Тіл ерекше сипаттағы таңбалық жүйе, тіл жүйелік-құрылымдық жасалым ретінде

Тіл ерекше сипаттағы таңбалық жүйе, тіл жүйелік-құрылымдық жасалым ретінде

 

  1.Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.

     Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика — хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

  1. Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема — тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.

     Жүйе дегеніміз — өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.

    3.Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония — тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып қарастырылады.Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны құрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы, 2011
  2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
  3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
  4. Исаев.С.Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
  5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
  6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
  7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
  8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
  9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.

      -Алматы,1985

  1. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *