Байжiгiтов Б.К. Бейнелеу өнерiнiң философиялық мəселелерi: Кеңiстiк пен уақыт ырғағындағы тұрақты сурет үлгiлерi. – Алматы, 1998. -192 б.

6.        Егемен Қазақстан газеті. “Қазақстан – 2030” Стратегиясы: өркендеудің өрелі өрісі, 29 қаңтар, 2010//пікір жазу.

Резюме

В данной статье рассматриваются некоторые вопросы национального воспитания, а так же  его роль и значение  в обучении изобразительному искусству высшей школе.

Summary

This article discusses some of the issues of education, as well as its role and value in teaching fi ne arts high school

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *