ҚР АУДИТТІ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

ҚР АУДИТТІ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Аудиторлық қызмет әрекеттегі мемлекеттік заң актілерімен, аудиторлық стандарттармен және т.б. реттеледі. Аудиторлық қызмет туралы заң ҚР Конституциясына негізделеді. Аудиторлық қызмет субъектілерін құру бойынша ұйымдастырушылық шаралар Азаматтық Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.Олар бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде танылады, сондықтан жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болып тіркелінуі мүмкін.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері — аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері жүргізу қысқаша келтірілген. Онда аудитті жүргізу құқықтарына шектеулер бекітілген.
Аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері, қайшылықтарды шешу тәртібіне 6-шы бөлім арналған.
Аудиторлар этикасының Кодексімен аудиторлардың тәртіптерінің этикалық нормалары реттеледі.
Аттестация деп Біліктілік комиссиямен аудиторға кандидаттарды емтихан арқылы кәсіптік деңгейін анықтауды айтады. Аттестацияға жоғары білімді және экономика, қаржы, есептік-аналитикалық, бақылау-ревизиялық немес құқықтық салаларда бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар жіберіледі. Аттестациядан өткен тұлғалар «аудитор» квалификациясы берілгендігі жөнінде куәлік және квалификациялық куәліктің номері көрсетілген жеке мөр беріледі. Біліктілік комиссиясының «аудитор» квалификациясын беру туралы шешімі баспаларда шығарылады. Аттестациядан өтпеген тұлғалар екінші рет аттестациядан өтуге бір жылдан кейін жіберіледі.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға лицензияны ҚР Үкіметімен анықталатын құзырлықты мемлекеттік орган береді. Банктік қызметке аудитті жүргізуге лицензияны ҚР Ұлттық банк береді. Аудиторлық ұйымның жұмыс істейтін аудиторға лицензия керек жоқ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия тұрақты болып табылады және ҚР территориясында әрекет етеді. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия құжаттардың негізінде беріледі, олардың тізімі лицензиялау туралы заңмен анықталады. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар реестрінде көрсетіледі. Лицензия беру, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар реестрін жүргізу, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайтару және әрекетін тоқтату туралы мәліметтерді ақпарат құралдарына жариялауды лицензия беруші болып табылатын құзырлықты мемлекеттік органдары қамтамасыз етеді. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны лицензия беруші заңда бекітілген тәртіпке сәйкес қайтарып алуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *