Сөз таптары, шығуы мен дамуы

Сөз таптары, шығуы мен дамуы

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш ұстанымы бар: 
семантикалық, морфологиялық,  синтаксистік. 
       Семантикалық ұстаным бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық ұстаным бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік ұстаным бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді. 
Бұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ.           Қ.Жұбановтан бастап, кейінгі бұл мәселеге арнап қалам тартқан ғалымдардың барлығы бір ауыздан осы үш ұстанымды атап, оларды бірлікте қолдану керектігін айтады. Тек қазақ тілі үшін қай ұстаным жетекші болуы керек дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов семантикалық ұстанымды жетекші ретінде тани отырып, екінші орынға морфологиялық ұстанымы, үшінші орынға синтаксистік ұстанымды шығарады.

     1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы» атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі сөздерін алдымен негізгі сөз таптары, көмекші сөздер, азат сөздер деп үлкен үш топқа бөледі, ары қарай олардың бірнешеуінің басын қосатын сөз таптары да пайда болады. Соңғы жылдары қазақ тілі біліміндегі сөз таптары теориясына елеулі жаңалық енгізген С.Исаев болды. Ғалым қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді: 
1. Зат есім 6. Етістік 
2. Сын есім 7. Еліктеу сөздер 
3. Сан есім 8. Шылаулар 
4. Есімдік 9. Одағай 
5. Үстеу 10. Модаль сөздер 

      Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *