Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі

Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі

Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.

Сөздердің бірізді айтылуы (сондай- ақ бірізді жазылуы) тілдік қатынасты жеңілдетеді.Керісінше,белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып,көңілді алаңдатады.Көрнекті ғалым Н.Сауранбаев 1947 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы туралы былай деп жазады. “Сөздің дыбысталуы мен айтылуының арасындағы арақашықтық біржола жойылды”

Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі проф – М.Балақаев.Ол өзінің “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: “Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынас теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді – бәрібір – әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын  сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек ”.

      Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мырзабеков С, «Қазақ тілінің фонетикасы», Алматы,2004 жыл
  2. Аралбаев Ж, «Қазақ фонетикасы  бойынша этюдтер» Алматы,1988жыл
  3. Досмұхаметұлы Х, «Аламан» Алматы,1991

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *