«Зерде» журналындағы ғылым тақырыбы

 

«Зерде» журналындағы ғылым тақырыбы

Республикаға тарайтын «Зерде» журналы өзінің ұстанар бағыты жағынан ғылыми-көпшілік басылым болып табылады. Негізгі бұл журналдың шыққанына 40 жылдан аса уақыт болды. 1960 жылы «Білім және еңбек» деген атпен шыққан. Оған сол кезде редакторлық еткен белгілі публицист, шебер қаламгер Камал Смаилов.

1990 жылы басылым «Зерде» деген атпен шыға бастады. Қазіргі таңда бұл журнал көпшілікке танымал, мазмұны мен формасы жағынан бай, алдыңғы қатарлы басылымдардың біріне айналды. Қазіргі редакторы — Әшірбек Амангелді. Орынбасары – Шермат Ералы. Редакциясы Алматы қаласында орналасқан. «Курсив» баспаханасынан шығады. Таралымы – 3000 дана, айына 1 рет жарық көреді. Химия, астрология, тарих, техникалық ғылымдары бойынша әртүрлі ғылыми мәселелерді көтереді.

Ғылым, мирас, тарих, оқырман хаттары, ғарыш, жаңалық, естімеген елде көп сияқты айдарлары бар. Мысал келтіретін болсақ.  №1, 2004      «Көкейкесті мәселе» деген айдарында «Ауыл туралы ащы шындық» деген өте мазмұнды мақала жарық көрді. Оның авторы – Шәкәрім атындағы СМУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты былай жазады: «Ауыл шаруашылығы оқу орындарының саны күрт төмендеген  1990 жылмен салыстырғанда аграрлық саладағы кәсіптік техникалық оқу орындары 215-ен 95-ке дейін азайды. Олар дайындайтын мамандық саны 150-ден 43-ке дейін, оқушылар саны 10 мыңнан 1,6 мыңға дейін азайды. Қалпына келтіру үшін үкімет 3 жылда 150 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген».

Мақалада осы көкейкесті мәселе көтеріліп, оның себептері, салдарлары жан-жақты талдауға түсіп, ауыл шаруашылығы оқу орындарын дамытудың маңызы көрсетіледі. Сонымен қатар кәсіпкерлікке қатысты материалдар да басылады. Мұндай материалдарды оқырманның өзі де дайындай алады. Мысалы, кейбір оқырмандар өз тәжірибесімен бөлісіп, сұранысты қалай зерттеу, жоқтан бор жасау т.б. пайдалы кеңес береді.

Енді бір мақаланың авторы Құдайберген Өрісбаев оқырман қауымға лазердің ауыл шаруашылығына тигізер көмегі көп екендігін жеткізеді. Бұл мақалалардан ой түйгеніміз – лазермен өңделген егістің өнімділігі 20-30 % жоғарылайды. Сонымен қатар дәннің құрамындағы белоктың мөлшері 1,06 % дейін көбейеді. Автор сондай-ақ лазерді қалай дұрыс, қолдану керек, зиян ететіндей тиімді жолын көрсетеді.

«Келесі «Ғарыш» деген айдармен жарық көрген, қолыңды бер Меркурий» мақаласынан жаңалық білеміз. Айтар болсақ, жапондықтар Меркурий планетасын зерттеуді Еуразиялық ғарышкерлік агенттігімен бірлесіп қолға алмақ. Негізгі Меркурий зерттеуі қиынға түсетін планета. Себебі ол жер шарына ең шалғай, Күнге жақын орналасқан. 88 тәулікте күнді бір айналып шығады, радиациясы аса жоғары. Температурасы да тұрақты емес. Мәселен, күндіз ауа температурасы +410 градуске жетсе, түнде -173 градусқа дейін төмендейді. Жалпы Меркурий туралы ақпарат осы ғана. Сондықтан жапондықтар зерттеу объектісі етіп – Меркурий планетасын таңдады. 2010 жылы Аппарат ұшырылып, 2014 жылы ол Меркурий ортасына жетеді. Бұл шара үшін 621 млн доллар жұмсалмақ, соның 507 млн-ын Жапония көтереді. Юнд келесі жылы ұшырылып, 2009 жылы қайтуы тиіс. Осы мақаланы жазған Айгүл Амангелді журналға жиі материалдарын бастырады.

Мысалы, тат бір материалы журналдың 3 санында жарық көрген. «Генетика» туралы мақаласында: «Соңғы кезде генетиктер адам денесіндегі тілге, коммуникацияға жауап беретін генді зерттеп тапты. Оны шартты түрде ҒОКР деп атайды» деген мәлімет жазылған. Сонымен қатар кез келген адамның тілді игеруге қабілеті, ауызша ақпаратты қабылдап түсінуі осы ген жұмысына байланысты екені айтылады.

А.Амангелдімен бірге тат да тұрақты авторлар баршылық. Мәселен, мұрат әңі «Тарих» айдарында бірнеше мақаласын жариялаған. Оның зерттеу мақалары «Әр халықтың өз Геогені болғаны ма?», «Дионклетианның жазыт не?», «Күйреудің басталуы», т.б. материалдары әулие Георгий және император Диалектиканның заманын, өмірін зерттеуге арналған.

Келесі бір автор – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Қалиұлы жастар тәрбиесіне қатысты көп маңызы зор мақалалар жазған. Жалпы оқу-білімге, тәрбие жұмыстарына байланысты мәселелер журнал беттерінде жиі көтерілген. Солардың ішінде магистратураның тиімділігі туралы, қандай мамандарға сұраныс бар студенттердің белсенділігі, оқу жүйесіндегі парақорлық т.б. Мысалы мамыр айында жарық көрген Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы материал сол уақытқа сай, оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Оның мақсаты қандай тілі, кім тапсыратыны, сырттай оқуға қалай түсу керек екендігі туралы ақпарат берілген.

Ал журналдың 2004 жылғы 6-шы санында Қазақ мемлекеттік қыздар пед институтының құрылғанына 60 жыл толуына орай мақала жазылған. Мақала сұхбат жанрында жазылған. Сұхбаттасушы институт ректоры Шәмиля Көпбайқызы институт құрылуының себептерін айтқанда, бірінші себеп ретінде сол кезде оқытушылар қатарында 80 % ер адамдар болғанын айтады. Ал екіншіден, қыздардың сауатын ашу, қазақ қыздарына жоғарғы білім беру қажеттілігінен болған деп көрсетеді. Сонымен қатар педагогикалық институтының тарихы жайында тағы да көп мәлімет айтып, оның қазіргі жағдайы, қандай қоғамдық жұмыстар өткізіп жатқаны, осында құрылған «Айгерім» вокальды-инструменталды ансамбль туралы сұрақтарға жауап берген.

Алайда бұл басылымда әртүрлі ғылым саласына қатысты материалдар басылады. Мысалы, медицинаға байланысты Қазақстандық ортопедияға 40 жыл, стомотология т.б. Сондай-ақ лингвистика, тіл ғылымы, философия, соның ішінде ислам философиясына арналған бір айдар бар. Бұл айдарда тәрбие, соның ішінде өтірік сөйлеу, өсек айту, көре алмаушылық секілді әдеттерден аулақ болу, уәдеде тұру, қайырымды болу т.с.с. тәрбиелік мәні орасан зор мәселелер орын алады.

Сонымен қатар экология, спорт, техника, технологияға т.б. ғылыми салаларға қатысты материалдар жарық көреді.  Жалпы, журналдың мазмұны, мәні зор, берері көп.

Формасына келсек, мұнда тұрақты түрде бірінші бетінде анонс беріледі. өзекті мәселелер көтеретін мақала болса, содан үзінді келтіріледі. Ал соңғы беттерде оқырман қауымнан келген сұрақтарға арнайы мамандар жауап береді. Пайдалы кеңестер деген айдар да бар. Кейде сканворд, ғылымға, белгілі бір салаға қатысты кроссвордтар ұсынылады.

Айдарлардың ішінде «Шетелдік тәжірибе» деген айдары аса мазмұнды әрі қызықты. Мұнда Қытай, Жапония елдерінің оқу орындары жайында жарияланған. Алайда, «Зерде» журналы – маңызы зор, жаңашыл, әмбебап басылымдардың бірі. Оның қазіргі қоғамдағы оқу-ағарту, сауаттандыру, халықтын снасын оятып, танымын молайту қызметі әр кезде де бағалы болмақ.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. «Жұлдыз», «Зерде» журналдары.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *