ƏЛ-ФАРАБИДІҢ ОҚУШЫ-ЖАСТАР АҚЫЛ-ПАРАСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯСЫ – ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

ƏЛ-ФАРАБИДІҢ ОҚУШЫ-ЖАСТАР АҚЫЛ-ПАРАСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯСЫ – ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Елімізде ұлттық тəлім-тəрбиенің стратегиялық даму бағыты Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы Заңы, Тұңғыш Президентіміздің халқына əр жылдағы Жолдаулары мен «Қазақстан – 2030» бағдарламасында нақтыланған. Аталған құжаттардың негізінде жас ұрпаққа білім мен тəрбие берудің тұжырымдамаларында көрсетілгендей алдына қойған мақсаты – қоғамның барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-əрекетке қабілетті, еркін тұлға тəрбиелеу.

Қазіргі кезде оқушы-жастарға ұлттық білім мен тəрбие беруге қоғамның ынтызарлығы мен өз Отанына деген сүйіспеншілік көлемі арта түсуде. Оған дəлел Республикамыздағы қазақ мектептерінде мемлекет  құраушы халықтың 67%-ның балалары қазақша оқиды. Соның негізінде елімізде білімі мен тəрбиенің өзінің даму тарихы, руханимəдени дəстүрлерге, жергілікті халықтың тарихи-мəдени тəжірибесіне негізделіп жас ұрпақтың санасына ұлттық руханиадамгершілік қасиеттерді қалыптастыру барысында Отан, отбасы, ана тілі, туған жер табиғаты, халқы, оның тарихы, діні, мəдениеті т.б. ұғымдарды сіңдіруге бет- бұрыс жасай бастады.

Осы орайда айта кету керек, Кеңес Одағы кезінде жастарды жалпыадамзаттық, интернационалдық  құндылықтарға баулу барысында, олардың мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарында өз ұлттық тағылымына, яғни тілі мен мəдениетіне немқұрайлықпен қарау көзқарастарын қалыптастыруға бейімдеді. Сол себептен де жастардың арасында рухани азғындау көзге көріне бастады. Қой аузынан шөп алмайтын  ұяты мол ел арасында құқық нормаларын ұстамайтын, басбұзар, арақшарапқа əуестік, анаша тарту сияқты, ұсқынсыз, жағымсыз  əдеттерге  кейбір жастар бой алдырған болатын.

Ендігі кезекте елбасшымыз Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстанның ХХІ ғасырындағы басты даму бағдарын белгілеген  стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше назар аударған. Ол құжатта: «Адамдардың ой-санасын бір сəтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді. Бірақ, мемлекет өзгерістер үдерісінде объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен жəне де бастысы өзіндік молшылыққа бағытталған əлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы  қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болды»  деген тұжырымы гуманитарлық ғылымдарға, оның ішіндегі психология, педагогика салаларына теориялық-əдіснамалық негіз болып отыр. Екіншіден, əр халықтың өзіндік ұлттық тəлім-тəрбиесі болатындығы заңдылық. Егеменді мемлекетіміздің  жас ұрпақтың ұлттық  сана-сезімдерін, əдетғұрыптарын ықылым замандардан бүгінгі күнге дейінгі ата-бабалар салт-дəстүрімен сабақтастыра тəрбиелеу – қазіргі күннің ең өзекті мəселесі.

Осы тұрғыдан біздер ұлы бабамыз, қазақ даласының перзенті  Əбу Насыр əл-Фараби (870-950 жж.) ғұлама ғалым, ойшыл, философ, шығыс елдерінде тұңғыш педагогикалық жүйе жасаған ағартушы, оқымысты, өзінің көптеген елдерге танылған педагогикалық еңбектерінде тұлғаны тəрбиелеу туралы, оған қойылатын талаптар жайында өте құнды пікір, ойларын қалдырған болатын. Ғұламаның педагогикалық ойларының ішіндегі ұлттық тəрбиеге байланысты идеясын талдауды жөн көрдік. Əр ұлттың ғалымдары Əбу Насырдың өмірі мен шығармаларын орта ғасырдың өзінде зерттей бастаған, олардың қатарында араб жəне парсы тілдерінде жазған Ан-Надим (X ғ), Əл-Байваки (X ғ), Ибн Саид əл-Кифти (XIII ғ), Хаджи Халифа (1657 ж.), латын тілінде жазған Венике (1484 ж), Камерариус (1688 ж.) тағы басқаларды жатқызамыз. Ол шығармаларын араб тілінде жазып, олар сол кезде Мысыр, Шам, Бағдад, Басра, Куфа қалаларында өнердің үлкен орталықтарында жарияланып, халыққа таныс болған.

 
   


Əл-Фарабидің педагогикалық идеялары ертедегі түркілердің педагогикалық ой-пікірлері, алғашқы педагогикалық ескерткіштері тікелей халық өмірінің, халықтық педагогика мəдениетінің ықпалымен пайда болғанын көрсетеді. Ғылымның көрнекті өкілдері, орта ғасыр мəдениет қайраткерлері – жерлестеріміз жинақтаған аса бай тəрбие тəжірибесін есепке алмауы мүмкін емес болатын. Орта Азия ойшылдары «Əл-Фараби трактаттарынан» бастап, «Түркі тіліндегі Гүлістанға» дейінгі педагогикалық ой-даналығына үздіксіз назар аудару байқалады. Бұл өзара байланыс X-ХІҮ ғ.ғ. шығармаларының маңызды белгілері болып табылады. Осы орайда, əлФарабидің философиялық, əлеуметтік ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дəуірдегі ойшыл философтар мен қаламгерлердің шығармаларынан өзінің дəстүрлі жалғасын тапты. Мəселен, əл-Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуальды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «əрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Əл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді. Əл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымы одан əрі шəкірттері арқылы жалғасын тапқан.

Ғұлама  ғалым əл-Фараби өзінің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету жолдары», «Музыканың ұлы кітабы» т.б. трактаттарының басым көпшілігі халықты, жас ұрпақты тəрбиелеу, білім беру, ағарту мəселелеріне арналған. Əл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары, оның шығармалары Шығыс, Европа педагогикасына ықпалы өте зор болған.

Платон мен Аристотельдің философиялық тұжырымдарынан педагогикалық идеяларды шығарып алуға болатын сияқты, əл-Фарабидің философиялық ойларынан педагогикалық əдіснамаларды жəне теорияларды іріктеп алуға болады. Оның тұжырымдамалық ойларына байланысты педагогикалық идеялары азаматтық гуманистік немесе саяси философияның құрамына енетін ғылым деп айтуға болады.

Əл-Фарабидың пікірінше педагогика ғылымы болашақ жас ұрпақтың ерік-күйін, ниетін белгілі бағытқа бағыттап, əр жақты тəрбие құралдары мен əдістері арқылы басқарып отыру, өзін-өзі тəрбиелеуге ниеттендіретін басқару өнері деп санаған. Ал, басқарушы адам-педагог, ұстаз, тəлімгер деген ұғымдарды əл-Фарабидің педагогикалық жүйесіндегі басты ұстанар тетігі – философиялық-этикалық категориясын құрайды. Бұл категория əрбір толық адамды бақытқа жеткізетін, оның мəні-мағынасын ашатын мұраты. Бақытқа жетудің негізі – философия, яғни ғылыми білімдер арқылы дүниедегі əдемілікті, адалдықты, тазалықты, мейірімділікті, қанағат тұту, мұратқа талпыну, қиыншылықты жеңе білу, ақылойын жетілдіру, əрбір іс-əрекетті жүректе ұялату, дамыту əрекеттері жатады. Осы пікірді əл-Фарабидің сөзімен айтқанда: «Біз бақытқа тек əдемілік пен тазалықты бойға сіңіру арқылы жетеміз, ал ондай кемел тазалық пен əдемілік философия өнері арқылы келетіндіктен біз бақытқа нақ философия негізінде ғана жетеміз» деп түйіндейді.

Əл-Фарабидің философиялық жүйесінде тəрбие мен тəлім, білім мəселелері бір-бірімен диалектикалық бірлікте болғандығын байқаймыз. Өйткені, философия нағыз білімпаздың, өнерпаздың жəне кемеңгерліктің жиынтығы, сондықтан барлық ғылым, білім, өнердің жеткен жетістіктері философия ұғымына, мазмұнына жатқызылады.

Мəселен, əл-Фараби  де Аристотель сияқты адамды қоғамдық жан деп есептеген, өзінің этикалық, педагогикалық жəне гуманистік көзқарастарында аталған қағиданы əдіснамалық негіз ретінде дəлелдеген.

Əл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында адамдардың бір-бірімен өзара бірлестікте болып, өзара көмектесіп қол ұштарын берсе, бірлесіп еңбек етіп жеткен жетістіктерінің жемісін бөліссе, толыққанды адамдардың нобайы шығып, олар өздерінің балаларын кең бақыттылыққа тəрбиелеген болар еді. Міне, сондықтан бір-біріне көмек беріп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нəрселердің бір бөлігін тауып беріп ортақтасатын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дəрежесіне жете алады» деген пікір қосады.

Қоғамды кемелдендіру – бақытқа жетудің алғашқы басты шарты, тек кемелденген қоғамда ғана адам ғылым, философия, тəрбие арқылы кемелдікке жете алады. Педагогикалық қағида тұрғысынан адамды бақытқа жеткізетін негізгі құрал мінезқұлық пен ақыл-парасат, адамгершілік пен интелектуалдық күш-қуат тəрбиенің мəнмағынасын құрайды. Əл-Фарабидің пікірі бойынша «Біз жақсы мінез-құлық пен ақыл-парасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз. Бұл екеуі бар кезде, бірлікте болғанда ғана біздің іс-əрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біздер шын мəнінде қадірменді, қайырымды, инабатты адам боламыз» деп санаған.

Əл-Фарабидің педагогикалық идеясының маңыздылығы – адамның еркі мен талап-тілегінің сипатына мəн береді. Оларға тиісті жағдай туғанда адамның жақсы қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туып, мақсаты мен іс-жүзіне асырудың құралдарын ұстаздарының басшылығымен сұрыптап алып өзінөзі тəрбиелеуге бағдар алады. Осындай адамгершілікті сипаттарды тəрбиелеу кездейсоқтықтан келмейді, қайта саналы түрде таңдап алған бағыт-бағдарлары жаттығу, машықтану, күнделікті əдеттерін жетілдіру қажеттіліктеріне байланысты болмақ.

Ерік пен тілек адамның сезімталдығымен, рухани қажеттіліктерді таңдай білумен мінезделіп, ерік-күшімен күнделікті тəрбиемен келетін сапақасиеттер біртіндеп мінез-құлықтарына сіңісіп, болашақ адамгершілік белгісіне айналады.

Əл-Фараби өзінің саяси-педагогикалық трактаттарында адамдардың, қала тұрғындарының мінез-құлықтары мен ақыл парасаттарын тəрбиелеуде қайырымды қала, мемлекеттерге, олардың басшыларына барген кеңесінде: «Тұрғындар бір-бірімен шынайы көмекке бірігіп, шынайы бақытқа жетуді көздегенде қала қайырымды қала, халқы қайырымды адамдар болғанда ғана, олар бақытқа жетеді. Егер дəл осылай бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне қалтқысыз көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды мекен болар еді» деген ой тербетеді. Негізінен, əл-Фараби адамзатты болашақ бақытқа жеткізудегі оның ұстаған ұстанымы – халықтар достығы, бейбітшілік қатынаста өмір сүру, адамдарды бірбірімен байланыстыратын дəнекерлік тұтқа – адамгершілік құндылықтар. Сондықтан, адамдар өзара тату-тəтті бейбітшілік рухта тəрбиеленгенде ғана бақытты болатындығын айтқан.

Əл-Фараби педагогиканың мақсат, мұраты жайлы ұсынған гумандық идеясының мəні зор. «Біздің міндет, мақсатымыз – бақытты, толық толысқан адамды тəрбиелеу. Бақыт адамның материалдық жəне рухани игіліктерді өзіндік мақсатқа тұтыну ғана емес жəне тек өзіне ғана тəн өмір рақатын көруде емес. Əрбір тұлғаның бақыты жəне мұраты – жаңа өмірдің күйбең тіршілігінде өз орнын табу жолында жасампаз рухани күш-қуаттарын бір арнаға тоғыстырып жетістіктерге жете білуін толықтай жобалай білуінде, соны іске асыруда сезімталдық пен қажеттілігіне сенім білдіріп, өзін-өзі ұйымдастыра білуі тиіс» деген. Ғұлама ойшыл философиялық ой-толғамында əрбір адамға өзінше жеке-жеке бақытқа жеткізетін жолдарды іздестіреді. Бұл жолдардың тоғысқан түйісі ретінде ол толық құнды теориялық білім мен қастерлі адамгершілік, олар əрбір жас ұрпақтың бейім-қабілеттеріне қарай жан-жақты гармониялық тұрғыдан қалыптасып дамуын ойластырады. ƏлФараби оның басты жолы белгілі бір жобамен жүйелі жүргізілетін тəрбиелеу мен оқыту деп дəлелдейді.

 
   


Сонымен, əл-Фарабидің философиясындағы педагогикалық идеяларының ұстаған ұстанымыкемелденген тəлім-тəрбиелі, білімпарасатты зиялы адамның идеялық үлгісін жасағандығын белгілі педагог А.Көбесов «Əл-Фарабидің ашылмаған əлемі» деген оқу құралында дəл көрсете білген. ƏлФараби мемлекет басшысының «Сегіз қырлы бір сырлы» болудың шарттарын анықтап, əрқайсысына жеке-жеке сипаттама берген. Мысалы, ол табиғи бейімқабілеті бар жасөспірім өсе келе кемеңгер əмірші болуы үшін жəне өкіметті басқара білуі үшін, жас кезінен қалай тəрбиелеу керектігін азаматтық философияны негізге алатын педагогиканың басты міндеті деп санаған.  Табиғи қабілеті бар баланың туа біткен жəне балалық шағынан бастап ақылмен тəрбиеленген, жоспарлы мақсатпен дамытатын он екі қасиеттерді саралайды.

Ғұламаның тұжырымдық қағидаларында: «Ешқандай жанға бағынбайтын басшы адам, өзінің бойында туа біткен он екі қасиеттерді дамыта тəрбиелеп отыра, оларды бір-бірімен ұштастырып жетілдіріп отыруы тиіс. Біріншіден, адамның əрбір ағзалары салауатты мінсіз болып, əрқайсысы өз қызметтерін жақсы атқарып, əр жағдайлар туғанда тез бейімделгіш болуы тиіс. Сонда ғана ол адам бір іс атқармақ болса, бір мүшесінің жəрдемімен істі тез арада атқарып тастайды. Екіншіден, əмір табиғи туа біткен қасиетіне қарай өзіне жүктелген міндеттерді түсініп, тыңдаған ақылкеңестерді ұғына білетін əрбір ойды есіне ұстап, қажетті сəтте пайдалана білетін жəне істің жай-жапсарын түсініп орынды тапсырмалар бере білетін: өзі түсінген, көрген, білген, естіген жəне аңғарған нəрселер мен əрекеттерді есіне сақтап, дер кезінде іске қосатын аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт. Үшіншіден, алғыр ойлы, өткір сөз иесі жəне ойындағы түйген пікірін анық айта білетін тілмар, шешен адам болуы шарт. Төртіншіден, өнер-білімге құмар, ақыл-ойын ұштап отыратын көреген, алыстан ойлайтын, əрбір істің шешімін таба білетін, ішіпжемге, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға қанағат тұтатын, жаратылысынан ойынсауыққа құмар емес, нəпсі-лəззатқа жирене қарайтын адам болуы шарт. Бесіншіден, қанағат танытатын шындық пен шыншыл, адамдарды қолдап, өтірікшіл, су жұқпас суайттарды жек көру қажет. Алтыншыдан, жаны асқақ жəне ар-намысын жоғары қоятын адам болуы шарт. Жетіншіден, оның жан-дүниесі пасық істердің барлығынан жоғары тұрып, тумасынан игі істерге ынтазарлық көрсетіп, тиянақты орындап отыруы шарт. Сегізіншіден, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің көз қызықтырар нəрселеріне (атрибуттарына) жиіркенішпен қарау шарт. Тоғызыншыдан, тумасынан əділеттілік пен əділеттілерді қолдап, əділетсіздік пен озбырлықты жəне бұл қасиеттердің иелерін жек көріп, жақындарына да, жат адамдарға да əділ болып, жұртты əділдікке баулап əділетсіздіктен зардап шеккен адамдарға көмектесіп, жұрттың барлығына өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы шарт. Оныншыдан, əділ бола отыра қыңырлық көрсетпеу, əділеттілік алдында теріс, қияс мінез жасап қарыспау керек, бірақ əділетсіздік пен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болу шарт. Он біріншіден, мемлекет басшысы өзі қажет деп тапқан жағдайда бастамақ ісін жүзеге асырғанша шешімпаздық көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы тиіс. Он екіншіден, дін қандай сенімді, көзқарасты қуаттамасын оның негізгі нысанасы, мақсаты адамды шынайы бақытқа жеткізу жолына қызмет жасауы шарт» — деп, мемлекет əміршісінің мінез-құлқындағы адамгершілікті құндылықтарға мінездеме берген. Аталып өткен адамгершілік қасиеттердің барлығы бір адамның бойынан табылуы тиіс. Бірақ жаратылысынан осындай қасиеттер дарыған адамдарды өте сирек кездестіреміз. Əл-Фарабидің нақтылай айтпақшы ойы: қайырымды қаладан сегіз қырлы, бір сырлы кемел адам табылса жəне оның мінез-құлқында жоғарыда аталып өткен шарттардың алғашқы алтауы немесе бесеуі болса, онда қиялдану қабілеті жағынан алдына жан салдырмаса, ол осы қаланың (мемлекеттің) адамдарын бақытқа жеткізетін айбынды басшысы болмақ…» деген философиялық, этикалық, педагогикалық жағынан мəні зор адамгершілік қасиеттердің мазмұнын ашып береді.

Əл-Фарабидің педагогикалық идеялары жастарға оқыту мен тəрбие беруде ерекше мазмұндылығымен, біртұтас байланыстылығымен сипатталынады. «Оқыту арқылы адамдар мен халықтарға теориялық жəне практикалық білімдер беріп қайырымдылыққа, қанағаттылыққа бағыттап отыру əдіс-тəсілдерімен іс жүзіне асырамыз. Оқыту, сөйлесу, əңгімелесу халықты белгілі іс-əрекеттер арқылы əдет-дағдыларын қалыптастырамыз» деген ойын жазады.

Əл-Фарабидің топшылауынша оқуфилософияның негіздерін, теориялық білімдерді еркін меңгеру, əлеуметтіксаяси көзқарастарын қалыптастыруға қызмет жасаса, ал тəрбие – ол ұстаздың, тəлімгердің адамның белгілі мақсатқа негізделген адамгершілік мінез-құлық, əдет-дағдыларын қалыптастыруға ниеттелген іс-əрекеттерін дамытады. Қайсыбір адам болмасын өзінің мінез-құлқына аса қадірлі абзал қасиеттерді қалыптастырсам екен деп қиялданады. Бірақ адам адамгершілік қасиеттердің түп-тамырына дейін сана-сезімі жетпеуі мүмкін немесе тəжірибесіздіктен арнаулы əдістəсілдермен, амалдармен дамыта алмауы ғажап емес. Сол себептен уақытын өткізіп алып, қажетсінген қасиеттерді тəрбиелей алмай, абзал адамгершілік қасиеттердің орнына жағымсыз пасық қылықтардың пайда болуы мүмкін. Сондықтан жас ұрпаққа дұрыс тəрбие беруде тəрбиелі ұстаздар мен тəлімгерлерді дайындауымыз қажет. Олар өз ісіне шын берілген адамдар болса, жастарды тəрбиелеуде көп нəтижелерге жеткен болар едік. Əрбір дара адамдардың (индивид) түрліше қасиеттері болмақ. Бақытты қалыптасыруға байланысты, оның бойындағы нышандарды танып-білу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Бұл үшін кемел ұстаз жəне

ақылгөй тəрбиеші керек. Адамдардың мінез-құлқы əр түрлі болғандықтан, бір адамға шамалы ғана ықпал жасап, өзінің жүріс-тұрысын бағдарлап басшылық алуына көмек берілгенде өз жеке басын алып жүре алады. Басқа бір адамдар ұзақ басшылықты қажет тұтады. Бірақ екеуіне де кейде орынды бағыт-бағдарын бағдарлап басшылық жасағанымен ұзақ мерзімге дейін сырттай итермелеп жаңа іс-əрекеттерге қажеттіліктерін жандандырып отыру керек. Өйткені, жақсы тəрбиеге үйреткенімен жəне берілген ақылкеңестің барлығын орындай бермейді. Бұл адамдардың көпшіліктеріне тəн нəрсе. Сондықтан, адамдар осылардың бəрін үйрететін, басшылық жасайтын, адамның жан дүниесін түсінетін тəрбиеші ұстаздарға зəруміз» деген пікір қосады.

Əл-Фараби жастарды тəрбиелеуде бірінші орынға мінез-құлық тəрбиесін қойып, ол адамдарды шынайы бақытқа жеткізетін педагогикалық категория ретінде мінездеме берген. Ғұлама кең мағынадағы тəрбие ауқымына еңбек, дене, эстетика, ақыл-ой, гуманистік елжандылық, рухани, адамгершілік т.б. тəлім-тəрбиенің түрлерін жатқызады. Осы тəрбие жүйелері кемелденген адамдарды қалыптастыруға тірек болатындығына назар аударған.

Ғұлама адамның мінез-құлқын тəрбиелеудің əдіс-тəсілдерін, құралдарын белгілеуде Аристотельдің тұжырымдамасын басшылыққа алған. Мысалы, ол адамдағы жастайынан қалыптасқан мінез-құлық қасиеттері туғаннан берілген нышан емес, қайта күнделікті жаттығудан, əдеттенуден, машықтанудан тəрбиеленген нəтиже деген қағиданы ұстанып, бұл педагогикалық идеяны одан əрі дамытты.

Бабамыз адамдағы жақсы мінезқұлықтарды қалыптастыруға жəне өзінөзі, одан əрі жетілдіруде ерік-күйіне, қайрат-жігеріне көп мəн берген. Өйткені, сезім мен рухани қажеттілік пен парасат, мұқтаждықтар бірлікте болмай бір-біріне қарама-қайшылықта болса, мəселелерді шешудің басты жолы-сана арқылы, яғни ерік жəне ақылының бірлігінде белгілі бір қорытынды шешімге келуге итермелейді. Мұндай жақсы ниет, атқарылған оңды іс-шаралар келе-келе адамның əдетдағдысына, іргелі қасиетіне айналып, адам жан-жақты тəрбиесі жақсы мінез-құлықты жан деп айтуға себепші болады.

Əл-Фарабидің жоғарыда айтылғандай педагогикалық идеяларының түйіндей нəрі, оның «Бақытқа жету жолдарында» айтылғандай: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші, бұлар адамшылық қасиеттер болып саналады. Екеуі де бірдей бір адамның бойынан табылса, оның əрбір іс-əрекетінен, айналысындағы адамдармен қарым-қатынасынан абзалдықты, кемелдікті көреміз. Осы екі қасиеттің арқасында ізгілікті жəне қайырымды адам болып, оның өмірі қызықты, қайырымды, еңбексүйгіштік мінез-құлқы адамдар арасында құрметке бөленіп отырады…», – деп қорытындылайды.

Аталған трактатында ғұлама мінезқұлықтағы кемшіліктерді жөнге салу əдісінің мəн-мағынасын ашады. Адамгершілікті мінез-құлық əр адамның адами іс-əрекеті мен жүріс-тұрыстарының белгілі талаптан аспай, шама-шарқынша орындалып жатады. «Жаман мінез-құлық рухани кесел. Бұл кеселді жоюдың жолы тəн кеселін емдеген сияқты дəрігердің тəсіліне жүгінген жөн. Ең алдымен, бойымыздағы жаман мінез-құлықты зерттеп, себеп-салдарын білуіміз тиіс. Содан кейін, жоспарлы ұйымдастырылған тəрбие арқылы теріс мінез-құлықты жоюдың əдіс-тəсілдерімен адамды қаруландыру керек. Адам бойындағы жаман қылықты қайта тəрбиелеуде өзін қатыстырылып, əдеттенуге ынталандырып басшылық жасау қажет».

Əл-Фарабидің «бақытқа жету жолы» атты трактатында жасөспірімдерді қайырымдылыққа, қанағаттылыққа, жомарттылыққа, батырлыққа, шешендікке, достыққа т.б. сияқты қасиеттерге тəрбиелеу жолын айтады. Мəселен, тапқан қаражатыңды үнемдей білу, орынды жұмсау жомарттылыққа апарады. Шектен тыс үнемшіл болу, ақшаны кем жұмсау сараңдыққа бейімдейді.

Достық қарым-қатынас адамгершілік қасиет, басқа адаммен əңгімелесу, сырласу, мінез-құлқын     түзеуде адамға лəззат əкеледі, ал достыққа тарлық жасау — тəкəппарлыққа əкеледі. Ғұламаның фи ло с о фи я л ы қ- пед а г ог и к а л ы қ шығармаларында əдемілік, əсемдік пен үйлесімдік, гармония сезімдерін тəрбиелеуге    ерекше мəн берген. Сондықтан, оның жастарға музыкалық білім беру, тəрбие туралы айтқан ойпікірлері, түйіндеген қорытындылары «Музыканың ұлы кітабында» жинақталған. Əл-Фараби жастарға эстетикалық тəрбие беруде поэзия, бейнелеу өнері, мəнерлеп оқу, жазу, арқылы оларды көркемдікке баулиды. «Көркем жазу, жазудың кемелділігінің жемісі, ал адам бұл əрекетті кемел меңгеріп, оны мағынасына сай орындай алатын əдетке жеткенде ғана жүзеге асады» деген.

Əл-Фарабидің пікірі бойынша тəрбиеші жəне тəрбиеленушінің денсаулығы мықты болуын қадағалап отыру керек. Өйткені, кісіні жан-жақты қалыптастыруда дене тəрбиесі негізгі фактор болып саналады. «Адам тəнінің кемелдігі – ол денсаулық, егер денсаулық болмаса, оны жетілдіріп, емделу қажет. Ал егер денсаулық болса, оны сақтай білу парыз». Еңбек, еңбексүйгіштік тек өзінен-өзі келмейді, тынымсыз еңбек жасау керек, ол бақытқа əкелетін ізгі қасиет, мысалы «байсалды, бірқалыпты еңбек адамға нəр беріп, күшқуатын арттырады» деп жазды.

Ұлы Даладағы біздің даңқты атабабаларымыздың бойында асқақ рух, мызғымас бірлік, қоршаған ортаға тез бейімделгіш, алғырлық қасиеттер. Сол замандардан сақталған деректерге сүйене отырып Абай  атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде гуманитарлық пəндерді оқыту үдерісінде жəне тəрбие жұмыстарында болашақ педагогтарға ұлттық намыс, ар-ұят, жауапкершілік, сөзде тұру, адалдық, əдептілік, ізеттілік т.б. адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға барлық мүмкіндіктерін жұмылдыруға кірісті.

      Сонымен, педагогикалық

университеттегі студенттердің санасезімдерін оятудағы ұлттық білім мен тəрбие беруде қазіргі  кезде алдына қойған басты мақсатты – ерікті, шығармашыл, белсенді, өзін-өзі дамытатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ұлттық тəрбие бағдарламасының алдына қойған негізгі міндет – болашақ ұстаздардың тарихи-мəдени  мұраларға танымдық қызығушылықтарын арттырып, олардың саналары мен мінезқұлықтарына жалпыадамзаттық рухани құндылықтар мен ұлттық тəлім-тəрбиенің құндылықтарын қалыптастыруға ерекше назар аудару. Екінші бір міндеті – əрбір болашақ мамандардың жаңаша ойлау əдет-дағдыларын қалыптастыру. Соның ішінде жеке тұлға мəдениеті, яғни болашақ ұстаздардың өзара қарым-қатынастар жəне ұлтаралық қатынастар мəдениеттерін дамыту. Үшінші міндет – студенттерді дүниежүзілік классикалық педагогикалық ой-пікірлері жəне идеяларымен таныстырып, олардың жас ұрпақты тəрбиелеуде халықтардың тəрбиелеу, оқыту жəне білім беру мəселелеріне қосқан үлестеріне, жетістіктеріне жан-жақты талдау жүргізіп таныстыру. Төртінші  міндет – болашақ мамандардың намыс, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, сөзде тұру, бейім-қабілет, елжандылық сана-сезімдерін дамытып, басқа ұлт, ұлыстармен достық қарымқатынаста болуға тəрбиелеу.

Педагогикалық университетте жаңадан ашылған «Ұлттық тəрбие» кафедрасында  ұлттық тəрбиенің мазмұндарын  ұйымдастырып жүргізудің тұжырымдамалық негізі болып жеке тұлғаның:

  • ұлттық сана-сезім, мақтанышын қалыптастыру, рухани мəдениетін көтеру;
  • азаматтылығын жəне ұлтжандылығын, өз Отанына, мемлекеттік символдар мен ұлттық дəстүрлерге сыйластығын тəрбиелеу;
  • рухани, шығармашылық, адамгершілік қатынастарын дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;

–республиканың əлеуметтікэкономикалық, саяси-мəдени өміріне қатысуын қамтамасыз ету;

  • республикадағы əрбір ұлт өкілдерінің өсіп-өркендеуіне жағдайлар жасау т.б. саналады.

Ұлтымызды ғұмыр бойы тұтастандырып келген, болашаққа топтасқан күйінде қалпын сақтап, жаугершілік заманда қиынқыстауда ұжымдасып тілін, жерін, суын жəне Отанын сақтауға тұғырлық негіз болған ұлы тұғырдың бірі – ана тіліміз. Ана тілі жастардың рухани байлықтарын мінез-құлықтарында, жүріс-тұрыстарында өздіктерінен тəрбиелеп білуге себепші болатын басты фактор. Сондықтан, бүгінгі таңда ана тілін білу əрбір қазақтың парасаттылық жəне ұлттық қажеттілігіне айналып келеді жəне соған  мемлекет тарапынан қазақ тілін дамытуға жағдай жасауда. Ол қадірменді шараларды іс жүзінде асыруда Республикамыздағы жоғары оқу орындары атсалысуда. Ана тілін дамытуға педагогикалық университетте барлық мүмкіндік жасалуда, іс-қағаздар, құжаттар ды қазақ тілінде дайындауда.

Ұлттық тұтастығымызды, өзіндік болмыс-бітімімізді  сақтаудың тағы бір тұғыры – ұлттық тарихы жəне қазақ халқының мəдениеті, еліміздегі бүкіл мəдениеттерді біріктіруші міндетін атқаруда. Қазақ мəдениетіне күмəнмен қарайтын зерттеушілер баршылық. Олардың күмəндерін сейілтетін ұйымшылдықпен атқарылып жатқан «Мəдени мұра» бағдарламасының атқарар жүгі зор. Соның ішінде қазақ эпостары, өнер, сəндік қолданбалы өнер, ұлттық музыка, би т.б. мəдени салалардың жиынтығы жастардың  рухани-адамгершілік қасиеттері мен бейім-қабілеттерін қалыптастыруға  себепші болатын ұлттық тəрбие мазмұндарының мүмкіндіктері ерекше. Біздер философия, көрсем-сурет факультеттердің оқытушы-профессорлар құрамына болашақ мамандардың бойларына ұлттық мəдениетті тəрбиелеуге жұмылдыруға тапсырма беріп отырмыз. Сонда ғана, біздер жаһандану  заманында əлемдік қауымдастық құрамындағы өзіндік болмыс бітімімізді, төл дүниетанымымызды сақтап қаламыз.

Болашақ мамандардың руханиадамгершілік құндылықтарын

тəрбиелеудегі іргелі тұғыр – ұлттық салтдəстүр. Өмір-салты дегеніміз – əрбір қоғамның əлеуметтік топтардың белгілі бір өмір сүру, табиғи ұлттық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ұғым қоғамның, оның топтарының өздеріне тəн жұмысы, тұрмыс жағдайы, мəдениетінің дамуы, қызметі, отбасындағы жəне тұрмыстағы қарымқатынас ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ұғым қоғамның, оның топтарының өздеріне тəн жұмысы, тұрмыс жағдайы, мəдениетінің дамуы, қызметі, отбасындағы жəне тұрмыстағы қарым-қатынас ерекшеліктері, болашақ мамандардың бірлік  формалары, материалдық жəне рухани байлығы, бос уақытын нəтижелі пайдалану іс-əрекеттерінен  тұрады.

Болашақ мамандардың өзін-өзі тəрбиелеуде ерекше орын алатын тұғыр өзін-өзі тану (əдептану). Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын тəрбиелеуге өзара жеке тұлғаның түсіністік сана-сезімдерін қалыптастыруда адамдар арасындағы қатынастар ізгілікті бір-бірін сыйлау құрметтеріне ие болады. Себебі, интеллектуалдық биік шындарын игеру өзін-өзі танудың, əлем мен адамға деген өзіндік көзқарасты қалыптастырудың шарты болып табылады. Өзіндік ой қисыны, фактілер мен құбылыстардан ой қорытындысын жасай білуге дағдыландырып, дербес өзінше еркін жұмыс істеу қажеттілігін тудырып отыр. Адам мəдениет əлемімен сұхбатқа түсу  үдерісінде өзгелердің пікірлерін өзінше игеріп қана қоймай, сонымен бірге өз көзқарастарын да білдіреді. Бұл оның өзін-өзі тұлға ретінде қайта өзгертуге, өзгелерді де өзгертуге ықпал жасайды.

:

1.        Оқушыларға жалпыадамзаттық жəне ұлттық тəрбие берудің моделі. – Алматы, 2003.

2.        Волков Г.Н. «Этнопедагогика». – Москва, 1999.

3.        Жарықбаев Қ.Б. «Этнопедагогикалық – ұлт тəрбиесінің өзегі». – Алматы, 2005.

4.        Ғаббасов С. «Халық педагогикасының негіздері». – Алматы, 1995.

5.        Пірəлиев С.Ж., Керімов К.Л. «Таным жəне студент». – Алматы, 2007.

Резюме

  В статье расматривается проблема формирование духовно-нравственных  чувств у  молодого поколения средствами ноционального воспитания.

                                           

Summary

This article is considered the problem of forming the esthetic sense in the young  generation with the help of the national education.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *