Қазақ тіліндегі буын үндестігі, дыбыс үндестігі

Қазақ тіліндегі буын үндестігі, дыбыс үндестігі 

     Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.Мысалы:Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.  Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады.

Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.

  1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.

2.Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.
          Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм.

Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады.

Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis «еріндік» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін .дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады.

      Ассимиляция ( лат.-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляцияық жақтан бір-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады.

        Регрессивті ассимиляция кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді.

     Диссимиляция (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ол бір сөздің ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.

 Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *