Ə.Т.Шортан – Ш.Уəлиханов атындағы №12 гимназияның оқу ісі меңгерушісі, Алматы қаласы, Медеу ауданы ЖАС БУЫН – БОЛАШАҚ ЕЛДІҢ ИЕСІ |
Құндылықтарымызды, тарихи дəстүрлерімізді жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, еліміздің экономикасын, ғылымын, мəдениетін одан əрі дамытушы, жалғастырушы. Тіршілік атаулы алдыңғы ұрпақ пен кейінгі ұрпақ арасындағы байланыс арқылы өрбиді. Ал, жаңа ұрпақ алдыңғы ұрпақтың жасағандарын қайталап қоймай, өзіндік жаңашылдықтарын жасауға тиіс. Иə, сол жас ұрпақ – болашақ елдің иесі болу үшін ұлттық тəрбиемен тəрбиеленуі қажет. Бір сөзбен айтқанда, ұлдар мен қыздар санасынан ең бірінші кезекте имандылық пен əдептілік орын алатыны сөзсіз. Сол тəрбие бастауы бала ана құрсағында пайда болған күннен басталады. Сондықтан, балаға берер тəрбие негізі – халық педагогикасының құрамды бөлігі, арқауы ауыз əдебиеті мен халықтың салт-дəстүрлері, ырымдар мен тыйымдар. Балаларды жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жəндіктерді қорғауға оларға рақымшылық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тəрбиелеу. Ұрпақ тəрбиесінің ежелден келе жатқан халықтық əдістерінің бірі – балаға ақыл, өсиет айту жəне сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бала кезінен ақыл, өсиет, өнеге естіп, көріп өскен бала жасөспірім шағында көптеген тəртіп бұзушылықтан өзін-өзі сақтап қалары сөзсіз. «Адам мінезінің əр қилы болуы – тəрбиенің əр түрлі болуынан. Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру, зорлыққа баруы тəрбиенің жетіспейтіндігінен».
Біздің балаларымыздың, болашақ ұрпағымыздың өзге ұлттың тəрбиесінен ерекше қасиеті – имандылығында екені белгілі. Ана құрсағында шайқалып, дүниеге көзін ашқан сəби əжесінің əлдиін, атасының ақылын тыңдап өскен бала өмірге мейірін төге отырып, еліне қамқор болып, жерін қадірлеп, қастерлеп, оны шексіз сүйіп, аянбай еңбек етіп, өзінің бойындағы қасиеттерінің бəрін соған арнайды, қорғайды. Ата-анасын, Отанын жоғары қойып, пір тұтқан адам нендей қиыншылық болсын қорғаудан қашпайды. Ата-бабаларымыз бұл Отанымызды біздерге оңайшылықпен қалдырып кетпеді. Олар жандарын қиып, қандарын төгіп жүріп келешек ұрпақ – біздердің қамымызды ойлап бақты. Əр ұрпақ өзінің тарихи шыққан тегінің, өскен ортасының, рухани түп тамырын білуге міндетті. Өйткені, өзінің өткенін білмеген, қоршаған ортасын танымаған адам басқалай жетілсе де, рухани түрде кемелдене алмайды. Сол үшін əрбір жеткіншек халқымыздың салтдəстүрін, əдет-ғұрпын, өнерін ұғынып, ерлік, жауынгерлік тарихын біліп, хас батырлардың жанкешті қаһармандықтарын танып өссе, бұл оның өзгермейтін өмірлік ұстанымы болып қалыптасады. Өйткені, еліміздің əрбір парасатты жасы, ең алдымен, өз халқының өткенін білуі қажет. Сонда ғана жас буынның бүгіні баянды, келешегі айқын болмақ. Сол жас буынның болашақ иесі болатынын бүгінгі партада отырған кезден қалыптастыру үшін, жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Атап айтса, 1-ші сыныптан бастап «Өзіңөзі тану», «Тарих тағылымы» пəндері таңдау сағаттарынан алынып, аптасына 1 рет өткізіліп отырады. Осы аталған пəндер арқылы жəне күнделікті жоспарлы, арнайы, тақырыптық пəндер арқылы оқушыларда оқу-тəрбие үрдісі қалыптасып отырады. Сонымен бірге, аптаның əр сейсенбі күні арнайы тəрбие сағаттары əр түрлі тақырыпта жан-жақты дайындықта өткізіліп отырады. Жалпы айтқанда, оқыта отырып тəрбиелейміз, тəрбиелей отырып оқытамыз. Солай бола тұрса да, кейбір келеңсіз жағдайларға күнделікті өмірде куə болып жатамыз. Атап айтсақ, 4-5 сағат мектепте оқушыны ұлттық тілімізде тақылдатып жіберсек, есіктен шыға атаанамыз өзінің жүйрік тілін шұбарлап мəз болып кетіп бара жатады. Сонда күні бойғы үйреткен əдемі сөздер мен мейірімді тəрбие қайда қалды? Оған мəн беріп жатқан атаана жоқ. Жалпы, ұлттық салт-дəстүрді жас ұрпақ бойына жанұядан қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп отырмаса, тəрбие негізі дұрыс қалыптаспайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың», – дегендей ертеңгі өмір жолыңның қандай болатыны отбасында алған тəлім-тəрбиеге байланысты. Бар жүкті мұғалім бойына артып қойсақ, одан дұрыс нəтиже болмайды. Мұғалім бағыт береді, ата-ана оны ары қарай дамытады. Дамытқаны сол, үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындатудан басталады. Сабақтан тыс уақытта қосымша көркем əдебиеттер оқып, шығарма жазып, суреттер салып, сол суреттер бойынша əңгімелер құрастырып отырса, бала ойы дамып, тілі жаттығып, келе-келе суретші, ақын, жазушы болары сөзсіз. Үйге берілген тапсырмалар дұрыс орындалмаса, өз бетімен ізденушілік болмаса, оқушы ойы ешқашанда дамымайды. Оны үйден бақылап, бағыт беретін, əрине, ата-ана. Сондықтан, жас ұрпақ алдында ата-ана жауапкершілігі өте зор. Кейбір атааналар балаларын мектепке берер алдында үлкен дайындықтан өткізеді. Ол дайындық қандай тілді мектепке баратынын анық шешкен күннен басталады. Мектепке келгеннен кейін арнайы мамандарға дайындатады. Өзі де ізденіп, біршама жұмыстар орындайды. Сонда ғана тілге бай, өз ұлтын сүйетін жас буын өсіп жетіледі. Өз ұлтының ана тілін, дінін, салт-дəстүрін, мəдениетін, тарихын бойына дарытып, ғұмырына қолдана білсе, жас ұрпақ бойында Отанына, халқына, топырағына деген ұлтжандылық сезім тұнып, ұлттық қадірқасиеті артып жатса, одан асқан тəрбиелі жан болмас еді.
Заман талабына сай жас ұрпақтарды тəрбиелеу, оқытып, алған білімін жанжақты дамыту, талғамдарын арттыру, өмірге көзқарастарын дұрыс қалыптастырып, адамгершілік қасиеттерін ояту, ұлттық салт-дəстүрді негізге алу, ана құрсағынан, балабақшадан, мектептен қалыптасатыны сөз болғандықтан əр ортаның балаға тигізер ықпалы зор екенін түсіне білсек.
Атап айтқанда, баланың тілі алғаш шыға бастағанда-ақ, ұлттық тəрбие негіздерін ерінбей ұғындырсақ. Ол ұғым анасының əсем үнінен қалыптасқан əлди əні. Анасының жұмсақ үнін естіп өскен бала жүрегі де мейірімге толы болары сөзсіз. Мейірімге толы деген бала еш уақытта оғаш қылықтар көрсетпей, кешірімді, қанағатшыл, рахымшыл, намысты, өзің де, өзгені де қорғай алатын адам болары анық.
Ал, өмірге жаңа көзін ашқан балаға зейін қоймай, көңіл бөлмей қойса, ол бала өзімен өзі, еш дамымай, қозғалмай, селқос болып өседі. Сондықтан, бала алдында жауапкершіліктің мол екенін əрбір атаана сезінуі тиіс. Сезінгені сол балаға үнемі көңіл бөліп, əсіресе, тілі шығып, сөйлеуге дайындала бастағанда айналасындағы белгісіз дүниелерді білгісі келіп, сұрайды. Сол кезде дұрыс, толық жауап беріңіз. Егер зекіп, дұрыс жауап бермесеңіз, келешекте бала ашушаң, қорқақ, ойын толық жеткізе алмайтын адам болып шығады.
Ұлттық салт-дəстүр де сол кезден бастап қалыптасуы керек. Ол тіл тазалығын сақтап, дұрыс сөйлеуден, көпшілікпен тіл табысудан басталады. Тіл тазалығы деген өз ұлтының тілін үйрену. Үйренген тілі бойынша ойын дамытып, өзгеге айта білу. Мысалы, оқып, айтып берген ертегіні, көрген фильмдерін айта білуі т.б. Мектеп табалдырығында талап өзгеше. Оқушы білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, əр пəннің ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дəстүрмен ұштастыра білуге, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс орындатып,
біліктерін іскерлікпен дамытуға байланысты. Қазіргі таңда, пəн мұғалімдері алдында тұрған ең басты міндет – оқушыларды өз пəндеріне ынталандыра білу, сол арқылы əр тақырыпты ұлттық деңгейде жете түсіндіру. Оқушының сабаққа ынтасын қалыптастыру тек қызықты өткізілген сабақ нəтижесінде болмақ. Іс жүзінде сабақты қызықты, тартымды өткізу мұғалімнің білімділігін, қабілеттілігін, тапқырлығын, дарындылығын қажет етеді. Ұлттық тəрбиені қалыптастыру сабақ үстінде ұлттық ойын түрлерін қолдану арқылы қалыптасады. Тиімді ұйымдастырылған ұлттық ойындар оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруда, шығармашылық қабілетті дамытуда, ұлттық тəрбиенің қалыптасуына өте тиімді.
Сондықтан мектепте, сыныпта, сыныптан тыс жерлерде жүргізілетін, жан-жақты ұйымдастырылған жұмыстар ұлттық
тəрбиенің негізгі көзі болып табылмақ. Заман талабы бізден ұстаздардың ұлылығын, ата-аналардың ақылын, үлкендердің үлгіөнегесін сұрайды.
Резюме
В статье поднимается проблема воспитания учеников младших классов и рассматриваются пути по улучшению воспитательного процесса.
Summary
The article raises the problem of education of primary school students and discusses ways to improve the educational process.