Маркетинг жүйесіндегі PR
Бүгінде маркетингтің анықтамасына байланысты әртүрлі көзқарастар бар. Көптеген шетелдік мамандар бұл ұғымды кеңейтіп, кәсіпкерлік қызметке бағыттауды жөн көрсе, өзге мамандар бұл пікірді сынай отырып, маркетингтің дәстүрлі қолдану саласын баса айтады. Менеджменттің өзі бір жағынан принциптер, амалдар, әдістер және өндірістің басқару түрінің нәтижелігін жоғарлату мен пайданың өсу мақсатының жиынтығы, екінші жағынан – тұтынушының өндірушімен өзара байланысуы кезінде, ұжымның өндірістік қызметі процесінде адамгершілік қатынасты басқару. Бұдан, бұқаралық ақпарат құралдарының менеджментіне принциптер, амалдар, әдістер және дайындық түрін, газет номерлерінің шығуын, көпшілік дәрісхана қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатындағы телерадио бағдарламаларын, пайда табу, СМИ ұжымының өндірістік қызмет процесінде адамгершілік қатынасты басқару ғылымын, сонымен қатар журналистиканың және ақпарат тұтынушыларының инфрақұрылыммен өзара байланысын жатқызуға болады.
менеджментінің 1-ші функциясы – қаржылық: кірістің шығыннан артуын қадағалау, қаржылық жұмыс жүргізу, басылым, телерадиокомпания экономикасында бәрінен хабардар болу.
2-ші функция – маңызды: тауар-тұтынушы құнына тартымды болып, жанрлы көрініске ие болуы үшін жоғары сапалы журналистік мәліметтер дайындау;
3-ші функция – маркетингтік: бұл тауарды ақпараттық нарықта сата білуге байланысты, нарықты не үшін зерттеу керек, бұдан мақсат көздеп сұраныс тепе-теңдігін сыртқы жақтан бақылап, инновация жүргізу арқылы хабарлау мәні мен оның берілу түрін өзгерту.
4-ші кадрлық: бұл «паблик рилейшнз», БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік және кәсіпкерлік ортадағы тәртібі. Сыртқы шеңбер «паблик рилейшнз» — басылым, телерадиокомпания имиджін жарыққа шығару және сүйемелдеу, жұртшылық алдында әрине маңызды. Біздің көзқарас бойынша маыздырақ болып ішкі шеңбер саналады, оның мақсаты – редакция ішінде тепе-теңдік орнату, еңбек келіспеушілігін болдырмау, ұжым тұрақтылығы, персоналды басқару, оның мотивациясы, бастаманың және журналистер шығармашылығының дамуы.
Осыған орай университте оқылатын лекциондық курстар – кәсіптік шығармашылықтың теориясы мен әдістемесі, журналистика психологиясы, СМИ-дің құқығы және этикасы, қоғамдық байланыс және жарнама, газеттік және радиотелеөндіріс ұйымы барлығы бұқаралық ақпарат құралдарының менеджментіне байланысты бір-бірінен уақытша жекеленген. Бұған қоса, БАҚ менеджмент журналистика факультетінің студенттерін оқыту процесінде көптеген оқу тәртібін өз назарына аудар комплексті мәселе ретінде қарастыруымызға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
- Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
- Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.
- Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.
- Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001