АУДИТ СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ АУДИТОРЛАРДЫҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫ

АУДИТ СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ АУДИТОР-ЛАРДЫҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫ
Кәсіби техникалық стандарттар жұмысты атқару және сапаның ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету үшін бекітіледі.
1984 жылы АІСРА мүшелері ресми түрде 10 жалпы қабылданған аудиторлық стандарттарды бекітті. 1936-1972ж.ж. дейін аудит процедурасы туралы 54 қаулы дайындалды (SAP), нәтижесінде 63 қаулы шығарылып, басқалары өңделуде. №1 аудиторлық стандарт туралы қаулы жүйеге 54 стандарт әкелді, процедуралар мен стандарттарды кодификациялау жетілдірілді.
Аудиторлардың жұмыстары мен есеп берулерін түсіну үшін біліктілер стандарттармен жақсы таныс болуы қажет, өйткені олар негізгі арнайы әдебиеттердің негізі болып табылады. Жалпы қабылданған он стандарттар – келесі процедуралар мен стандарттардың көзі — АІСРА 150 «Кәсіптік стандарттар» бөлімінен көруге болады. Бұл стандарттар үш топқа біріктірілген:
1. Жалпы стандарт.
2. Тәжірибелік жұмыс стандарттары.
3. Есеп беру стандарттары.
Кодекс аудиторлар тәртібінің тыйым салынатын ережелерін және міндеттемелер тізімін көрсетеді.
Аудит қызметінің негізгі мақсаты – аудит қызметін өте жоғары деңгейде көрсету. Ондай қызмет атқарушы тек білгір маман ғана болып қана қоймай, өте тәрбиелі, әдепті, мәдениетті адам болуы керек. Кодекске сәйкес аудиторға келесі талаптар қойылады.
1. адалдық – аудитор тек өзі ғана адал, шыншыл болып қоймай, ол өзімен бірге жұмыс істейтін эксперттерден де адал болуды талап ету қажет. Егер тапсырушының жұмысына біліктілігі жетпейтін болса, онда аудитор кәсіпкерлік пайдасын ойламай, ол жұмыстан алдын-ала бас тартуы керек.
2. объективтілік – барлық фактілерге әділ көзбен қарап, өз ойын объективтілікпен тұжырымдау керек.
3. тәуелсіздік – аудитордың сыртқы бақылау мен әсерден бостандығын білдіреді.
4. құпиялылық –коммерциялық құпия объектілерін құрайтын аудитордың өзімен аудит барысында жасалған аудит нәтижелерін, аудитталатын субъектіден алынған ақпараттар, аудиторлық дәлелдемелер сақтығын қамтамасыз ету. Бұл принциптің негізгі шарты аудитталатын субъектінің келісімінсіз ешкімге ақпаратты жарияламау.
Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері:
1. Тәуелсіздігі — сыртқы әсер мен бақылаудан еркіндігін көрсетеді.
Аудитордың тәуелсіздігіне келесі жағдайлардың болуынан күмәндануға болады:
— клиентпен қаржылық байланыс (клиенттің қаржылық жағдайына қызығушылық; клиенттен алынған немесе берілген қарыз арқылы; біріккен бизнесі кезінде және т.б.)
— компаниядағы тағайындалуы – егер аудиторлық тексерісті жүргізу кезінде немесе оған дейін басқару мүшесі, компания жұмысшысы, немесе қызмет тұлғасы болса;
— клиентке басқа да қызметтер көрсету – аудитор аудиторлық және басқа да қызметтерді орындаған кезде басқарушылық шешімдер мен басқарушылық функцияларды атқармауы қажет;
— жанұялық және жеке қарым-қатынас;
— келісім шарт бойынша төлем – егер клиенттің аудиторға төлеген сомасы аудитордың жалпы жылдық табысының көп бөлігін құраса, онда оның тәуелсіздігіне күмән туғызады;
— тауарлар мен қызметтер – клиенттен тауарлар мен қызметтер қабылдау — тәуелсіздікке қатер ретінде қарастырылады;
— бұрынғы серіктестер – аудиторлық фирмадан жұмыстан босатылғанда бұрынғы клиенттің жұмысын қабылдауы;
— ағымдағы және болатын соттық процесс — клиент пен аудитор арасындағы соттық істің қаралуы аудитордың тәуелсіздігі мен объективтілігін азайтуы мүмкін;
— адалдық;
— кәсіби біліктілік – аудиторда арнайы білімнің, жұмыс тәжірибесінің болуын айтады;
— құпиялылық – аудитор кәсіптік қызметті атқару барысында, тексеріс нәтижелерін тексерісті тапсырған меншік иесіне немесе органға беру жағдайларынан басқа, тексеріліп отырған субъектінің келісімінсіз ақпаратын таратуға болмайды;
— кәсіптік тәртібі – аудитор кәсібінің жақсы репутациясына сәйкес әрекет етуі қажет, аудитор кәсібіне сенімсіздік келтіретін жағдайларды болдырмау қажет;
— техникалық стандарттарды сақтау – аудитор өзінің қызметтерін кәсіптік стандаттарға сәйкес атқаруы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *