Әкімшілік құқықтық режимдер
Әкімшілік құқықтық режимдер деп жеке және заңды тұлғалардың атқарушы билік аясындағы қызметінің ерекше құқықтық режимі түсініледі, ол заңдармен белгіленген және төтенше сипаты бар мән-жайлармен немесе қызмет түрінің ерекшеліктерімен байланысты болады. Әкімшілік құқықтық режимдерді іске асыруға байланысты Әкімшілік-құқықтық режимдерінің түсінігі, түрлері қатысушылардың құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер, қағида бойынша, атқарушы билік органдарының өкілеттіктерін күшейтуден және керісінше, басқарушылық қатынастарының басқа қатысушыларының тіпті оларға қосымша немесе жаңа міндеттер жүктеуден көрініс табады. Әскери жағдай «ҚР-ның Мемлекеттік шекарасы туралы» 1993 ж.13 қаңтарындағы заңымен және кейіннен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын қорғау тәртібі белгіленген. ҚР-ның Мемлекеттік шекарасы дегеніміз ҚР аумағының шегін- құрғақ су, жер ойнауы әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін жазықтық қабат. ҚР-ның Мемлекеттік шекарасының тәртібі қзге мемлекеттермен өара қатынастарына байланысты барлық мәселерді реттеу мақсатында белгіленеді. Мемлекеттік шекара тәртібі мына ережелерді қамтиды: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстау; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту; Әскери емес әуе (теңіз) кемелерінің ұшып шығуы (кетуі), ұшып келуі ( кіруі); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен кездегі бақылау; Адамдарды, көлік құралдарын, жүкті және басқа мүлікті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында шаруашылық қызметті жүзеге асыру; Көрсетілген ережелерге бұзумен байланысты жанжалдарды шет мемлекетпен шешу Мемлекеттік шекара тәртібін қамтамасыз етуге қатысатын әкімшілік құқықтық субъектілердің ерекше өкілеттіліктері бар. Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы тәртібі туралы заңдармен және Халықаралық шарттармен қарастырылады. 2сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі Төтенше жағдайлар режимі ҚР-ның Конституциясының 44-бабымен және «Төтенше жағдайлар туралы» 2003 жылғы 8-ақпандағы заңымен реттеледі. Төтенше жағдайлар – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР-ның Конституциялыө өқрылысын өорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне, азаматтардың, шет елдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше жағдай кезеңінде таратуға болмайды. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi — Мемлекеттік комиссия) төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар Қазақстан Республикасының екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актісімен құрылады. Төтенше жағдай режимінің мазмұны Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығында:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар;
2) төтенше жағдайды енгiзу қажеттiгiнiң негiздемесi;
3) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары;
4) төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар;
5) осы Заңға сәйкес енгiзiлетiн шаралардың және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеулердiң, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетiн мiндеттердiң тiзбесi;
6) төтенше жағдайды енгiзу кезеңiнде құрылатын мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары және олардың өкiлеттiгi;
7) төтенше жағдай режимi кезiнде қолданылатын iс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттiк органдар (лауазымды адамдар);
8) төтенше жағдайды енгiзу уақыты және оның қолданылу мерзiмi қамтылады. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi. Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, жоғарыда аталған талаптары сақталған жағдайда: 1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; террористтiк актiлер; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тәртiпсiздiктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құралымдар құру және олардың қызметi; 2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк, көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады. Дүлей зiлзаланың немесе кең көлемдi аварияның (апаттың) нақты қаупi де төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның ұсынуы негiзiнде төтенше жағдай енгiзуге негiз болуы мүмкiн. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтiк құқықтық актiлер төтенше жағдай енгiзiлген мерзiм iшiнде ғана қолданылады және төтенше жағдайдың тоқтатылуымен бiр мезгiлде ол туралы арнайы хабарландырусыз-ақ күшiн жояды. Төтенше жағдайдың күшiнде болуын тоқтату төтенше жағдай режимiн бұзу туралы iстер бойынша әкiмшiлiк iс жүргiзудiң тоқтатылуына негiз болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi төтенше жағдайды енгiзудiң құқықтық негiзi болып табылады. Төтенше жағдайларды енгізудің мақсаты оны енгізуге себеп болған мән-жайларды жою, адам және азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ҚР-ның конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету. Президент мемлекеттік басқарудың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы органдарын құруы мүмкін, оларға: Президент жанындағы төтенше жағдайлары қмтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия; жергілікті жерлердің комендатурасы жатады. Мемлекеттік коммисия төтенше жағдайларды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою туралы шаралар әзірлейді, олардың жүзеге асуын қйымдастырады және оларға бақылау жасайды. Төтенше жағдай режимін қамьамасыз ету үшін Ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік орландарының, ҚР-ның төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқару органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары пайдаланылады. Төтенше жағдайлар табиғи және техногендік сипаттағы құбылыстармен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын-алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастар «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 ж.5 шілдедегі заңымен реттеледі. Төтенше жағдайдың режимін және авариялық құтқару қызметінің негізгі талаптарын бұзушылардың талаптары заңдарда, ӘҚБтК-те және басқа да қолданылып жүрген заңдарда белгіленеді. 3сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды тиісті аумақтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы, көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi жүргiзеді. Қазақстан Республикасының заңдарында әкелiнуiне тыйым салынатын қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупiн төндiредi деп белгiленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiлмейдi. Профилактикалық егудi жүргiзудің мiндеттiлiгi Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар жұқпалы және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егулердi бюджет қаражаты есебiнен алуға мiндеттi. Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу мерзiмi мен халықтың жоспарлы егу жасалуға тиiстi топтарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды . Медициналық қараудан өтудiң мiндеттiлiгi Халықтың денсаулығын сақтау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiби аурулар мен уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу, ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әр түрлi шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар алдын ала және мерзiмдiк медициналық қараудан өтедi. Халықтың декреттелген тобына мiндеттi түрде медициналық қарауларды жүргiзудiң және оларды жұмысқа жiберудiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейдi . Алдын ала және мерзiмдi медициналық қарау мiндеттi болатын зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейдi . Өндiрiс пен шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзiмдi медициналық қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi. Қызметкерлердiң медициналық қараудан өтуi туралы деректер олардың жеке медициналық кiтапшаларына енгiзiлуге және емдеу-профилактикалық ұйымдардың есебiне алынуға тиiс. Медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейдi . Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзудiң шарттары Жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупi болған жағдайда осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және тиiстi аумақтарда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде шаруашылық қызметi мен халық өмiрiнің айрықша жағдайларымен карантин енгiзедi. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлген жағдайда орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру жөнiнде оралымды басшылық жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iндетке қарсы республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледi. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин жекелеген объектiлерде тиiстi аумақтың (көлiктегi) бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектiлерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi басшыларының шешiмiмен енгiзiледi (тоқтатылады). Шектеу iс-шараларын, соның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртiбiн және пайда болуы мен таралу қаупi болған кезде шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн жұқпалы аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улану оқиғаларын тiркеу және тексеру 1. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тiркеуге алуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары мемлекеттiк есепке алу мен есептілік жүргiзуге тиiс. Аталған аурулар мен улану оқиғаларының мемлекеттiк есебiн жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ олар бойынша есеп берудi жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi . 2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандары жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулардың және адамдардың улану оқиғаларына тексеру жүргiзуге тиiс.
4сұрақ. Соғыс жағдай режимі Соғыс жағдайы — Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим. Соғыс жағдай режимінің құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы , осы Заң, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер және Қазақстан Республикасы бекiткен xaлықаралық шарттар Қазақстан Республикасындағы соғыс жағдайының құқықтық негiздерi болып табылады. Соғыс жағдай режимінің мәні мен мазмұны Соғыс жағдай режимі Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшiн жағдайлар жасау соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты болып табылады. Агрессия — шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы. Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болып табылады. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен енгiзiледi. Соғыс жағдайы енгiзiлген кезде Қазақстан Республикасының Президентi, егер бұрын жарияланбаған болса, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығында: соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар; енгiзiлген шаралардың және азаматтар мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулердiң тiзбесi; соғыс жағдайы енгiзiлетiн аумақтың шекаралары; соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшiн тартылатын күштер мен құралдар; соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уақыт белгiленедi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығының толық мәтiнi дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Парламентiн соғыс жағдайының енгiзiлгенi және iшiнара немесе жалпы мобилизация жарияланғаны туралы дереу хабардар етедi. Мемлекеттi агрессияға тойтарыс беруге әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiлейдi. Соғыс жағдайының кезеңi соғыс жағдайы енгiзiлген уақыттан басталады және соғыс жағдайының күшi жойылған уақытпен аяқталады. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтардың және басқа да адамдардың, Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 3-тармағында аталған баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтарды қоспағанда, құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың қызметiн шектеу, сондай-ақ оларға осы Заңда белгiленген қосымша мiндеттер жүктеу көзделедi. Соғыс жағдайы енгiзiлген жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери басқару органдарының өкiлеттiктерi кеңейтiледi, оларға мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының қорғаныс және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы барлық функциялары көшедi. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi және әскери құралымдары соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшін қолданылады. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтық және аумақтық қорғаныс шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Соғыс жағжайы кезінде мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі.
Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мынадай негiзгi мiндеттердi орындау:
1) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және ол аумақтан шығудың ерекше режимiн сақтау, сондай-ақ ондағы жүрiп-тұру еркiндiгiн шектеу; 2) халықты құтқару мен эвакуациялауға, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға, санитариялық-эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және басқа да шараларды өткiзуге қатысу; 3) мемлекеттiк және әскери объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн, көлiк пен коммуникациялардың жұмысын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға аса қауiптi объектiлердi күзету; 4) қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтау, соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысу; 5) заңсыз қарулы құралымдардың, террористердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен әскери басқару органдарында қызметi Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталғандығы туралы анық мәлiметтер бар қоғамдық және дiни бiрлестiктер, шетелдiк және халықаралық ұйымдар әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн тартылады. Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз етуге тартылатын мемлекеттiк органдардың, Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қорғау мемлекеттік органдардың өз өкілеттіктері шегінде саяси, әскери, жедел-іздестіру, дипломатиялық, кедендік, экономикалық, экологиялық және өзге де шараларды қабылдау жөніндегі келісілген іс-қимылынан тұрады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде күзету ұлттық мүддені іске асыруға кедергі келтіретін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында оларға қауіп төндіретін жағдайларды, процестер мен факторларды ашу және олардың алдын алу жөніндегі тұрақты сипаттағы құқықтық, ұйымдық, әскери, жедел-іздестіру, кедендік, техникалық, ақпараттық шараларды жүзеге асырудан тұрады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасының құрлықтағы, теңіздегі, өзендердегі (бұлақтардағы) және өзге де су қоймаларындағы, сондай-ақ континенттік қайраңындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі туралы халықаралық шарттарды және шекара мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын барлық жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде шетелдік тұлғалардың сақтауын шекара кеңістігінде бақылау жолымен жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі. Әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне жүктеледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құқықтары шеңберінде азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдар қатыса алады. Мемлекеттiк шекара режимі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту, қазақстандық және шетелдік әскери емес кемелер мен әскери корабльдердің шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлігінде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы аумақтық суларына (теңізге), сондай-ақ ішкі суларына кіру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында әртүрлі жұмыстарды, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және өзге де қызметті жүргізу тәртібі болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады. Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiндегi режим. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен кеден органдарының бақылау өткiзу пункттерiнiң қызметiне жағдайлар жасау және оны қолдап отыру мүддесi үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде, осы пункттерде адамдар мен көлiк құралдарының болуын және жүрiп-тұруын, сондай-ақ адамдарды, көлiк құралдарын, жүктi және тауарларды Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзуге байланысты басқа да қызметтi регламенттейтiн тәртiп белгiленедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi өткiзу пункттерiнде бөгде адамдардың өтiп кетуiне жол бермеу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтiп кетуiне тыйым салу мақсатында қосымша тәртiп ережелерiн белгiлейдi. Бақылау сұрақтары: Әкімшілік-құқықтық режимдерінің түсінігі, түрлері қандай? Төтенше жағдайдың құқықтық режимі дегеніміз не? Ерекше жағдай режимі қандай жағдайда туындайды? Қандай жағдайда соғыс жағдай режимі туындайды? Мемлекеттік шекараны қорғау режимін қалай түсінесіз? Глоссарий: Әкімшілік құқықтық режимдер Мемлекеттік шекара Төтенше жағдайлар мемлекеттік комиссия Ерекше жағдай режимі Соғыс жағдай режимі Мемлекеттiк шекара режимі.