Қоғаммен байланыс қызметінің негізгі құрамды бөліктері
Қоғамдық байланыстардың мүмкіндіктері мен маңызын абсолютті етуге болмайды. Себебі, біріншіден бұл қызмет қалыпты функциялау үшін белгілі бір экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттарды қажет етеді: демократиялық мемлекеттің болуы, ол азаматтың қоғам мен оның институттарын экономикалық, саяси және рухани еркіндікпен қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда PR қызметі көбінесе «бүкіл қоғамынң жағдайына» байланысты жүзеге асады. Сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар ретінде қоғамдық байланыстар контактілердің бірден-бір механизмі болып табылмайды. Демократия кезінде мемлекет азаматтық қоғаммен өзара қатынас үшін қатынастардың әмбебап критерийі – заңдылықты шығарады. Ашық демократия институттары бар комитеттер мен комиссиялар қоғамыдқ кеңестер мен палаталар және т.б.
Қорыта айтқанда, қоғаммен байланыс ұйым мен қоғамынң өзра қатынасымен байланысты барлық проблемаларды шешпейді, тек белгілі бір тобын – тұрақты позитивті әсерлерді құру, имиджі қалыптастыру, қоғамдық өзгерістерге бейімделу, қоғамдық пікірді ескеру, қоғам қажеттіліктеріне назар аудару және т.б. шешуге көмектеседі.
Соған қарамастан, бұл проблемаларды шешу маңызды стратегиялық сипат алады. Қоғам мен мемлекет арасында диалог құру үшін болған қоғамдық байланыстың маңызы ерекше. Барлық демократиялық дамыған мемлекеттерде қоғамдық байланыс өте қажетті элемент болып табылады. Мемлекеттік басқарудың атқару қызметінде қоғамдық байланыс ерекше роль атқарады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 1990.
- Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 1998.
- Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 1994.
- Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,1998.
- Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.