Әбдіхасан Рудаки
Парсы поэзиясының алыптары – ортағасырларды өмір сүрген ұлы ақындар Рудаки, Хаям, Руми, Сағди, Хафиз, Жәмилер.
Әбдіхасан Рудаки қазіргі Тәжік ССР-і Пәнджрудак қыстығында 860жылдар шамасында туған, 941 жылы сол жерде қайтыс болған. Ұлы ақын өз заманында жақсы білім алған, араб тілін білген. 40 жылдан астам уақыт Бұхарадағы Саманид әмірлерінің сарайында бас ақын боп тұрған. өмірінің соңғы кезінде қуғынға ұшыраған.
Парсы поэзиясының атасы атанған ұлы Рудакидың аса мол мұрасынан бізге тек 2000 жылдай өлеңі ғана жеткен.
Омар Хаям 1040 жылдар шамасында Нишапурда туып, 1123 жылы сонда қайтыс болған. Балалық шағын Балхта өткізген. Ірі математик, философ Омар Хаям ұлы ақын ретінде тамаша рубайларымен танылған (325).
Жәлаләддин Руми 1207 жылы Балхта туып, 1273 жылы қәзіргі Түркия жеріндегі Коньяда қайтыс болған. Ұлы ақын Нишапур, Бағдад, Дамаск, Аллепода тұрған. Руми көптеген ғәзалдар, лирикалық өлеңдер, Мәснәуи атты дастан және де басқа шығармалар жазған.
Муслихеддин Сағди 1203-1210 жылдар шамасында Ширазада туып, 1292 жылы сонда қайтыс болған. Бағдаттағы жоғары діни академия «Низамейеде» оқыған. Ол жиырма жылдан астам уақыт Шығыс елдерін аралаған. Ұлы ақын «Бустан», «Гүлстан» кітаптарын және көптеген , ғәзалдар жазған.
Шәмсәддин Мұхаммад Хафиз 1325-1326 жылдар шамасында Ширазда туып, 1389 жылы сонда қайтыс болған. Өлеңді жастайынан жаза бастаған. Оның тамаша ғәзалдары классикалық парсы поэзиясының інжу-маржанынан саналады.
Әбдірахман Жәми 1414 жылы Жамда (Харасанда) туып, 1492 жылы Гератта қайтыс болған. Ақын, философ, музыкатанушы, филолог Жәми жүзден астам еңбек жазған, соның ішінде үш ғәзалдар кітабын, жеті жастан және де басқа өлеңдер жазған (Махаббат туралы )
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ауданбек Көбесов «Шығыс жұлдыздары».
- Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998