Полисемия және сөздің лексикалық мағыналарының түрлері
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді.
Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.
Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.