Грамматика және оның салалары

Грамматика және оның салалары

     Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология — сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. 
     Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. 
Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім.           Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалқ мағынасы. Жалпы және жеке грамматикалық мағыналар.           Сөз құрылысы. Морфема – сөздің ең кішкентай мағыналық бөлшегі екендігі. Түбір және аффикс морфемалар. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер.           Сөз формасы. Сөз формасы негіз бен форма тудырушы аффикстің бірлігі екендігі. Синтетикалық және аналитикалық сөз формалары.

  Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Аффиксация. Фузия. (флективтілік) және агглютинация. Көмекші сөөздер (предлог, септеулік шылау, артикль, көмекші етістік, жалғаулық шылау және жалғаулық мәнді сөз, демеулік шылау). Нөлдік морфемалық форма. Грамматикалық мағыналарды берудің өзге түрлері мен тәсілдері. Сөздердің орын тәртібі, дыбыстардың алмасуы және «ішкі флексия», екпін мен интонация, суплетивизм мен редупликация. Грамматикалық мағыналарды беру тәсілдерінің түрлі тілдерді әр қилы таралуы және тарихи құбылмалылығы.     Граммтикалық категория жайлы ұғым. Грамматикалық және ұғымдық категориялар, олардың қарым-қатынасы.

Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар. Лексико-грамматикалқ категориялар. Әр түрлі тілдердің грамматикалық категориялары арасындағы айырмашылықтар.

     Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *