Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі. Тілдің дыбыстық жүйесі.Фонема мәселесі.

Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі. Тілдің дыбыстық жүйесі.Фонема мәселесі.

 

      Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары — әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады.

     Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқа  да маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.
         Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да , құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес . Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені (тембр), дыбыстың созылыңқылығы.

  Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.

      Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *