ЖАСТАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МƏДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ХАЛЫҚ ДƏСТҮРІНІҢ ОРНЫ

Б.Бекенова –

живопись кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ

 ЖАСТАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МƏДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ХАЛЫҚ ДƏСТҮРІНІҢ ОРНЫ

 

Егемендігімізді алып, тəуелсіз мемлекетке айналған кезде  мəдениетіміздің шынайы, рухани қазыналарын ашып көрсетуге негіз қаланды. Сандаған ғасырлар  бұрын қазақ жерінде  түркі тектес халықтардың ортақ  мəдениеттің ошағы болған қалалары, ата-бабаларымыз жасаған əдебиеті мен мəдениеті, философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан ой мен жазба мұраларымыздың болғандығы дəлелденді. Білім, ғылым, мəдениет саласындағы осы ақтаңдақтардың бетін ашып, көне мəдениетімізге тереңірек үңілу, өткен уақыттың рухани мұрасын саралау,  талдау, оны бүгінгі ұрпақтың рухани жемісіне, қажеттілігіне  айналдыру мəселесі қазіргі уақыттың талабы.

Біздің халқымыз – əсемшіл халық, рухани мəдениет  жасауды басты міндеттердің бірі деп санайтын халық. Сол үшін  де жаңа өмірдің жарқын сипатын, сұлу сымбатын,  жаңа қоғамның моральдық қасиетін уағыздауымыз керек. «Əлеуметтік, шаруашылық тіршілігіне сай қазақ руларының əр кезде өзіндік мəдениеті болған. Бұл заңды да. Өйткені, тарихта ешқандай мəдениеті  болмайтын, түрлі өнер, мəдени, əдеби шығарма  жасамайтын адам қоғамы, ру-тайпалары мен халық болған емес. Тарих, археология  ғылымдарының  бүгінгі табыстары ертедегі қазақ рулары мекендеген жерлерде əр түрлі қалалар,  басқа да мəдениет ошақтары болғандығын дəлелдеп отыр» [1. 5 б]. Қазақтар ағаштан түйін түйіп, ер шауып, уық кесіп,  шаңырақ жасады. Киіз басып, алуан өрнекті кілемдер, алашалар тоқыған.  Бармағынан бал тамған шеберлер ернеуі жұқа шара, алтын білезік, сақина, балдақ, алқа, шолпы соқты. Ұсталар ел қорғаны – батырларға сауыт-сайман, оқ өтпейтін дулыға, шашақты найза, алмас қылыш, шоқпар жасаған. Осы əр түрлі бұйымдарды оқушыларға жақынырақ таныстыру үшін, оларды мұражайларға немесе шеберханаларға апарып таныстырған жөн. Бұйымдардың қандай заттардан жасалатынын, оны не үшін қолданғандығын толығымен мұғалім түсіндіргені дұрыс. Кітаптардан көргеннен гөрі өз көзімен көріп, қолмен ұстағаны балаға үлкен əсер қалдырады.

Қазақ арасына кең тараған өлеңжыр, толғау, əн мен күй  жəне зергерлік, сəулеттік өнері  қазақ халқының көркемдік талғамының жоғары болғанын, өмірдің асқақ мұраттарына  сəйкес əсемдік əлеміне үнемі ұмтылып отырғандығын дəлелдейді. «Сонау ерте кезеңдердегі көркем сөз тіркестері, мақалды, мəтелді сөз өрнегі, ру таңбалары, жазу-сызулар, сөздіктерде ұшырасатын өлеңдер, аңыздар халқымыздың  бейнелі ойға, шешендік өнерге көне заманда-ақ шебер болғанын көрсетеді» [1. 4 б]. Осы тұрғыдан қарасақ, қазақ халқының өнерге бай, ой-өрісі кең, суреткерлік қабілеті мол, эстетикалық сезімінің жетілгенін аңғара аламыз.

Ерте кезден-ақ бізде өнердің үш түрі: поэзия, музыка, қол өнері кеңінен өріс алған. Ғасырлар бойы əсемдікті өнер арқылы бейнелеп, шынайы асылдарын елге тарта білген халық жырдағы əуезділік пен үнділікті, музыкадағы нəзіктік пен ойлылықты, қол өнердегі жарастық пен көріктілікті негізгі сипат деп бағалаған.

Қазақ халқының көне заманнан бергі өнертану  жолын, эстетикалық ойларын, табиғат пен қоғамдық құбылысқа қатысын, əсемдік жайлы көзқарасын қалай білуге болады десек, ең алдымен, өнердің көне соқпақ іздерін тау  үңгіріндегі суреттер мен өрнектер, тастағы таңба жазулар, жерден қазылып табылған көне бұйымдарды айтамыз. Қазақстан жері тарихи ескерткіштерге өте бай. Мұнда материалдық мəдениеттің көне белгілері, архитектуралық ескерткіштер, тастан қашалған мүсіндер, құлпы тастар айрықша көп.

Ерте ғасырда сақтармен бірге үйсіндер, қаңлы тайпалары қатар өмір сүрді. Олар Хорезм, Сырдария өңірін жайлады. Бұл тайпалардың мəдениетінде темірден, ағаштан жасалған түрлі бұйымдар болды. Қарапайым тоқу станоктарын жасап шығарып, үйге тұтынатын кілем, алаша, киіз жасай бастады. Мыстан, қоладан, алтыннан жасалған бұйымдардың беттеріне аңдардың суреттерін салумен бірге, өсімдікке ұқсас оюлар  жасады.  1939 жылы Қарғалы өзенінің бойынан қос өркешті түйенің жəне таутекенің мүсіндері табылды. Осы бұйымдардың алтыннан жасалған бөліктерінде аңның, құстың, адамның бейнелері, өсімдік суреттері кездеседі. Сол оюлардың  кейбір түрлерінің кейінгі уақыттағы қазақ халқының оюөрнектеріне көп ұқсастығы бар. Көбінесе, оларда  тылсым табиғат күштері, жыртқыш аңның іздері мен мүйіздері бейнеленген. Осындағы ою-өрнектің үлгілері эстетикалық  ұғым туғызады. Жарасымды дөңгелек оюлар мен  ширатылған сызықтар өзара сəнді жалғасып, қызылдыжасылды бояумен астасып көмкеріліп тұрады.  Əрбір өрнектің түрлі пішіні, сан алуан бояуы бар. Егер де терең үңіліп, оюөрнектің көне тарихына қарасақ, халықтың қарапайым өнерінің де эстетикалық  терең сыры бар екенін байқаймыз.

Ғасырлар       бойы халық туғызған мəдениет, өнер, салт-сана қоғамдық құбылысқа сай өсіп, жетіліп отыратындығы анық. Əрбір қоғамдық сатыда өнердің барлық саласы бірдей қалыптасып жетілмесе де, кей түрлері айрықша  дамып, халықтың ізгі тілектері мен мұраттарын бейнелеп отырады.  

Қазақ халқының тұрмысынан қай өнердің болсын  ізгі соқпағын көру қиын емес. Тас қашап, ағаш жону, темір қақтап өрнек салу, тас қалап үй соғу, ертеден етене өнерге айналған.  Шеберлер сол тастан аңдардың, адамдардың мүсінін жасады,  киіз үйдің басқұр, бауларын оюөрнектермен безендірді.

Қазақ тілінде өнер сөзінің мағынасы кең, ол əдеби тілде көп қолданылады. Қазақтар өнердің қоғамдағы орнын, күнделікті тұрмысқа қажеттігін, адам өміріне ықпалын жақсы білген. Жəне өнерді бірінен-бірін бөліп ажыратпаған. Атқа шабу, кілем тоқу, күміспен қаптау, ер шабу, əн салу, күй шерту, ою ою, жыр жырлау жəне т.б. өнер деп санаған. «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болу керек» деген сөздің мағынасы өнердің көп қырлы  екендігін байқатады. Халық өнерлі  адамдарды – ұста, шебер, ақын, жырау,  сал-серілерді қатты құрметтеген. Отбасында да  əкелері немесе аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, олардың өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері, əнші, күйші ақын етіп тəрбиелеуге көп көңіл бөлген.  Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дəстүрі болған.

Қазақ ауылында бала тəрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері болып, əсіресе қарттары араласқан. Олар өз ауылдастарының балалары мен өскелең жастарының мінезқұлықтарында өрескел кемшіліктерін байқап қалса,  тыйып тастап, ақыл айтып отыру дəстүрі де орын алған. Сондықтан да үлкенді сыйлау – біздің халқымыздың ежелгі дəстүрі. Бұл дəстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тіпті үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс. Осындай ата дəстүрімізді бүгінгі жастар жадында сақтап, жалғастыра білуі қажет. Ата дəстүр бойынша əрбір ұрпақ, олардың жақсы қасиеттерін, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі тұтып, өзінен кейінгі келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тəрбиелейді.

Адамның эстетикалық мəдениеті – оның жалпы мəдениетінің жарқын бір көрсеткіші. Бұнда  туған, өскен ортаға, табиғат құбылыстарына, алған білімге, тəлім-тəрбиеге, қоғамда атқаратын қызметке, тұрмыс жағдайына жəне тағы басқа толып жатқан себеп, факторларға байланысты қалыптасады.

Қазіргі қоғамды жаңарту жағдайында жастарымызда батыстың жағымсыз

үлгілеріне еліктеушілік, өз халқының тарихын, мəдениетін əлі де жетік білмеушілік басым.  Соның негізінде  талғамсыздық пен тұрпайылыққа жастарымыздың бой алдыруы, сырт бейнесі, жүріс-тұрысы, киім кию үлгісі көзге тіпті оғаш көрінеді. Осыған орай, қандай мемлекеттің болса да бейнесі мен келешегі жастарға байланысты болмақ.  Жастар болғанда да талантты  жастар, себебі ұлттық тəлім-тəрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды.

Хангелді немересі Райымбек он алты жасқа толғанда Төле биге сəлем беріп, батасын алуға барады. Қонақ болған Райымбек аттанар алдында дана қартқа мынадай сауалдар қойыпты:

Жер деген немене?

Ел деген немене?

Жер сəні деген немене?

Ел сəні деген немене?

Сонда Төле би:

Жер дегенің – тіршілік, Ел дегенің – қара халқың.

Жер сəні – ұшқан құс пен  жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.

Ел сəні – өркендеп өскен ұл мен қызы, – деген жауабынан, жастар тəрбиесінің қоғамның  қай кезеңінде болса да үлкен маңызға ие болғанын көреміз [2].

Біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды инабаттылыққа, мəдениеттілікке тəрбиелеуді үнемі қолға алуымыз керек. Ал, ол тəрбиенің негізі – «Ата-баба жолы» (Араб жазбаларында (ибн Хаукал, ƏбуФарас,  əл-Мұқаддаси, Əбу Дулаф т.б.) атабабаларымыздың əдет-ғұрып заңдары: «Төрелік», «Ереже», «Жарлық», «Атабаба жолы», «Жол-жоба», «Жол-жора» деп аталған), ұлттық салт-дəстүрлері мен ұлттық қасиеттері болуға тиіс [3]. Осы талап-тілектерді орындаудың ең бір пəрменді құралы ретінде – оқу-тəрбие жұмыстарында халықтың қымбат руханимəдени қазынасын пайдалану, қаншама уақыт өтсе де тот баспайтын бабалар өсиетіне сүйену. Өйткені, алға қарай аяқ басқанда, өткеннен нұр алмай, рухани азық алмай болашаққа қадам басу мүмкін емес. Адам өмірінің гүлденіп, адам табиғатының əбден көркейетін шағы – оның жастық  кезеңі. Барлық жастарға эстетикалық тəрбие берумен қатар, эстетикалық талғамын қалыптастыру мен мəдениетін көтеру қаншалықты игі міндет болса, соншалықты қиын əрі күрделі міндет. Оның орындалуы бір күннің немесе бір жылдың жұмысы емес [4]. Сондықтан да, адамзат мəдениетінің өткендегі жақсы дəстүріне сүйене отырып, жаңа заман шындығын шынайы  бейнелеу  жөнінде еркін ізденіс, батыл жаңалықтар табуға толық мүмкіндік туғызу бүгінгі қоғамның өзекті мəселесіне  айналу қажеттігі туындап отыр.

Қорыта айтқанда,  бұрынғы өткен бабалардың мəдени-рухани мұрасындағы олардың өсиеті мен өнегесін дұрыс пайдаланып, ұлттық мəдениет пен рухани мұраны жастарымыздың қажетіне жаратқанда ғана салауатты өмір сүріп, жалпыадамзаттық өркениет дəрежесіне көтерілуге мүмкіншілік пайда болады. Жастардың эстетикалық мəдениетін қалыптастыру мəселесі мемлекеттік саясатқа айналуы қажет. Болашағымыздың жарқындығына қатысты бұл мəселе рухани өміріміздің  өзегі болуы тиіс.

 

                   ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ƏДЕБИЕТТЕР:

  1. Ертедегі əдебиет нұсқалары. – Алматы: Мектеп, 1967. — 215б.
  2. Мемлекеттік тіл жəне рухани мəдениет. – Алматы: Арыс, 2001. – 184 б.
  3. Өсерұлы Н. Қазақ əдебиеті. №8, 1997, 25 ақпан.
  4. Əбенбаев С. Эстетикалық мəдениет негіздері. – Алматы: Дарын, 2005. — 290 б.

Резюме

В статье приводятся казахские народные традиции, формировавшие многие века эстетику, культуру нации. Указываются пути использования их в психолого-педагогическом процессе формирования эстетики и культуры у школьников.

Summary

The kazakh public tradition happen to in article, formed many ages aesthetics, culture nation. They Are indicated way of the use them in psychology-pedagogical process of the shaping the aesthetics and cultures beside training.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *