АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
Қазақстан Республикасының ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылык жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары, ұлтгық банктің белгілеген көлемінде шаруашьшықтың кассасында сақталуға тиісті. Яғни, ақша қаражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық жөне шетелдік валютада ашылған шоттарын анықтауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
Аудитор шаруашылықтың есеп айырысу шоттарының және кассаларының құрылымымен танысқаннан кейін, ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламасын жасайды.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырылулар мен түзетулер енгізіліп отырылады. Ақша қаражаттарының аудиторлық бағдарламасы мынандай іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін:
— баланстың қөрсеткішінің, Бас кітаптың жөне есеп регистрларының, машинажазбалардың мәліметтерімен салыстырып тексеруді;
— ақша қаражаттары шоттарының синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметгерінің сәйкестігін және дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;
— кассаға түгендеу жүргізуді және касса операцияларын тексеруді;
— есеп айырысу валюталық шоттардың ашылу тәртіптерінің сакталғандығын тексеруді;
— банктегі арнайы шоттардың ашылу тәртібін және жүргізілген операцияларының заңдылығын тексеруді;
— есеп айырысу тәртібін бұзуға жол бергені үшін қолданылған шараларды тексеруді;
— шаруашылықтың келісімінсіз, олардың шоттарынан қаражаттың аударылу және есептен шығарылу фактілерін тексеруді;
— шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебіне ішкі бакылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексеруді.
Шаруашылықтағы ақша-қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор — ол уақтылы жүргізілген түгендеу. Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып, оның нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып, олардың кейбіреулерін қағазға жазып алып, тексеру барысында қайталануын бақылауға алады.
Тестінің сауалнамасына алынған жауапқа талдау жасаудың негізінде субъектідегі банк операцияларына ішкі бақылаудың деңгейінің бухгалтериялық есеп жүргізудің талабына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Тест өткізгеннен кейін құжаттарды алу және оларды өзара салыстыру әдістерін қолданып банк мекемелерінде ашылған әрбір шоттың ерекшелігін ескере отырып, орын алған банк операцияларын мүқият тексеру керек. Әдетте, банк операцияларының есебінің аудитін, кіріс, шығыс операциялары тек ғана ұлттык валютада жүргізілетін есеп айырысу шотының есебінен бастайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *