НЕГІЗГІ КҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

НЕГІЗГІ КҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
Негізгі құралдар дегеніміз — материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек кұралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.
Негізгі құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктерінен оның аудитінің мақсаты туындайды. Яғни аудитінің мақсаты — негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дүрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудитор алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.
Негізгі қүралдардың сақталу, есепке алу жөне пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:
— негізгі құралдардың нақты қолда барлығына және сакталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін тексеру;
— еңбек құралдарының негізгі құралдарга дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндіріс үрдісіне қатысу сипаты бойынша топталғандығын тексеру;
— есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын тексеру;
— есепте негізгі құралдардың кіріс жөне шығыс операцияларының дұрыс көрсетіліп құжатталғандығын тексеру;
— есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп құжатталғандығын тексеру;
— негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын тексеру;
— бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі құралдардың және олардың қозғалысы туралы моліметтердің дүрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.
Аудитор негізгі құралдар нысандарының топталып сыныпталуын тексерген кезде кейбір мөселелерді анықтап көз жеткізуге міндетті:
— негізгі құралдарды кіріске алу есеп акт ісіне тіркелетін техникалық құжаттарының сақталғандығына, олардың сақталу тәртібіне және кімдердің жауап беретіндігіне;
— негізгі құралдар нысандарының толық мінездемесі жазылған мүліктік есеп карточкаларының сақталғандығына;
— негізгі құралдар нысандары сәйкес белгілеріне қарай кіріске алынып, техникалық кұжаттары мен мүліктік карточкаларының негізінде топтаудың жүзеге асырылғандығына.
Аудитор негізгі құралдардың негізгі құралдар нысандарының топталып сыныпталуын тексеруді жүзеге асырып, табысты аяқтау үшін мына мәселеге мұқият назар аударып анықтап алуға тиіс:
— негізгі құралдар нысандарының кіріске алынған сәтінде келіп түсу көздеріне қарай дұрыс бағаланғандығын;
— жеке тұлғалардан сатып алынған құралдардың құны көрсетіліп, екі жақты шарт жасалғандығын;
— құрылтайшыларының шаруашылықтың жарғылық капиталына қосқан үлестері, кіріске алынып, келісім бағасына жасалған хаттамасын және сараптау жолымен бағалау жүргізу тәртібінің сақталғандығын;
— негізгі құралдар нысандарын ұзақ мерзімге жалға (сатып алу құқығы берілген) алған кезде, жалға беруге және алуға жасалған шартта нысанның құны көрсетілгендігін;
— негізгі құралдар нысандарының бастапқы (ағымдағы) құнына, жәй күйіне әсер ететіндей қосымша салымдардың нәтижесін, ішінара жою немесе қайта құрастырудың салдарынан нысанның пайдалы қызмет ету мерзімінін ұзартылғандығын немесе қысқарғандығын;
— негізгі құралдар нысандарының нарықтық құны туралы арнайы мамандандырылған ұйымдардың растаған сараптама қорытындысы жазылған құжаттарын;
— негізгі құралдар нысандарын дайындап шығаруды және сатушы ұйымдардағы тауардың бағасы туралы және баға туралы арнайы басылымдарда жарияланған анықтама материалдарының бар екендігін.
Негізгі құралдарды жаңартып, толықтырып ескіргендігін жөне шаруашылыққа қажет емес пайдаланылмай тұрғандарын дер кезінде шығысқа шығарып отырудың маңызы зор. Негізгі кұралдарды кіріске алу жөне шығысқа шығару операцияларының талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы олардың қозғалысына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Негізгі құралдардың есебінің, олардың кіріске алыну тәртібінің сақталғандығын растайтын маңызды бөлігін тексеруге кіріскенде аудитор мынадай мәселелерді анықтап алуға міндетті:
— шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар нысандарын қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жүмыс істейтін комиссия құру туралы бұйрығының, өкімінің шығарылғандығын;
— қабылдау комиссиясының құрамының кәсіби талапқа сай екендігін;
— қабылдау-өткізу актісінің дер кезінде сапалы толтырылып, техникалық құжаттарының (төл құжат, тұтастық ведомостары ж.б. құжаттары) тіркелгендігін;
— қабылдау актісін субъектінің басшысының бекіткендігін;
— қабылданған нысандарға мүліктік карточкалары ашылып, мүліктік номерлер соғылғандығын;
— кіріске алынған негізгі құралдар нысандарының тұрған жөне пайдалану орындары бойынша материалды жауапкершілікті тұлғаларға бекітіліп беріліп, олармен шарт жасалғандығын;
— кіріске алынған негізгі құралдар нысандарының жұмсалған қаржы көздеріне сөйкес бағаланғандығын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *