Аудиттің стандарттары және аудиторлардың
мамандық этикасы
Шаруашылык субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес белгіленген тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады. Аудиттің стандарты және нормативтері екінші топқа жататын құжаттар. Олар арқылы аудит жұмысын тікелей бір жүйеге келтіріп отырады. Олар өз кезегінде аудит теориясынын үшінші элементі деп саналады. Аудит постулаты арқылы аудит стандартының мазмұны анықталады, ал аудит стандарты мен нормативтері аудит жұмысының сапалылығын анықтайды. Аудит жұмысы осы стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес бір жүйеде жүргізіліп, оның, міндеті мен мақсатын орындайды.
Аудиттің стандарты және нормативтері деп «аудит принциптерінің талабына сәйкес аудит қызметін жүргізуге белгіленген ереже-нұсқауларды» айтады. Сол ереже-нұсқаулар аудиторға өз жұмысын ұйымдастыруға, аудит әдістерін анықтауға әртүрлі шаруашылық жағдайларына орынды баға беруге, аудитор қортындысын жасауға негіз болады. Себебі, аудиторлар сол стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес жұмыс істеу үшін үздіксіз өздерінің біліктілігін, мамандықтарын жетілдіріп, ізденіп, оқып қажет болса ғылыми зерттеу жүргізіп отыруды қалыптастырады. Өзінің мазмұнына және арналған мақсатына сәйкес аудит стандарты үш топқа бөлінеді: 1) жалпы стандарттар; 2) жұмыс стандарты; 3) ақпарат стандарты. Осы стандарттар аудит қызметінің құрылымын, схемасын анықтайды.
Жалпы стандарттар. Жалпы стандарттар мазмұны аудитор мамандығын, іскерлігін, мамандық сапасын, мамандықпен өз міндетін атқару, мақсатына жету жолындағы аудитордың мамандық бейнесін құрайды. Аудиторға жалпы стандарттар тұрғысынан қойылатын талаптар мен міндеттер: мамандық; қызметкерлік; дербес тәуелсіздігі мен объективтігі; аудит қызметіне дайындық деңгейі, мәлімет жинау; ақпарат жасау; қызмет көрсету барысында түсініктеме беру.
Жалпы стандарттың аудитке қоятын үлкен талабының бірі — ол дербес тәуелсіздігі. Аудитор өз қызметін белгілеген бағдарламасы бойынша жүргізеді, оның тәуелсіздігі аудит қызметі заңының талабына сәйкес жоғарыда айтылған аудит принциптеріне негізделген, аудит әдістеріне сәйкес өз құқысына сүйене отырып аудиторлық тексеру жүргізеді. Сондықтан да ешкім, ешқандай мемлекет құрылымы аудит фирмасына өз тарапынан заңсыз немесе қысымшылық жолымен аудитор шешімін өзгертуге, аудитордың қызметіне немесе оның аудитор қорытындысына ешқандай әсер ете алмайды.
Жұмыс стандарты. Жұмыс стандарты дегеніміз ол — аудит қызметін жүргізу үшін дайындалган ереже-нұсқаулар жинағы. Оған жататындар: аудит қызметін жүргізу жоспары, ағымдағы бақылау әдісі мен бағдарламасы, мәліметтер жинау жүйесі, ішкі бақылау жұмысына баға беру. Аудиттің негізгі мақсаты — оның жаппай тексеру жүргізу арқылы негізгі міндетін орындау, аудиторлық қорытынды жасау болса жұмыс стандарты сол аудит процесінің барлық ағымына қажет әдіс жолын аныктайтын аудит құралы.
Аудит қызметінде ерекше орын алатын стандарттың ең соңғы сатысы ол — қорытынды жасау, немесе ақпарат стандарты. Шаруашылық субъектілерінің, белгілі бір уақыт кезеңіндегі өндірістік немесе коммерциялық әйтеуір кәсіпкерлік шаруашылығының нәтиже көрсеткіштері өткен уакытқа сәйкес (айлық, тоқсандық, жылдық) қорытынды жасалынып бір жүйеге келтіріледі. Бұл процесс өте күрделі. Мысалы, өндірістік кәсіпорынды алатын болсақ оның кәсіпкершілік қорытындысында қанша өнім шығарғаны, қанша өнім сатқаны, қанша табыс тапқаны, қанша өндірістік шығын болғаны, қанша коммерциялық шығын болғаны тағы сол сияқты болып жатқан шаруашылық нәтижесінің көрсеткіштері бір жүйеге келтіріліп ақпаратқа тіркеледі. Ақпарат стандарты мазмұны жағынан аудит қызметінін қорытындысын жасауға арналған ереже-нұсқау. Онда ақпараттың мазмұны, мәліметтерді жүйелеу тәртібі, аудит материалдарын тапсыру тәртібі, аудиторлық қорытындының мазмұны анықталған.
Шаруашылық субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес аудитор ақпараты бірнеше түрде төменде келтірілген түрде жасалынады: тұжырымдау — аудит қорытындысын жасау үшін аудит қызметінің материалдарының ақпараты, қаржы ақпараты; аудитор қорытындысын жасау үшін кәсіпорын шаруашылық көрсеткіштерінің ақпараты; кәсіпорын басшысына хат; кәсіпорын басшысына жазбаша түрде берілетін ескертулер, кемшіліктер туралы мәлімет. Ақпарат стандартының негізгі мақсаты бухгалтерлік есепте, есеп кестелерінде, бухгалтерлік ақпараттарда жіберілген кемшіліктерге, қателерге, болған заң бұзушылыққа, ішкі бақылауда жіберілген кемшіліктерге, қателерге түсініктеме беру. Аудитордың міндеті — нақты жіберілген қателерді, қылмыскершілікті анықтап, соны түзету жолдарын жүйелі түрде түсіндіру, оз ойын тұжырымдап нақты қорытынды беру.
Аудит стандартының мәліметі анық, түсінікті, сенімді, дербес тәуелсіз, әділ мазмұнды тапсырушылар өз жұмысында басшылыққа пайдалануға жарайтын мағыналы болуы қажет.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасыңда аудиторлар палатасының арнайы комиссиясы халықаралық бекітілген нормативтер мен стандарттар үлгісіне сүйене отырып, нарықты қатынас экономикасының заңдылығына үйлестіре отырып Қазакстан Рсспубликасының ұлттық аудит стандартын дайындады. 1995 жылы 20-21 шілде айында өткен кезектен тыс Республикамыздың аудитор Палатасының конференциясында ұсынылган 28 ұлттық стандарттың 12-сі қабылданды. Жан-жақты талдаудан кейін келесі аудит стандарты қабылданды:
1.Қаржы ақпаратының аудиті, оның мақсаты мен принциптері.
2.Аудит жүргізу талабы (хат-міндеттеме).
3.Аудит қызметін сапасын бақылау.
4.Құжаттау.
5.Аудиттің қаржы ақпаратын тексергені туралы анықтамасы.
6.Қаржы ақпаратының аудиттік тексеру жасағандығы заңдылықты және нормативтік тәртіпті сақтауы.
7.Ақпарат-жоспар.
8.Тапсырушының кәсіпкерлігін білу.
9. Ішкі бақылау және күдіктілікті бағалау.
10.Аудитор дәлелділігі.
11.Бірінші аудиторлық тексеру. Тексеру алдындағы қалдық.
12.Кәсіпорын басшысына берілетін мәлімет.
Қабылданған «Қазақстан Республикасындагы аудиторлық қызмет туралы» заң және осы жоғарыда келтірілген ұлттық аудит стандарттары еліміздегі аудит қызметінің дамуына, бір жүйеде жүргізілуіне әсерін тигізетіні сөзсіз.
2. Аудиттің мамандық этикасының кодексі
Аудит қызметінің негізгі мақсаты — ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этика деген грек сөзі, оның мағынасы — нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. Өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке тұратындай адам болуы керек. Этикада мамандардың әлеуметтік көзкарасы да ерекше орын алады.
Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика кодексі арнайы категория ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік көрсету жолының құрамы анықталған.
Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы этика екі түрге бөлінеді. Ол — жалпы жан дүние этикасы және мамандық (жұмыс) этикасы. Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұргыдан анықталған. Профессор Дж. Робертсонның айтуынша: «мамандық этикасының кодексінің жалпы этика теориясынан айырмашылығы онда нақты мамандық проблемаларына жауап анықталған. Мамандық этикасының кодексінде нақты мамандарға қойылатын талаптар анықталған. Онда мамандарга қойылатын этикалык, талаптармен қатар әдептілік, ізеттілік түсініктері де анықталған. Ал мамандар өз кезегінде сол көрсетілген этика талаптарын орындауға міндетті болған. Оны орындамаған жағдайда мамандық саласында тәртіп болмайды». Осы келтірілген мамандар этикасы аудит қызметкерлеріне де тән.
Батыс елдерінде этика мәселесінің шешімі арнайы мамандар этикасының кодексімен қарастырылған. Онда аудитор этикасынын құрамы, оларға қойылатын этикалық талаптар атап көрсетілген. Осындай мамандар этикалық кодексінің бірі ол -Ұлыбритания елінде қалыптасқан. Онда ең алдымен аудиторға қойылатын талаптар: адалдық, дербестік және объекттивтік қасиеттер.
Аудитор өз жұмысында объективтілік көрсету үшін ол жұмыс барысында барлық фактілерге әділ көзбен қарап өз ойын объективтілікпен тұжырымдауы қажет.
Мамандар этикалық кодексінде аудитордың дербес, тәуелсіздік көрсету жолына көп көңіл бөлінген. Ондағы негізгі мәселе тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, алдымен объективтілікті және күдіктілікті жібермей жұмыс істеу. Себебі, көптеген факторлар күдіктілік туғызады, содан кейін ол объективтілікке әсерін тигізеді. Сондықтан мамандар этикалық кодексінде күдіктіліктен алшақ болу жолын, оған жол бермеу үшін не істеу керек екенін қарастырған.
Біріншіден, тапсырушымен қарым-қатынаста тәуелді болу жағдайына немесе аудит принциптерін бұзу жағдайына жол бермеу керек. Екіншіден, аудитор өзінің дербес, тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін тапсырушылармен туыстық, семьялық, таныстық қатынасының жоқ екеніне күмәнсіз болуы керек. Үшіншіден, аудит этикасының кодексіне ерекше айтылған ой ол — аудитор өзінің дербестік этикасын сақтау үшін тапсырушы кәсіпорынмен материалдық, қаржылық байланыста болмауы керек. Төртіншіден, аудитор сыйлық алудан, қонаққа барудан немесе несиеге ақша алудан тікелей бас тартуы қажет.
Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол — соттасу немесе сот тергеуінен аулақ болуы керек.
Ұлыбритания елінің аудит этикасы кодексінде қойылған қатал талаптың бірі ол — конфеденциалдық принципті сақтау.
Аудит қызметінің құпиялылығын қатал сақтау қажет. Аудит тексеруі барысында анықталған кемшіліктер немесе әртүрлі қылмыстылық фактілерді аудитор тек қана тапсырушыға хабарлап және сол кемшілік немесе қылмыстылық фактілерді қалай түзетуге болатынына толық түсініктеме беруі қажет. Яғни, тексеру барысындағы анықталған кемшіліктер туралы тек қана тапсырушы және аудитор ғана білуі керек.
Еуропа этикасының кодексінде тағы бір ерекше орын алатын нәрсе олардың өзара қарым қатынасы. Ол елдердегі аудит фирмаларының үлкен бәсекелестігіне қарамастан олар өзара сынаушылық немесе сыйласпаушылыққа бармайды. Мүмкіншілігінше бір-біріне көмектесу жолымен аудит жұмысын жүргізеді.
Американың дипломды бухгалтерлер қоғамының институты 1988 жылы жаңа вариантпен аудитор мамандарының тәртібі кодексін қабылдады. Оның алты түрлі қарастырылған анықтамасы аудитор мамадарының этикасын дәріптейді. Оларға жататындар: дипломды бухгалтерлер қоғамының институт мүшесі, аудиторлар міңдетті түрде жоғарғы деңгейдегі маман және моралді болуы кажет; қоғам мүддесі, аудитор өз мойнына қоғамдық мүддені алып, соны актау үшін қайта жоғары білгірлігін танытуы керек; адалдық, қоғамның сенімін ақтау үшін аудиторлар адал қызмет істеп өзінін білгір маман екенін көрсетуі қажет; тәуелсіздігі және объективтілігі.
Аудитор этикасын дайындауды, үлкен жұмысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр. Этика кодексінің анықталған тәртібі мыналар:
адалдық, объективтілік, аудитор сырттан жасалған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет; конфиденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай мәліметті жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ; білім, тәрбиелік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет; аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандықты жағынан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет. Сонымен қатар аудитор тапсырушы талабын бұлжытпай орындауға міндетті.
Қорыта келгенде, дүниежүзілік әртүрлі аудит этикасын қарастырғанда, оған үлкен мағына берілетіні қатал талап қойылатыны айқындалды. Олар өз кезегінде әділетті эксперт деңгейінде жұмыс істейді, оған үлкен сенім артылады, ол өз кезегінде соны ақтауға міндетті.
Талап қоятын ереже (міндетті этика).
Аудитордың алдына қойылатын осы топтағы талап-міндеттер: біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру; шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардын, қоғамға қажетті өнімді көбейтуіне іскерлікпен көмектесу; тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу; ұжымдағы қызметкерлермен сенімді, сыйлы катынаста болу; өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделін көтеру; келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру; аудит тапсырушның үлкен зиян келтіретін фактілерді хабарлап отыру.