Француз әлеуметтік лингвистикасы

Француз әлеуметтік лингвистикасы

      Социологиялық мектеп . Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығн, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірсыпыра ойшылдары да басқа айтқан. Дегенмен , бұл мәселе ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді. Тіл қоғаммен байланысты, тіл-қоғамдық құбылыс дегендердің тезис ретінде алынып, тіл білімінің күрделі бір проблемасы ретінде арнайы сөз болуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі натуралистік, индивидуалдық көзқарастарға қарсы бағытта туып қалыптасты.

    ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ баскезінде тілдің әлеуметтік сырын ашумен көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл білімі тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағыттың отаны Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атаушылық бар. Ал социологиялық лингвистикадген термин 1952 жылдан бері қарай қолданылып жүр. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері-Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960),Э.Бенвенист (1902). Мектептің социологиялықдеп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл –қоғамдық , әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамыбар жерде ғана өмір сүре алады. Тілді дүниеге келтірген де, оны ілгері дамытатын да қоғамдасқан адамдар. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа әлеуметтік құбылыстармен байланысты қаралу керек деп санайды.

Социологиялық мектеп көтерген және шешкен проблемаларды байқау үшін, оның кейбір қайраткерлеріне өте қысқа болса да тоқтатылып өтейік .

Поль Лафарг. Ол өзінің 1894 жылы шыққан «Революцияға дейінгі және одан кейінгі француз тілі» деп аталатын еңбегінде қоғам мүшелерінің әлеуметтік, таптық жіктерінің тілге, әсіресе оның лексикасына қандай әсер ететіндігі терең де жан –жақты зерттелген. Француз тілінің ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы даму сипаттарын, жеке сөздер мағынасында болған құбылыстарды зерттеп отырып, Лафарг ұғымының, әдеби тіл нормасының көп жағдайда қоғамдық қатынастарға тәуелді болатындығындәлелдейді. Ол –тілді өзінің әлеуметтік ортасынан бөліп алуға болмайды деп есептейді.

      Фердинант де Соссюр Швейцартіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің пофессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. Де Соссюрді, әдетте , тіл біліміндегі циологиялық мектептің негізгі салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан–жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымының дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепцияжасаған адам. Ғылымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде. Ф.Де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұл еңбек Ф. Де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916жылы басылып шықты.

       Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көңіл аударған ХІХ ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт т.б. болды. ХХ ғасырда бұл мәселені КСРО-да зерттеген Л. П. Поливанов, В. В. Виноградов, Б. А. Ларин және т.б. ғалымдар.  Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902). Француз социолингвистикасы. А. Мейе еңбектеріндегі тілдің әлеуметтік құбылыс ретінде анықталуы. А. Мейенің салыстырмалы-тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. Салыстырмалы-тарихы әдісті негіздеуі. Ататіл ұғымы. А. Мейенің тілдердің араласуы туралы көзқарастары.

 Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой  деятельности. М:  Астрель,2007.-318с.

  1. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
  2. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
  3. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *