ХYI-ХVIII ғ. тіл білімі

ХYI-ХVIII  ғ. тіл білімі

      Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі — әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы.    Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы — Құранның тілі болды. Араб тілі оқу пәні болды. Оны молдалар, дін иелері оқытты. Еуропа халықтары үшін канондық тіл — латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды.

        Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Универсал грамматика.

      Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға  канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің «Француз тілі граммтикасы». 1693 ж. Уоллистің «Ағылшын тілі грамматикасы». 1659 ж Лавренти  Зизанидің  «Славян грамматикасы». 1757 М В Ломоносовтың «Россия грамматикасы».

       Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды.  Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы» атты еңбектерін атауға болады.   

    Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары – логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған.

       Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой  деятельности. М:  Астрель,2007.-318с.

  1. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
  2. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
  3. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *