ТІЛ БІЛІМІНЕН ГЛОССАРИЙ

ТІЛ БІЛІМІНЕН ГЛОССАРИЙ

  1. Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.
  2. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.
  3. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.
  4. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.
  5. Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған).
  6. Натурализм латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
  7. Аморф — формасыз деген мағынаны білдіреді.
  8. Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
  9. Интеграция — өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
  10. күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады.
  11. Тілдік жағдаят — әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.
  12. Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.

13.Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт.

  1. Сөйлеу дегеніміз — әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.
  2. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымындаканондықтіл деп аталады.
  3. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады.
  4. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады.
  5. Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым
  6. Семиотика — әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *