Лексикография және сөздіктердің түрлері
Лексикология (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғылыми әдістемесін жасайды. Сөздіктің теориялық мәселелері теоретикалық лексикологияда қарастырылады; ол лексикология теориясы мен лексикология тарихына бөлінеді. Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді, т.б.) және микроқұрылымын (сөздіктегі мақала құрылымын: мағыналарға жіктеу мен анықтама, дәйектеме түрлерін, шартты белгілер жүйесін, фразеологияны, т.б.) зерттейді. Лексикология тарихы сөздіктер мен лексикография тұжырымдамалар тарихы және лексикология мәселелерін шешу тарихы болып бөлінеді. Тәжірибелік лексикологияға тілді қалыпқа түсіру мен оны үйрету, тіларалық қатынас, лексикология, сөзжасам, стилистика, тіл тарихы бойынша деректер жинау мен өңдеу жатады. Қазіргі лексикология теориясы лексиканы белгілі бір жүйеде түсіндіреді, сөздердің лексика-семантикалық құрылымын көрсетіп, олардың мағынасын диалектикалық тұрғыда қарастырады. Сөздіктердің бірнеше түрлері бар: “Орысша-қазақша сөздік” (1954), “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963), “Абай тілі сөздігі” (1968), “Диалектологиялық сөздік” (1969), “Этимологиялық сөздік” (1996), терминол. сөздіктер (“Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі”, 1959; т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
- Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010