Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.

Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.

Формализм – ХХ ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдардың бірі. 1920 жылдардағы орыс зерттеушілері құрған ғылыми ұйымның аты – ОПОЯЗ. Бұл бағыттың іргелі өкілдері: В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, Ю.Тынянов, Р.Якобсон, В.Томашевский.

    Тұрпайы социологизм. В.Фриче, В.Шулятников, В.Переверзев, т.б. Әлеуметтік ортаны, қоғам сипатын артық қою, тұрақталмаған әркелкі көзқарас.

    Э.Кассирер (1874-1945). «Символикалық формалардың философиясы» атты зерттеуі. Дж.К.Рэнсомның 1941 жылы жарық көрген «Жаңа сын» еңбегі. Америка әдебиеттануындағы және Батыс елдеріндегі соны ғылыми мектептің қалыптасуы.

Структурализм – формализмнің бір тармағы. Француз мәдениет танушылары Р.Барт, Кл.Леви – Стросстың 1950 жылдардан бергі ізденістері. Р.Барттың бәрінен бұрын мәтінге көңіл аударуы.

    Ю.Кристеваның лингвистикалық структурализм шеңберінен шығуы. «Роман тексі» (1970), «Поэтикалық тілдің революциясы» (1974) атты кітаптары. «Текст өнімділігі», «семиотикалық ырғақ» туралы.

    Шетел әдебиеттануындағы антропологиялық теориялар. А.Шопенгауэрдің өзгермес дүние туралы пікірлеріне сүйену. А.Кестлердің К.-Г.Юнгтің «архетип» терминін пайдалануы.

    Орыс әдебиет тануындағы М.Бахтин еңбектерінің философиялық, теориялық мәні. Ю.Лотманның «Поэтикалық тексті талдау», «Көркем текст құрылымы» атты кітаптары. Математикалық, статистикалық зерттеу тәсілдері.

    Әдебиеттанудағы АҚШ-та серпін алып отырған семантика-символикалық сын. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы теориялар. Символдық формалардың дербестігі. Көркем шығарманың біртіндеп «тұйықталу» процесі. Табиғат, адам, қоғам қарым-қатынасы.

    Әдебиет пен өнерге қатысты синэнергетика жетістіктерін пайдалану (Г.Хакен, И.Пригожин, И.Стенгерс, И.Евин). «Тәртіп параметрі», «Тұрақтылық пен тұрақсыздық» ұстанымы. Құпия символы, апат, секірмелі сапалық өзгерістер, ырғақ пен синхрондылық, «керемет», «бедел» ұғымдары.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *