Аудиттің мәні, пәні мен әдістері

Аудиттің мәні, пәні мен әдістері

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болды, соның бірі- аудит. Сол кездерде елімізде акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорындар, коммерциялық банктер, тағы басқаларының құрыллуы, көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етті.
Нарық экономикасы қатынастары жағдайында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу, көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген, өйткені олар дұрыс, анық және талапқа сай болуы керек. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді пайдалануына әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Осы ақпараттардың дұрыстығын, заңдылығын тек аудитор анықтап айта алады. Тәуелсіз аудитор клиенттерге олардың келісімі немесе шақыруы бойынша қызмет етеді. Бұл тек ақы төлеу арқылы белгіленген шарт бойынша жүргізіледі.
Дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болып саналады. Қытайлардың көне жазулары бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, өзінің міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүліктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған.
Кейбір деректерде аудиттің тарихы 17 ғасырда пайда болды делінген. Барлық ақпараттарды қорыта келе, аудиттің көне заманда пайда болғаны байқалады.
1773 жылы Шотландияның орталығы- Эдинбургке арналған адрестік кітапшада жеті аудиторлардың есемі айтылған. Осыған сүйене отырып, кейбір авторлар кәсіпқой аудитор батыс елдерінде , Шотландияда 19 ғасырдың ортасында пайда болды деген ұғымға келеді.
Аудиттің одан әрі дамуына 1862 жылы Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен есептерін ең аз дегенде жылына бір рет аудиторлар тексеруі қажет делінген. Америка Құрама Штаттарында аудиторлық жұмыс британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 жылы Нью-Йорк штатының заңды орындары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.
Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған. Мысалы, 1880 жылы Англияда машықтанған бухгалтерлер Институты құрылған, 1887 жылы АҚШ-та дипломатиялық бухгалтерлер Институты, Германияда- аудиторлар Институты, т.б.
Аудит Қазақстан республикасында жаңадан пайда бола бастады. 1990 жылы алғашқы аудиторлық фирма ҚР министрлер Кеңесінің 15.02.1990 жылғы №60 қаулысына байланысты ҚР Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан –аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 жылдан бастап ол өз бетінше ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.
Аудиторлық жұмыстың әрі қарай дамуына 18.10.1993 жылы шыққан «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет» туралы заңы әсерін тигізді.

2. Аудиттің негізгі принциптері мен функциялары
Аудиторлық қызметті жүргізу үшін, олар аудиттің негізгі принциптерін қолдануы тиіс. Өйткені бұл принциптер аудиторлық тексерудің барлық бағыттары мен жолдарын анықтауға көмектеседі.
Аудит туралы Қазақстандық бірінші “Қаржылық есеп аудитінің бағыты және жалпы принципі” стандарты бойынша негізгі принциптерге келесілер жатады: тәуелсіздік; шындық; объективтілік; ұқыптылық және кәсіби мамандылық; құпиялылық.
Аудиторлардың жұмысы стандарттың техникасына, бухгалтерлік есептің стандартына және заңға сәйкес болуы қажет.
Тәуелсіздік принципі келесілерді сақтау керек:
тексеру жөніндегі жоспардың тәуелсіздігі. Аудитор өзінің орындайтын жұмысына тексеретін кәсіпорынның басшыларының араласпауын талап етеді. Себебі, олар аудиторлық жұмысты өз ыңғайларына қарай бағыттауы мүмкін.
— тәуелсіз түрде зерттеу. Аудитор бухглтерлік регистрлерге , қарапайым жазуларға , ақпараттарға еркін пайдалануы қажет.
— тәуелсіз түрде қорытынды беру.
Осы айтылған принциптерден басқа төмендегі принциптерді пайдалануға болады: ғылымилық; нақтылық; құндылық; жылдамдық; толықтық және жүйелік; пікірлік.
Аудиттің атқаратын функциялары келесідей: эксперттік; аналитикалық; кеңес беру; өндірістік.

3. Аудит пәні, объектісі және міндеттері
Аудит пәні және объектілері олардың алдына қойылған мақсаттар және міндеттер арқылы анықталады.
Аудит пәні дегеніміз шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т.б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына , нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Егер аудит объекті шаруашылық субъектінің финанстық қызметі болса, онда оның мақсаты — есеп берушіліктің толықтығын, нақтылығын, бекітілгендігін тиянақты түрде қарайды. Аудиттің мақсаты финанстық есеп бойынша аудиторлық қорытынды жасау, финанстық есептің бухгалтерлік есеп нормаларына және әрекет ететін заңдылықтарға сәйкестігін және нақтылығын тексеру болып табылады.
Егер аудит объекті бухгалтерлік есеп болса, онда аудит мақсаты барлық кәсіпорындарға мемлекетпен бекітілген заңдылықтарға, жалпы нормаларға, стандарттар мен ережелерге сәйкестігін тексеру болып табылады.
Егер аудит объекті барлық шаруашылық қызметі болса онда оның мақсаты осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығындарды азайту мүмкіншіліктерін айқындау, еңбек өнімділігін және өндірістің рентабельділігін арттыру, кәсіпорын қызметін жақсарту үшін рекомендациялар өңдеу болып табылады.
Консалтингтік қызметті жүзеге асырудағы аудит мақсаты аудиторлық фирма клиенттерінің коммерциялық қызметін жақсартуда (үшін) жоғары дәрежеде консультациялық қызмет көрсету және аудиторлардың беделін арттыру болып табылады. Аудит қызметі басқа қызметтер сияқты пайдасы көп болу керек. Осы мақсаттарыды жүзеге асыруда аудитор алдында келесідей негізгі міндеттер тұр:
1. Кәсіпорынның финанстық есеп берушілігінің нақтылығын қамтамасыз ету және финанстық есепті пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелділіктің деңгейін төмендету.
2. Компоненттік мәліметтерді жинау және бағалау.
3. Кәсіпорынның немесе оның жеке түрлерінің экономикасын жүйелі және жан-жақты талдау.
4. Кәсіпорын қызметінің оның уставына, бизнес-жоспарына сәйкестілігін тексеру.
5. Заңдылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есеп, есеп берушіліктердің жүргізілуін және мемлекеттік органдардың шаруашылық субъектінің финанстық жағдайы туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етілуін бақылау.
6. Алғашқы құжаттарды тексеру.
7. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және жүргізуде клиенттерге консультациялық қызметтер көрсету.
8. Клиенттермен қатынасты нығайту және өсуіне әрекет жасау.

4. Аудит әдістері мен әдістемелік тәсілдері
Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын оның ғылыми әдістері деп атайды. Аудит экономикалық ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді.
Аудиттің жеке әдістемесі диалектика принциптері мен жалпы ғылыми теориялық зерттеу зандылықтарынан құралады.
Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады; олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау, салыстыру, өлшеу.
Талдау -ғылыми зерттеу әдісі, оньң негізгі объектісі соның құрамына, бөлшегіне жекелеп мазмұн, мағынасын анықтап, өз кезегінде тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау, біріктіру, қорытындылау) ғылыми зерттеу әдісі оның негізі зерттеу объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмұн, мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.
Аудит барысында шаруашылық субъектілерінің қаржылық-табыстылық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция — индукция әдісі қолданылады. Дедукция (тұжырымдау, қорытындылау) — ақыл-ойға салып, жалпы көрсеткіштерді жеке көрсеткіштерге дәлел жасап, логикалық тұжырымдау, қорытынды жасау. Индукция — ақыл-ойға салып жеке объектілерге талдау жасап, жалпы көрсеткіштерге анықтама беретін логикалық әдіс.
Аналогия (ұқсастық) — ғылыми зерттеудегі ұқсастық негізінде объектілерді анықтау. Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі жағынан ұқсастығын қарастыру арқылы анықтама жасайды.
Жүйелі талдау — талдау объектілерін жүйеге келтіріп, оны құрайтын бөлімдерін топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі талдау объектісінің бөлімдерін жеке-жеке бағалап, оларға әсер ететін факторларды талдап олардың бірлескен түріндегі объектілерге әсерін бір жүйеге келтіреді.
Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі объектіні жүйеленген зерттеу әдісі мен талдаудың дамуы барысында өндіріс талабына сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарының тиімділігін, шығындарды оптималды мөлшерде есептеу үшін қолданылады.
Аудиттің әдістері үш топқа бөлінеді: 1) аналитикалық анықтау, есептеу; 2) құжаттау; 3) қорытындылау.
Аналитикалык анықтау-есептеу әдісі — ол негізінде экономикалық талдау (топтау, салыстыру т.б.), аналитикалык тексеру және статистикалық, экономика-математикалық әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған әдістемелік әдісі — ол шаруашылық субъектілерінің қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық есебін тексеру.
Әдістемелік құжаттау әдісі — өз кезегіне үш топқа бөлінеді; 1) мәліметтік модельдеу; 2) нормативтік құқылық жолын анықтау; 3) есеп құжаттарын зерттеп, тексеру.
Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын алатын бақылау-тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын мүлкінің нақты есебін альш түгелдеу. Өз кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.
Қорыта келгенде аудитор жұмысында әдістемелік тексеру әдістері үлкен орын алады. Оның ішінде қазіргі кезде тексеру барысында компьютер қолдану, тапсырушының компьютер құрылымымен жұмыс істеуі ерекше орын алады. Әрине ол үшін аудитор компьютер бағдарламасын жақсы білуі қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *