АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Аудитор (аудитор фирмасы) аудиторлық тексеру нәтижесі туралы аудитор есеп беруін жасайды. Оны тапсырушығы аудит шартында белгіленген мерзімнен кешіктірмей өткізуі қажет. Ол арнайы құжат «қабылдап алу-өткізу актісі» арқылы орындалады. Негізінде, аудит есеп беруіне қорытынды Қазақстан Республикасының аудиторлық стандарттарының 5-ші стандартында келтірілген «Қаржы есебін тексерудің аудиторлық қорытындысы» талабына сәйкес жасалады.
Негізінде аудит есеп беруінің мазмұны мен түрі арнайы принциптерге сәйкес болуы қажет. Олар:
— есеп берудің тақырыбы болуы қажет, себебі әрбір есеп беру басқа есеп беруден өзгеше бөлектеніп байқалатын болуы қажет;
— аудит есеп беруінде аудит көлемі, мақсаты, ондағы мәліметтің шектелуі анықталуы қажет;
— аудиттің есеп беруі басылымға шығатын болса, онда оған қоса сол есепке негіз болған қаржылықты анықтаушы құжаттар да басылымға бірге шығуы қажет;
— аудит есеп беруінде барлық тексерілген қаржылықты анықтайтын құжаттар түгелдей көрсетілуі қажет;
— есеп беруде аудитке құқылық негіз болатын заң құжаттары, нормативтік құжаттар көрсетілуі қажет;
— есеп берудің мазмұнында тұтынушылар үшін қажет мәліметтер бухгалтерлік және аудиторлық стандарттар талабына сай, тексеру әдістемесін дұрыс қолданғаны анықталған болуы қажет;
— есеп берудің мазмұнында келтірілген анықтамалар, түсініктер өте тиянақты, түсінікті, күдіксіз, анық болуы қажет.
Осы принциптерге негізделе отырып, Қазақстанның 5-ші стандартында аудит қорытындысының негізгі элементтері келтіріліп, оның мазмұны мен жүйесі анықталған.
Аудиторлық есеп беру 3 бөлімнен тұрады:
1. Кіріспе.
2. Талдау.
3. Қорытынды.
Аудиторлық қорытынды — кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің шынайылығы мен объективтілігінің тәуелсіз куәсі болып табылатын, барлық пайдаланушыларға жетік, ашық ақпарат.
Аудиторлық қорытынды төмендегідей ретпен орналасатын негізгі элементтерден тұрады:
1) тақырып ;
2) адресат;
3) кіріспе:
а) аудитке тартылған қаржылық есептер тізімі;
б) субъект басшысы мен аудитордың жауапкершілігі жайындағы тұжырымдар;
4) негізгі бөлім (аудиттің көлемі мен сипатын суреттеу):
а) аудит ережелеріне (стандарт), ал егер тиісті ережелер (стандарт) болмаған жағдайда — қалыптасқан тәжірибеге сілтеме жасау;
б) аудитор атқарған жұмыстың сипаттамасы;
5) қаржылық есеп жөнінде пікір білдіру;
6) аудиторлық қорытынды берілген күн;
7) аудитті жүргізген адамның аты-жөні мен мекен-тұрағы;
8) аудит жүргізген адамның қолы.
Аудитор қорытындысының негізгі бөлімінде аудитор тексеруінің жалпы көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқылық жағы Қазақстан стандартына сүйене отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы аудит материалы қолданушылар, тұтынушылар үшін сенімді мәлімет болады.
Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәлімет қаржы есебінде жіберілген қате немесе кемшіліктер болу мүмкіндігін, аудит күдігі қандай мөлшерде зиянды болатынын қарастырады. Яғни, ол көрсеткіштерді мәлімет тұтынушылардың есіне салады. Одан кейін, аудит технологиясының барысы көрсетіледі:
а) тест арқылы талдау жасау. Қаржы есептерін құжаттар арқылы дәлелдеу, анықтау;
б) бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы есебін жасаудағы тиімділігін нақты, дәлелді түрде көрсету;
в) жалпы қаржы есебіне баға беру.
Аудит есебінің қорытынды бөлімінде аудит қорытындысын жасау қажет Оның негізгі мақсаты субъектінің қаржылық есебінің дұрыстығын, оның мемлекет заңына, нормативтік құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық стандарт талабына сәйкес жасалғандығын көрсету. Қаржылық есеп туралы басқа нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анықтамалар, сараптау қорытындылар арқлы көрсетеді. Аудит стандартының талабына сәйкес аудит қорытыныдысының түрі мен мазмұны бір жүйеге келтіріледі.
Аудиторлық қорытындыда төмендегідей жағдайлар қамтылды деп көрсетілуі тиіс:
1) қаржылық есеп пен оның ашылуындағы көрсеткіштердің дәлелдері сынақ негізінде зерттелді;
2) қаржылық есепті даярлау барысында бухгалтерлік есептің негізгі принциптері қолданылды;
3) қаржылық есепті даярлау барысында басшылық тарапынан елеулі түрде субъективтік баға берілді және пікір білдірілді;
4) қаржылық есепке жалпы алғанда толық баға берілді.
Қорытындыда аудитор пікір білдіруге жеткілікті мөлшерде негіз болды деген дәйектеме орын алуы тиіс.
Аудит қорытындысы негізінде құпиялық принципте ұсталатын құжат. Сондықтан аудиторлық қорытынды тек қана тапсырушының қолына тікелей тапсырылады. Тапсырушыға аудиторлық қорытындымен қатар аудит есеп беруі тапсырылады. Есеп беру өте тұжырымды, мәдениетті тілде жазылуы қажет.
Аудитор өзінің есеп беруінде тапсырушының бухгалтерлік есеп беруінде, қаржылық есеп беруінде, тағы басқа экономикалық жұмыстарындағы кемшіліктерді, қателерді нақты анықтап көрсетеді. Ал соны түзету немесе бухгалтерлік стндарт талабына сәйкес етіп жөндеу субъектінің жұмысы. Аудитор ешқандай есеп беру жұмысын немесе басқалай экономикалық қызмет жасауға міндетті емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *