Ресей тіл білімі
Ресей тіл білімі. Қазіргі орыс тілі теориясының қалыптасуы: Л.В. Щерба, Л.П. Якубинский, П.С. Кузнецов, В.В. Виноградов, С.Г. Бархударов, Б.А. Ларин, Н.Ю. Шведова және т.б. Тілді зерттеу және оның мәдениетке, халық психологиясы мен мифологияға қатысы (Ф.И. Буслаев, А.А. Потебня, А.Н. Афанасев) және И. Смирницкий еңбектеріндегі сөз туралы ілім. Орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1873-1933) т.б. болды.
Академик А.А.Шахматов – Фортунатовтың шәкірті, ежелгі орыс мәдениетінің, тілінің тарихшысы, тіл мәселесімен де, әдебиет мәселесімен де айналысқан. Оның ең басты еңбектері “ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы Новгород грамоталары туралы зерттеу” (1886), “ХҮ ғасырдағы двин грамоталары туралы зерттеу” (1903), “ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Псков ескерткіштері туралы бірнеше ескертпелер” (1909), “Орыс тілі тарихы ежелгі дәуірінің очеркі” (1915), “Қазіргі орыс әдеби тілінің очеркі” (1913), “ Орыс тілі синтаксисі” (1925 жылы қайтыс болғаннан кейін жарияланды).
А.М.Пешковский – Фортунатовтың, Шахматовтың ізімен орыс әдеби тілінің грамматикасы мәселелерін және мектептерде орыс тілін оқытудың әдістерін зерттеген. Оның орыс тілі синтаксисіне, интонациясына арналған зерттеулері күні бүгінге дейін өз құнын жоймаған еңбектер. Көрнекті еңбектері: “Орыс тілінің ғылыми синтаксисі” (1914), “Ғылыми және мектеп грамматикалары” (1914), “Ана тілі, лингвистика, стилистика, поэтика методикалары” (1925) т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975
- Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985
- Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978
- Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979
- Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984
- Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984
- Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985
- Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974
- Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004