АУДИТОРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

АУДИТОРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
«Құжаттау» дегеніміз аудиторлармен және аудитор үшін дайындалған немесе аудитпен байланысты аудитормен алынған және сақталатын материал. Аудитор аудитті неғұрлым толық түсінуді жан-жақты және егжей-тегжейлі қамтамасыз ететін дәрежедегі жұмыстық құжаттар жүргізуі тиіс. Аудитор жұмыстық құжатарда атқарылатын аудиторлық әрекеттің сипаты, жоспары, көлемі, мерзімі және қорытындылары турасында, сонымен қатар алынған аудиторлық дәйектердің негізінде жасалған қорытындылар туралы жазбалар жүргізеді. Жұмыстық құжаттарда аудитордың өз пікірін білдіріп қорытынды жасауға тиісті деп табылған бүкіл елеулі мәселелерге деген көзқарасы мазмұндалады.
Жұмыстық құжаттарда мыналар қамтылады:
— ұйымның құқықтық құрылымына қатысты ақпарат;
— маңызды деп танылған заңды құжаттардың, келісімдер мен хатамалардың көшірмелері;
— субъектінің іс-әрекетінің айналасындағы өнеркәсіптік, экономикалық және құқықтық салалар бойынша ақпарат;
— жоспарлау, оның ішінде аудит бағдарламасы жөніндегі құжаттама және соларға байланысты кез-келген өзгерістер;
— аудитор тарапынан бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін танып-түсіну дәйегі;
— міндетті дәрежедегі тәуекел мен ішкі бақылау жөніндегі тәуекелге баға берулерді кез-келген түрде қайта қарау турасында құжаттама;
— ішкі аудитордың жұмысын және олар жасаған қорытынды аудитордың қарап шыққаны жайындағы дәйек;
— шоттардың сальдосы мен іс-әрекеттерге жасалған талдау;
— маңызды коэффициенттер мен ағымдар жайындағы талдаулар;
— атқарылған аудиторлық әрекеттердің сипаты, мерзімі, көлемі және қорытындылары турасында жазбалар;
— көмекшілердің тарапынан атқарылған жұмыстардың бақылаудан және талдаудан өткені жайындағы мағлұмат;
— аудитке қатыстрылған адамдардың олардың атқарған аудиторлық іс-әрекеттері мен орындау мерзімі көрсетілген тізімі;
— қаржылық іс-әрекетке басқа аудитор тарапынан аудит жүргізілген бөлімшелерде атқарылған жұмыстардың егжей-тегжейі;
— басқа аудиторлармен, маман-экспертермен және үшінші біреулермен жүргізілген іскерлік хаттардың көшірмелері;
— аудитке қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде аудит жүргізудің шарттары мен ішкі бақылау жүйесіндегі елеулі кемшіліктер турасындағы мағлұматтар жөнінде субъектіге келіп түскен немесе осы мәселелердің талқылауын баяндайтын жазбалар мен хаттардың көшірмелері;
— субъект тарапынан алынған мәлімет-хаттар;
— аудитор тарапынан аудиттің маңызды аспектілері бойынша жасалған қорытындылар, оның ішінде аудиторлық әрекет барысында ашылған ықтимал ерекше мәселелердің шешілуі немесе түсіндірілуі;
— қаржылық есеп пен аудиторлық қорытындының көшірмесі.
Жұмыс құжаттары әр түрлі ақпарат тасушыларда жазылу мүмкін, аудитор олардың дәлелділігін қамтамасыз ету керек. Құжаттардың мазмұны аудитордың кәсіби дайындығының дәрежесін көрсетеді, сондықтан жұмыс құжаттарын жасағанда ондағы ақпарат толық және жан-жақты болу керек. Бұл басқа жеткілікті дәрежесі жоқ аудиторға жасалған жұмыс туралы көрініс жасауға мүмкіндік береді. Жұмыс құжаттары аудитордың меншігі болып табылады. Құжаттар сенімді жерде сақталуы қажет, өйткені клиент туралы ақпарат құпиялы болып табылады және оны жариялауға болмайды. Әдетте клиентке досье аудиторлық фирмада арнайы бөлмеде сақталды. Жұмыс құжаттарын сақтау мерзімі аудитормен және аудиторлық фирмамен анықталады. Олар папкаларда (файлдарда) сақталады және клиентке деген досье деп аталады. Олар ағымдағы, тұрақты, арнайы деп бөлінеді.
Ағымдағы досье ағымдағы аудиторлық тексеріс барысында жиналған барлық құжаттар мен материалдардан тұрады (анықтамалар, бірреттік актілер, жинақтау ведомостері).
Тұрақты досье аудитор үшін ұзақ уақыт кезеңіне маңызды ақпараттан тұрады. Бұл заңмен бекітілген ұйымдастырушылық ақпарат (акционерлер, басшылар туралы мәліметтер, кәсіпорын жарғысының, құрылтай келісім-шарттарының көшірмесі); кәсіпорын мен оның әрекеті туралы ақпарат; аудиторлық тексеріс туралы келісім-шарт көшірмесі; аудит үшін ақпарат (банктік ақпарат, негізгі аудиторлық қызметкерлер, аудитті жүргізу орындарының мекен-жайы); клиенттің салық салу ерекшеліктері.
Арнайы досье – аудиторлық тексерістің бастапқы кезеңіне қатысты құжаттар (аудитті жүргізу туралы өтініш немесе хат, аудиторлық тексерісті жүзеге асыруға келісім-шарт, бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау тиімділігіне тестілер, бақылауды орындау үшін аудиторларды тағайындау, аудиторлық жоспарлар мен бағдарламалар).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *