Аудиторлық қорытынды есеп беру
Аудиторлар және аудиторлық фирмалар жүргізген аудит нәтижесінде есеп жасап, оны келісім бойынша тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде өткізілуі керек. Аудитормен келісімнің орындалуы Қазақстандық 5 стандарт бойынша қаржы есебін тексерудің аудиторлық қорытындысы және сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің аудиторлық қорытындысымен анықталады.
Аудит есебінің формасы мен мазмұны келесідей принциптерге негізделеді:
— есептің басқалардан ерекшеленетін тақырыбы болуы керек;
— есепте аудит мақсаты, көлемі, масштабы көрсетіліп, аудиторлық процедуралардың шекарасы мен мәселесі туралы хабарлау керек;
— егер аудит есебі басылымға ұсынылса, оған қоса негіз болатын қаржы құжаттары да жариялануы керек;
— есеп беру үшін пайдаланушыға қолдануға жоғары тиімділік беру үшін белгілі уақытты ұсынуы қажет.
Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде тексерудің жалпы көлемі, мазмұны көрсетіліп, оның құқықтық жақтары сәйкес стандарттарға жүргізілгендігі көрсетіледі.
Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәліметтер қаржылық есепте жіберілген қателіктердің болуы мүмкіндігін аудиторлық тәуекелдің қандай мөлшерде зиянды екендігін қарастырады. Одан кейін аудит технологиясының барысы көрсетіледі: 1. Тест арқылы талдау жасау- қаржылық есептерге құжаттар арқылы дәлелдеу; 2. Бухгалтерлік есеп принциптері, оның қаржылық есеп жасаудағы тиімділігін нақты дәлелді түрде көрсету; 3. жалпы қаржылық есепке баға беру.
Аудиторлық есептің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысы көрсетіледі. Оның мақсаты- субъектінің қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын , оның заңдарға , нормативтік құжаттарға, бухгалтерлік және аудиторлық стандарттардың талаптарына сәйкестілігін көрсету.
2. Аудиторлық қорытынды есеп құрылымы мен түрлері
Қазақстандық аудит стандарттарының талаптарына сай аудит қорытындыларының түрлері мен мазмұны бір жүйеге келтірілген шетелдік тәжірибеге сүйене отырып елімізде аудиторлық қорытынды төрт түрге бөлінеді. 1) күдіксіз сенімді аудиторлық қорытынды- аудиторлық тексеруде ешқандай қателіктер жоқ, қаржылық есептің жасалуы дұрыс болғанда, бухгалтерлік есеп заңдарға, мемлекеттік ереже нұсқауларға сай, бухгалтерлік есеп стандарттарға сәйкес жүргізілгенде беріледі. 2) күдіксіз ескерту келтірілген қорытынды – аудит жүргізудің барысында әртүрлі себептердің кездесуіне байланысты болады. 3) күдікті сенімсіз аудиторлық қорытынды- аудит тексеруі барысында қаржылық есептің , бухгалтерлік есептің, есеп саясатының орындалмауына байланысты берілетін қорытынды. 4) теріс қорытынды- субъектінің қаржылық есебі, бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есебі мен аудит стандарттарына сай жүргізілмеген мемлекеттік заңдарға, нұсқау ережелерге сәйкес келмеген жағдайда жазылады.