Ғылыми – гуманитарлық баспасөз
Кез келген ғылыми проблеманы шешерде ең алдымен осы проблема бойынша дүние жүзінің бірқатар елдерінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесімен танысу керек, былайша айтқанда, қажетті ғылыми немесе гуманитарлық информацияларды іздестіру мәселесі қойылады. Зерттеуші – филологтың жұмыс уақытының балансын статистикалық зерттеу оның қажетті ғылыми информацияны іздеп табуға жұмыс уақытының 30-60 процентіне дейін жұмсайтындығын көрсетеді. Бірақ әрбір ғылыми қызметтер өзі көңіл бөлетін мәселе бойынша шығып жатқан әдебиетті үнемі қадағалап отыруға тиіс. Ал шығып жатқан әдебиеттің, яғни информацияның саны үздіксіз және өте шапшаң өсіп келеді және өсе береді. Енді не істеу керек? Демек, информация іздестіруді жаңа әдіспен қаруландыру талабы туындады. Осы мәселені шешу үшін әлемге жақын ақпарат таратушы «Интернет» дүниеге келді. Оны компьютерден хабары жоқ адам игере алмайды. Ғылымның басқа саларында да ғылыми жаңалықтарды жаңашылдандыру үшін информацияларды іздеуді автоматтандыру жөніндегі жұмыстар табысты жүргізілуде.
Адамның ой еңбегіндегі шаршап-шалдығуды білмейтін осы көмекшілер еңбек процесінде адаммен неғұрлым тығыз байланыста дамып, жетіле түсуде. Тіл – адамның неғұрлым қарым-қатынас жасауының басты құралы. Нақ сондықтан да адамның машиналармен жазу және ауызша сөйлесу арқылы байланыс жасауы осы жаңалықтардың бірі ғана. Программаны тікелей сөз формасында берілген бұйрық түрінде қабылдайтын эксперименттік қондырғылар да бар. Дауыс арқылы басқарылатын және адам дауысымен жауап беретін, яғни адаммен тілдесу арқылы қарым-қатынас жасайтын машина жасап шығарыуда.
Бұл – ой еңбегін автоматтандырудың тек алғашқы қадамдары ғана. Біз адам еңбегінің даму тарихындағы өзінің маңызы жағынан ең орасан зор процесті қолданудамыз. Адамдардың ой еңбегінің мазмұны мен сипатындағы оны механикаландыру мен автоматтандырудан туған өзгерістер мыналар:
Біріншіден, қызметкерден тіпті орта білімнің болуын да талап ететін аз мамандырылған ой еңбегінің бірте-бірте жойылуы.
Екіншіден, ой еңбегінің техникамен жарақтандырылуының артуы негізнде оның біршама қарапайым белгілі бір шаблон бойныша қайталанып отыратын және сонымен бірге еңбекті өте көп тілейтін операциялардан бірте-бірте құтылуы. Адам еңбегінің информация жинау, сақтау, өңдеу және талдау жөніндегі барған сайын өсе түсетін бөлігі бірте-бірте машиналарға берілді.
Үшіншіден, ой еңбегінің күрделілігінің артуы.
Төртіншіден, дамуының шегі жоқ нағыз творчестволық еңбек тек қана қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі адамға тән машина адам міндеттерінің тек кейбіреулерін ғана модельдендіреді, бірақ ол адамның табиғатқа өктемдігін күшейте отырып, оның міндеттерін мың мәрте арттыра алады. Техникаларды қолдану бүтіндей адамның және тұтас алғанда қоғамның интеллектуалық қуатын бірнеше рет көбейтеді, мұның өзі ой еңбегі қызметкерлерінің үлкен бір жаңа тобын пайдаланғанмен бірдей
Ұсынылатын әдебиеттер:
- «Жалын» журналы, 1994 №11,12
- «Заң» газеті 1994 ж, 14 декабрь
- Халифа Алтай «Таңдамалы хадистер аудармасы» 1994 ж
- «Жұлдыз», «Зерде» журналдары