Неогумбольдтшылдық

Неогумбольдтшылдық

      Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды.

          Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға 19 ғасырда ғана ие болды. 19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1767-1835) болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы тіл білімінің, жалпы тіл білімінің және тіл философиясының негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

          20 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америкада неогумбольдтианство бағыты дамыды. Ол негізінен тілдің семантикалық жағын зерттеуге және тілді халық мәдениетімен тығыз байланыста зерттеуге мән берді. Бірақ идеалистік, метафизикалық философия тұрғысынан тілдің ой-сана мен танымдық процестегі қызметін асыра бағалады.

 Неогумбольдтшылдық. Неогумбольдтшылдық – ойлау мен танымдағы тілдің рөлі туралы. Тіл әлемді түсінудің «кілті» туралы В. Вайсгербер теориясы. Тілдің семантикалық қүрылымы және әлемді түсінудегі неогумбольдтшылдық. Тілдегі субъективтік пен объективтік факторлардың арақатысы. Тіл және әлем бейнесі. Семантикалық өріс теориясы: И. Трир, В. Порцит. Неогумбольдшылдық — тілді жаңа идиоэтникалық тұрғыда зерттейтін тіл біліміндегі лингвофилософиялық бағыт. ХІХ-ғасырдың 50-70 жылдары Неогумбольдшылдық германистиканың министрлік мектебі (И. Трир және Бонн университетіндегі Л. Вайсбергер бастаған лингвистер) маңында шоғырланды.

  Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой  деятельности. М:  Астрель,2007.-318с.

  1. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
  2. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
  3. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *