Б.МҰҚАЙ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ

Б.МҰҚАЙ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ

Қазақ əдебиетіне өзіндік сара жолымен қолтаңбасын қалдырған абзал азаматтардың бірі де бірегейі Баққожа Мұқай десек артық айтқандық емес. Нағыз өр тұлғалы, зерек ойлы, шын мəнінде талантты, талапты, шыншыл, өте білімді, алғыр, табанды, адамгершілік қасиеттерге бай, аса беделді ұлт жазушысы ретінде оқырман жүрегіне өзінің халық жанына жақын туындыларымен, адамгершілік қасиеттерімен мəңгі есте қалары сөзсіз.

Мен Баққожа Мұқайдың туындыларын жас кезімнен қызығып оқитынмын. Ол кісінің    адам жанына жақын, психологиялық тұрғыда өз кезеңіңдегі оқиғалар тізбегімен қиюластыра жазылған шығармалары мені  ерекше баулап алған болатын. Магистратураны аяқтап, ғылым жолына аяқ басуға бел байлап, өзімнің ғылыми жетекшім филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнол-Ғабден Бисенғали ағайыма барған кезімде, ол кісі маған бірден «Баққожа Мұқайдың шығармашылығын зерттеуге қалайсың?» деп ұсыныс жасағанда, мен бірден қуана келістім. Жазушының шығармаларын бұрын оқырман немесе жай əдебиетші ретінде оқып шыққан мен, енді ол туындыларға енді ғылыми зерттеу жұмысының объектісі ретінде қарай бастадым. Мен өзім зерттеп оқыған туындыларым арқылы автордың таным-түсінігін ол кісімен таныспай тұрып-ақ білгендей болдым. Себебі, жазушының өмірдегі болып жатқан, жанына əсер еткен құбылыстарға өзіндік көзқарасын, ой-тұжырымын туындылары арқылы жеткізетінін түсіндім. Осы тұрғыда Кеңес кезеңіндегі қазақ халқының жай-күйін көріп, жан-тəнімен түсіне отырып, өзіндік үн қоса білген шығармалары туралы айтып өткім келеді. Ең алдымен, қолыма 1989 жылы “Өмірзая” деген атпен драмалық туынды болып жарияланып, 1992 жылы сахна төріне қойылған туынды, 1998 жылы роман болып өңделген, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын иеленген  «Өмірзая» романын қолыма алдым. Бұл туындыны жазудағы авторлық нысана – Кеңес үкіметінің сыңаржақ саясатының қазақ халқының ұлттық болмысы мен қоғамдық құрылысына тигізген ауыр зардаптарын суреттеуге бағытталған. Автор тарихтың ақтаңдақ беттерін ашып, жетпіс жыл бойы үстемдік еткен Ресей үкіметінің жымысқы саясатын жүзеге асырушылардың тұлғасын бейнелеген “Өмірзая” романында өмір қиындығына шыныққан рухани қуаты берік, моральдық сапасы жоғары азаматтар бейнесін жасалған.

Романның тағы бір ерекшелігі ретінде байқағаным, жақсылық табиғи түрде шешуге тырысқан жазушы өмір шындығын нанымды суреттегендігінде еді.  «Өмірзая» романы бостандық жолындағы биік идея, күрделі ақиқатқа құрылғандықтан, оқырман ықыласына бірден бөленді. Шығарманың тағы бір ерекше тартымдылығы – əдебиетке қызғылықты характер қосуында. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың өрмекшінің ұясындай торланып алған тобырлық əрекеттері Мұса Байларов пен Жақия Тайлақұлы секілді “мықтылардың” келбеті арқылы бейнеленсе, ғалым Алдияр Ақпанұлы  бейнесі арқылы шындықты жеткізуге талпынған характерлер сомдады. Бұл бейнеден адам баласына тəн жақсы қасиеттің бəрі адалдық пен білімділік, төзімділік секілді қасиеттерді анық көруге болады. Олардың бойынан адам баласына тəн жақсы қасиеттің бəрін – адалдық пен білімділік, төзімділік секілді қасиеттерді анық көруге болады.

Шығарманың оқиғасы трагедияға құрылған. Аяғанның адал жары

Əсемнің асқынған ауру əсерінен қаза табуы, Хадишаның көзсіз махаббаттың қырсығына шалынып, жетімдіктің азабын еселеп тартуы, Аяған үшін інілік қызмет атқарып жүрген Асылханның саяси қастандықтың құрбаны болуы, Аяған мен Əсемнің бүлдіршіндері – Олжас, Елжас, Бибілердің балалық бал дəурендерінің өкінішпен өтуі, т.т. кімді де болса ойландырмай қоймайды. Аяған кеңестік үкіметтің өз дегенін істетпей қоймайтынына анық көзі жетіп тұрса да, қасқайып қарсы тұрды. Ақыры, оны майыстыра алмасын білген “мықтылар” өлтіріп тынады. Осы шығармадағы адамгершілік идеялар адамзаттық ізгіліктер ұстанымның биіктігін айқын көрсетеді.

Шығарманы ғылыми зерттеу бағытында бірнеше оқып шықтым. Оқыған сайын романның  көркемдігі мен кейіпкерлері өзі өмір сүріп отырған кезеңнің тұлғаларын суреткер шынайылылықпен суреттей білгендігіне тəнті болдым. Қоғамдық ойсананың жинақталған көрінісі ретінде əдебиетті айтар болсақ, аталмыш романның арқалаған жүгінің қаншалықты деңгейде оны ашып, танытқанын оқырман саралайды.

Осыдан кейін əңгімелерін, повестерін, публицистикалық мақалаларын ғылыми тұрғыда сараптап қарап шықтым. Шығармаларымен танысып, ғылыми жұмысымды аяқтап қалуға таянғанда автормен танысуға бел будым. Шығармаларын оқып, зерттеп жүргеніме біраз уақыт өтсе де, ол кісімен танысуға қатты жүрексінетінмін. Ғылыми жұмысымды біраз жөнге келтіргенннен кейін, «Парасат» журналының адресін тауып, түстен кейін ол кісінің жұмыс орнына бардым. Ол кісінің адамды баурап алар əдеби туындылары арқылы жақын танитындай сезінетінмін. Кездесу барысында ол кісінің əдебиет жанашыры екендігіне де көз жеткіздім. Осыдан кейін ол кісі менің əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінде өткізген ғылыми семинарыма да арнайы келіп, шығармаларын студенттер мен мұғалімдер арасында өткізген пікірсайысқа қатысып, өзіндік пікірімен бөлісті. Студент жастардың, мұғалімдердің, жалпы əдеби ортада шығармаларына деген қызығушылықтың зор екендігіне жалпы, бүгіндегі мына ақпараттық технологияның дамып тұрған заманында əдеби шығармаға деген сұраныстың мол екендігін байқаған жазушы марқайып қалған болатын. Осыдан кейін Баққожа ағамен жаз айындағы филология ғылымдарының кандидаттығын қорғау кезеңінде кездестім. Ол кісінің алтын уақытын бөліп менің кандидаттығымды қорғауыма келгені мен үшін үлкен мəртебе болды.  Осы екі кездесуде де менің көзімнің жеткендігі ол кісінің адами қасиетінің молдығы, қарапайымдылығы, кесек мінезі мен ойының да, бойының да бірдей үндескен нарлығы, алғырлығы, келісті тұлғасы мен кескін-келбеті, мейірбандылығы, парасаттылығы, кісілігі, қайсарлығы, жан сұлулығы еді. Жазушы өзі өмір сүрген кезенің əлеуметтік, психологиялық жайкүйіне үн қоса білген қаламгерлердің бірі. Адамгершіліктің асқақ көріністерін көбіне замана шындығынан шығарып суреттеуге мəн бере отырып, сол арқылы халықтың ақыл-

ойын, ішкі сезім дүниесінің мөлдірлігін қастерлеуге ұмтылған туындыларында адам жанына жақын көп сұрақтарға жауап тапқандай əсерде қалады. Оның шығармашылығының өн бойына замана үнінің қоғам мүддесімен тығыз байланысын байқауға болады.

Өмірден қандай құбылысты суреттемесін, Б.Мұқай адам өміріне, тіршілігіне, асыл мұраттарға байланыстыра бейнеледі, оны замана шындығынан шығара білді. Жазушы адамзаттың ғасырлар бойғы рухани, ар-ұждан, азаматтық күрестердің нəтижесін бүгінгі адам мен оның қат-қабат, күрделі

əлемімен байланыстырды.

Summary

Статья посвящена прозаику казахской литературы Б.Мукайе, воспитательной роли его творчества.

Резюме

The article is devoted to the prose writer of Kazakh literature B. Mukaye, the educational role of his career.

Ж.Түрікпен-Ұлы – п.ғ.к., Абай ат. ҚазҰПУ Магистратура жəне

PhD докторантура институты Психология-педагогикалық

мамандықтар кафедрасының профессоры

 

АКАДЕМИК ТӨЛЕГЕН ТƏЖІБАЕВ МƏҢГІ ЕСІМДЕ (Естелік)

Əлі   есімде.  Өткен   ғасырдың   елу университетінің  физика-математика бірінші  жылы  Қазақ  мемлекеттік факультетіне  оқуға  түстім. Соғыстан

Əрбір халықтың ерекшелігі – оның рухани мəдениеттің сапа-дəрежесімен таразыланып, танылады. Рухани мəдениеттің ең елеулі саласы əдебиет екені ақиқат. Осы əдебиеттің дамуына, өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан Б.Мұқай əдебиеттің əр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Ол тек талантты прозашы ғана емес, шебер драматург, белгілі публицист ретінде халықтың жадында сақталып қалары сөзсіз. Өмірін серуенге емес, керуенге теңеп, қазақ əдебиетінің игілікті дамуына бар күшін сала еңбек еткен абзал азаматымыздың арамыздан алыстап кеткені əрине, өкінішті! Бірақ, амал нешік! Əр дəуірде өзіндік қолтаңбаларымен бедерін қалдырған қазақ тарихындағы төрелік билерімен есте қалған Төле, Қазыбек, Əйтеке билер сынды тұлғаларымыз да, үш жүздің басын қосқан Абылай ханымыз да, қазағының ертеңін ойлап еңіреп кеткен Ахмет, Мағжан, Сəкен ағаларымыз да уақыт кеңістігінде тасаланып кете бергендері белгілі. Тағдыр шіркінге дауа бар ма?! Əдебиеттің проза саласындағы адам жанына жақын туындылары қалған Баққожа ағамыздың жатқан жері жайлы болып, артындағы ұрпағы аман болсын! Б.Мұқайдың рухы қазақ əдебиетінің классикалық тұрғыдан дамып, көркеюіне ықпалын тигізсін демекпін!

Summary

Статья посвящена прозаику казахской литературы Б.Мукайе, воспитательной роли его творчества.

Резюме

The article is devoted to the prose writer of Kazakh literature B. Mukaye, the educational role of his career.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *