Әлеуметтік-мәдени саланы және ғылымды мемлекеттік басқару

Әлеуметтік-мәдени саланы және ғылымды мемлекеттік басқару

.Білім беру және ғылым жүйесін ұйымдастырылуы түсінігі мен негіздері. Білім беру мен ғылым мекемелерін басқару. Білім – үздіксіз белгілі айқын мақсатты көздейтін процесс. Тәрбиелеу мен оқыту жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүдделері үшін мемлекеттік білім деңгейімен білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Конституциясында көрсетілгендей азаматтарға ақысыз орта білім алуға кепілдік береді және орта білім алу міндетті болып есептеледі. Жоғары білім алудың конкурстық негіздері тегін түрі мен жеке оқу орындарында білім алу жолдары туралы ҚР 1992 жылы 18 қаңтарда қабылданған «Білім туралы» Заңында айқын көрсетілген. Білім беру жүйесіне кіретін мекемелер мен ұйымдар: мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, орта кәсіптік білім беретін, жоғарғы білім беретін кәсіптік жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік мамандық беретін, жетім балаларға, жалпы дамуларында ауытқулары бар ауру балаларға арналған мекемелер болып бөлінеді. Білім беру басқармасы – жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың білім беру жүйесін дамыту мен қамтамасыз етуші орган. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты ҚР Президенті шешеді, ал оны жүзеге асырушы – ҚР Үкіметі болып табылады. Білім және ғылым министрлігі республиканың орталық атқарушы органы ретінде білім беру жүйесін басқарады. Мемлекеттік жоғарғы оқу орнына қабылдау, аспирантура мен докторантураны ашу немесе жұмысын тоқтату туралы мәселені шешеді. Жергілікті атқарушы органдар сол аймақтағы білім беру мекемелерінің жұмысын реттеп отырады. ҚР Конституциясы әркімнің еркін шығармашылық қызметіне кепілдік береді. Қазіргі ғылым туралы заңдар ғылым саласындағы мемлекеттің ұстаған қағидаларын басшылыққа ала отырып, ғылымның техникалық, ақпараттық жағынан, интеллектуалды меншігін қорғау мен халықаралық байланысты сақтаудағы жағдайын реттеп отырады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатқа бағыт беруші ҚР Президенті болып есептеледі. ҚР Парламенті ғылым мен техника дамуына негіз боларлық заңдар қабылдап, интеллектуалды меншікті қорғайды, ғылым мен техниканы дамыту үшін республикалық бюджетті бекітеді. ҚР Үкіметі республикалық бюджетті жасау, атқару, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырумен айналысады. Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техниканы дамытудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда біртұтас мемлекеттік басқару органы болып есептеледі. Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарлама, мемлекеттік ғылым мен техниканы дамытудағы ең негізгі бағытын айқындайды. Заң бойынша әрбір субъект ғылыми-техникалық іс-әрекеттегі бағдарламаны жүзеге асыруда өз мүмкіндік терін пайдалануға құқылы. Ғылымның түрлі проблемаларын зерттеу үшін ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Ғылыми қызметкерлер мен ғылыми ұйымдардың құқықтық мәртебесі «Ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» заңмен реттеліп орырылады. Ғылым саласындағы атқарушы органдардың бірі Департамент ғылыми кадрларды аттестациялау қызметін атқара отырып Ғылым Академиясының бір салалық бөлімшесі болып есептеледі. Департамент ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялаудағы мемлекет саясатын жүзеге асырады. Докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғау құқығын береді немесе ол құқықтан айыра алады. Диссертациялық Кеңестер құру, лицензия беру мәселесін шешеді. 2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі. Мәдениет саласындағы қызмет – мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, тарату жөніндегі қызмет. Мәдени құндылықтар – адамгершілік нормалары мен үлгілері, тарихи-мәдени тұрғыдағы бірегей аумақтар. ҚР мәдениет туралы заңдары ҚР Конституциясында және басқа да заң актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге негізделеді. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат, азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі, тарихи және мәдени мұраларды қорғау. Азаматтар ҚР-ның мәдениет саласындағы заңдарының талаптарын орындауға тарихи және мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға, қазақ халқының Қазақстандағы басқа да халықтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтеуге міндетті. Меншік нысанына қарамастан көркемдік, тарихи, археологиялық және этнографиялық маңызы бар объектілер мәдени құндылықтар болып табылады. Мәдени құндылықтарды әкелу мен әкетуді заңды және жеке тұлғалар мемлекеттің бақылауымен, мәдени қазыналардың шыққан жерін, кімнің бергенін, құны мен сипаттамасын көрсете отырып жүзеге асырады. Мәдени құндылықтарды әкелу мен әкетуге рұқсаты ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен ҚР –ның мемлекеттік уәкілетті орган береді. Мәдени құндылықтарды әкелу мен әкету режимі, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР аумағында жасаған немесе тапқан объектілеріне де қолданылады. 3.Азаматтардың әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары. Еңбекті, әлеуметтік қамсыздандыруды басқару. Еңбек саласындағы мемлекеттік басқару органдарының мақсаты субъектілердің заңда көрсетілген шекте өз қызметтерін атқаруды қамтамасыз етеді. ҚР-ның Конституциясында еңбекпен, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жөнінде құқықтық жағынан реттеудің жалпы қағидалары бар: әрбір адамның еркін еңбек етуге, мамандық таңдауға құқығы бар. Сонымен қатар: мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің еңбек саласында, әлеуметтік қамсыздандыру ісі қағидаларын заңдылық деңгейінде бекіту; нормативті-құқықтық негіз қалыптастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету; еңбекте келісімшарт жүйесін қалыптастыру; еңбекті әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауда әлеуметтік кепілдік жүйесін қалыптастыру сияқты міндеттер қойылған. Аталған саланы мемлекеттік басқару органдарының өзіне тән атқаратын қызметтері бар: еңбек шарты, контракт, ұжымдық шарттар, әкімшілік пен еңбек ұжымы немесе жұмысшы арасындағы келісімдерді бекіту тәртібі мен оны іске асыру; халықты әлеуметтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету кепілдігін қарастыру; меншіктің түріне қарамастан еңбек уақыты мен еңбек қауіпсіздігін сақтау тәртібі барлық жұмысшыларға бірдей. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың еңбек пен әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету қағидаларының негізгі мазмұны мынада: Азаматтар құқығының кепілдік қағидасы, жалпы құқықтық қағида сияқты заңға негізделеді. Конституция бойынша әрбір азамат ең төменгі жалақы және зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Заңды негізде аурулығы, мүгедектігі, асыраушысынан айырылуына жағдайына байланысты әлеуметтік жағынан қамтамасыз етіледі. Жан-жақты қамтамасыз етудің бір қағидасы жұмыссыздарға ҚР-ның заңдарына сәйкес жәрдемақы төлеу. Азаматтардың тең құқықты бөлу қағидасында жауапкершілік, азаматтың нәсілі, жынысы, ұлты, әлеуметтік жағдайы, саяси сенімі, дінге көзқарасына қарамастан бірдей қорғалады деп көрсетілген. Еңбекпен қамтамасыз ету еңбек процесіне жарамды халық пен еңбек орнының арақатынасына, мамандығына, еңбек тәжірибесіне, білімі мен қабілетіне де байланысты. Жұмыссыз азаматтар дегеніміз жалақыдан түсетін пайдасы жоқ, мемлекеттік жұмыссыздықты қамтамасыз ету орнында тіркелген, жұмыс іздеуші, еңбек етуге дайын азаматтар. Жұмыспен қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің аймақтық экономикалық-әлеуметтік даму даму бағдарламасы мен демографиялық, инвестициялық, қаржылық саясатына да байланысты болады. Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамтамасыз ету мемлекеттік басқарудың негізгі саласы ретінде ҚР Президентімен айқындалып, оған еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді. ҚР Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыруының негізгі бағыттары ҚР Конституциясының 66-бабында толық көрсетілген. Бақылау сұрақтары: ҚР еңбекпен қамтамасыз етілуді қай орган реттейді? Әлеуметтік қамсыздандырылу проблемалары. Мәдениет саласы қандай жолдармен және қандай органмен реттеледі? Ғылым дегеніміз не? Білім беру қалай ұйымдастырылады? 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *