Негізгі грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық тәсілдер мен формалар

Негізгі грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық тәсілдер мен формалар

Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір – біріне жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді. 
     Грамматикалық негізгі бірліктер – морфема, сөз тіркесі және сөйлем.
Грамматикалық бірліктердің негізгі табиғатын түсінуге олардың ара қатысы мен байланысын айқындауға т.б. қатысы бір алуан грамматикалық ұғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл және грамматикалық категория туралы ұғымдар енеді.
Сөзде лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағына ұштасып келеді.      Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл – тілде түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал – тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар: Афиксация тәсіл, қосарлану тәсілі, көмекші сөздер тәсіл, интонация тәсілі. Грамматикалық тәсілдердің қатарына сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады.

Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі – грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.

         Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *