PR-дың мәні мен мазмұны

PR-дың мәні  мен  мазмұны

Отандық PR  дамудың бірнеше кезеңінен өтіп кетті. Ендігі, мәселе қазақстандық PR ғылымы мен білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру. Кәсіби PR маманын дайындауға бағытталған жаңа көзқарас негізінен мынадай мәселерде көрініс табуы керек. Біріншіден, кез-келген ғылым мен мамандықтың дұрыс берілуі мен дамуы оларға деген мемлекеттің ұстанымына байланысты. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, тоталитаризмнен демократияға өткен еліміз PR-дың Қазақстанда тарауына қолдау көрсетіп отырғанымен де, білім, ғылым саласында нақты жүйеленген шараларды қолға алу артықтық етпес.

Екіншіден, оқу саласындағы басты қиындықтардың бірі болып табылатын білім үрдісінде тәжірибелі-оқытушылардың  тартылмауы. PR-шыларды оқытып, дайындаудың  әлемдік тәжірибесінде практик-оқытушыларсыз маман дайындау мүмкін емес. Мәселен, “Ресейлік PR мамандарын даярлаудың басты базалық оқу орны Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық Институның “жұртшылықпен байланыс” бөлімшелерінде консалтингтік агенттіктер мен фирмаларда қызмет атқаратын практик PR-шыларды  оқытушылық қызметке тарту кең тараған. PR агенттіктер өкілдеріне өздері дәріс беретін студенттер арасынан дарынды мамандарды таңдап алуға мүмкіндік береді” [11, 21 б].

Практик PR мамандарын оқытушылық қызметке тартудың бұл әдісі жас мамандардың әртүрлі компанияларда тәжірибеден өтуіне жол ашады. Кезінде осындай тәжірибені Қазақ Ұлттық Университетінде жасалған. Бірақ Отандық PR-шылар ниет білдіре қоймады.

Үшіншіден, PR нарықтағы  басты ойыншылар мен операторлардың басын қосатын Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Ұлттық Қауымдастық (НАСО) мамандар даярлау мәселесіне тың көқарас танытуы керек.  Ұлттық қауымдастықтың басты міндеті ретінде: ел алдында PR-ды жарнамалау, нарықтың ортақ қалыптарын жасау және кәсіби әрі сапалы қызмет көрсетуді қалыптастыру мәселелері көрсетілген. Ресейдің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Қауымдастығы (РАСО) білім  жүйесінде маңызды роль атқарды. Аталмыш қауымдастық 1993 жылы бастама көтеріп, Паблик рилейшнз менеджерлерінің мектебін құрған болатын. Сондай-ақ, Қауымдастық PR теориясы мен практикасына қатысты отандық оқулықтарды шығаруды да жолға қоя білді.

Төртіншіден, PR мамандарының біліктілігін арттыруға көмектесетін қысқа мерзімді курстарын, семинар-тренингтерді көптеп ашуды шешу керек.

Бесіншіден, келешекте  PR мамандығы  бойынша  ғылыми магистр  дәрежесін енгізу қолға алған жөн. Сонда  PR мамандарын  оқу орындарында  әзірлеу тек қана бакалавр деңгейінде қалып қоймай,  одан ары ғылыми дәрежеде де жалғасатын болады. Мұндай тәжірибе  алғаш рет Ұлыбританияның Стерлинг Университетінде 1998 жылы енгізілген  болатын. Ал, бүгінде Ұлыбританиямен қатар дамыған  мемлекеттердің  көптеген университеттері  PR магистрін дайындау  үстінде.

Алтыншыдан,  PR дегеніміз  түрлі  ғылымдардың  басы тоғысатын ғылым түрі. Сондықтан да,  PR-шы саясаттануды да, экономиканы да, психологияны да білуі және мүмкін  болса басқа да ғылыми салалардан  хабардар  болуы  тиіс. Білім беру  жүйесінде осы мәселеге қатысты екі  тәсіл қолданылады. Біріншісі, келешек  PR мамандарын әзірлейтін кейбір  оқу  орындары сол  бір  факультеттің  оқу  бағдарламасына  әр алуан  ғылым  өкілдерінің  дәріс  оқуын жолға қояды. Ал, екіншісі, Мәскеу  Мемлекеттік Университетіндегідей  журналистика  факультетінде  жеке  PR тобы,  жеке  жарнама бөлімі бар да, ал, психология  факультетінде арнайы “Жарнама және  PR психологиясы” мамандығы ашылған. Біздің оқу  орындары да  осы мәселе төңірегінде ойланса?

Осы уақытқа дейін отандық  PR нарығы өз  дамуында үш кезеңді басынан өткерді. Біріншісі, 2000 жылдың қараша айында “Қазақстанға PR-дың  келуі”  тақырыбында өткен тұңғыш  ғылыми  конференциядан  басталса,  екіншісі, сала  үшінаса  маңызды  оқиғалар  болып  табылатын 2001 жылы Жұртшылықпен  байланыс жөніндегі Ұлттық Қуымдастық  пен 2002  жылы “Пиаршы” клубының  құрылу  кезімен  тұспа-тұс келеді. Ал, үшінші  кезеңге  жаңа  PR агенттіктердің  құрылуымен,  PR-ды  қолдана бастаған  компаниялар  санының  өсуімен  тығыз байланысты 2003-2005 жылдарды  жатқызуға  болады. Ендігі кезең  PR мамандарын оқыту  жүйесі  мен  жалпы ғылымды қарқынды  түрде  дамытуға  бел  шешіп  кірісетін  уақыт болу керек. Және де, бұл ортақ іске  отандық  PR кеңістікте  жүрген  барлық  тараптар бір адамдай  қатысады деп сенемін. Өйткені,  ғылымы  мен білімі жоқ  сала- болашағы  бұлынғыр.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. 1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
  2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
  3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.
  4. Паблик рилейшнз или  как  успешно управлять  общественным  мнением. М.,2008.
  5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия  доверия. М., 2001.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *