Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық.
Қылмыстылық проблемасы бүгінгі таңға дейін әәрбір мемлекеттің ішкі ісі деп есептеліп келді. Бірақ ұлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін және күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мұндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді.
Біріншіден, халықаралық қылмыстылықтың тұрақты өсуі, халықаралық терроризм, әуе көлігіндегі қылмыстар, заңсыз есірткі айналымы, қару-жарақ контрабандасы және басқа қылмыстар кеңінен қанат жайып келеді.
Екіншіден, қылмыстар жетік әрі шебер тәсілдермен жасалатындықтаан, оларды бір мемлекеттің күшімен ашу қиындық туғызып отыр.
Үшіншідден, шекарамен шектелмейтін ұлтаралық қылмыстық қауымдастықтар пайда болды. Олар өте жақсы ұйымдасқан, әрі әр түрлі елддерде өз “өкілддерін” орнықтырып, қомақты қаржы және техникалық мүмкіндіктерді иеленіп, құқық қорғауұйымдарымен қылмыстық байланыстар орнатады.
Мемлекеттердің халықаралық қылмыстылықпен күресудегі ынтымақтасуының екі түрін бөліп көрсетуғе болады.
Олар:
1) Шарттық- құқықтық немесе арнайы келісімдерді ( конвенциялардды ) бекіту арқылы болатын конвенциялық тетік.
2) Халықаралық ұйымдар арасындағы институциялық тетік.
Мемлекеттердің халықараалық қылмыстылықпен күресудегі ынтымақтастығының негізгі нысандары:
А) мемлекеттер арасында арнайы келісімдер бойынша бекітілген қылмыстардың алдын-алу мен ескерту;
Б) бас бостааандығынан айрылған, сотталған тұлғаларды жазасын өтеу үшін өзі азамматы болып табылатын мемлекетке немесе тұрғылықты жеріне беру;
В) Басқа мемлекеттің ұйымдарына шартты түрде сотталғандармен шартты түрде босатыллған құқық бұзушыларға қадағалауды беру;
Г) басқа мемлекетке немесе халықаралық ұйымға қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін қылмыскерлерді беру;
Д) бір мемлекет азаматтарына қатысты сот төрелігі басқа елде жүзеге асқанда олардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау;
Е) қылмыстыллықтың себептері мен басқада мәселелерін бірлесіп зерттеу сондай-ақ, полицейлік және басқа органдардың қызметі жөнінде тәжірибе алмасу;
Ж) мамандар дайындау, сараптамалық қызметтер көрсету, басқа мемлекеттерге арнайы ғылыми-техникалық құралдарды жеткізу және материалдық-техникалық көмек көрсету;
И) жедел, құқықтық және басқа ақпараттар алмасу.
Халықаралық сипаттағы қылмыстар үшін жауаптылық халықаралық келісімдердің негізінде туындайды. Жазаны қылмыскерлерге ұлттық соттар тағайындайды.
Халықаралық сипаттағы қылмыстарды халықаралық қауіптілік дәрежесімен қылмыстық қол сұғушылықтың объектісіне байланысты шартты түрде мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
1. Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар: халықараллық терроризм, кепілге алушылық, әуе кемесіндегі қылмыстар, ядролық материялды ұрлау, жалданушылық, заңсыэ радио хабарлар тарату т.б. ;
2. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына нұқсан келтіретін қылмыстар: жалған ақша жасаушылық, есірткі және псхотропты құжаттармен жасалынатын заңсыз операциялар, контрабанда, заңсыз эмиграция , қоршаған ортаға, мәдениет құндылықтарына қылмыстық қол сұғушылық;
3. Адамның жеке құқықтарымен бостандықтарына қылмыстық қол сұғатын қылмыстар: құлдық, құл саудасы, әйелдер мен балалаар саудасы, үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануы, қинау;
4. Теңізде жасалатын қылмыстар: қарақшылық, суасты кабелін немесе құбырын бұзу, зақымдау, теңіз кемелерріннің соқтығысуы, теңізде көмек көрсетпеу, теңіззді зиянды заттармен ластау, континенттік қайраң мен ерекше экономикалық аймақтың құқықттық режиимін бұзу, теңізде балық аулау ережелерін бұзу, т.б.
Мемлекеттер терроризм, ақша белгілерін қолдан жасау, әуе кемелерін басып алу және айдап кету, есірткі және психотропты заттардың заңсыз айнаалымы, қарақшылық және басқа халықаралық сипаттағы қылмыс түрлерімен күресуде ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асырады.
Халықаралық терроризм халықаралық қылмыстардың ауыр түрлерінің біріне жатады. Қылмыстың бұл түрімен күрес 1937 ж. басталды. Осы жылы “Терроризмнің алдын алу және оны болдырмау” Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда террористік деп танылған және жазалануға жататын әрекеттердің тізімі көрсетілді. Аталған конвенция күшіне енбесе де, ол терроризммен күресуге бағытталған кейінгі конвенциялардың қабылдануына негіз болды.
Терроризм латынның “terror” –қорқыныш деген сөзінен шыққан. Дипломатиялық сөздікте халықаралық терроризмге мынадай анықтама берген: “Адамдардың орынсыз өліміне әкеп соғатын, мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бұзатын және халықаралық байланыстардың, кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік байланыстарының жүзеге асуын қиындататын халықаралық көлемдегі қоғамға қауіпті әрекет”
Терроризммен күресу үшін арнайы органдар да құрылаады. Мысалы, БҰҰ жүйесінде халықаралық терроризм жөнінде арнайы комитет құрылған. Оның 35 мүшесі бар. Бұл комитеттің шеңберінде террористік актілермен күрес жөніндегі конвенциялардың жобалары дайындалады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Комитет дайындаған ұсыныстардың негізінде мемлекеттердің әрекеттерін терроризммен күресуге бағыттайды.
Халықаралық, ұлттық және мемлекеттік терроризмдер ажыратылады. Мемлекеттік терроризм көбінесе басқыншылық акт деп сараланады.
1984ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында “Мемлекеттік терроризм саясатына және басқа тәуелсіз мемлекеттердегі қоғамдық саяси құрылымды бұзуға бағытталған мемлекеттердің кез келген әрекеттеріне жол бермеу туралы” қарар қабылданды.
Жалған ақша немесе ақша белгілерін қолдан жасау- ертеден келе жатқан халықаралық қылмыс түрлерінің бірі. 1929ж. Ақша белгілерін қолдан жасау туралы” Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияға сәйкес қылмыстық әрекет деп жалған ақша белгілерін жасау мен өткізу, сондай-ақ аақша белгілерін жасау немесе өзгерту, оларды өткізу-елге кіргізу, өзі үшін іздеп табу, ақша белгілерін жасау немесе өзгертуге арналған құралдарды дайындау, алу немесе иемдену танылды. Қылмыс деп, сондай-ақ, аталған әрекеттерді жасауғаоқталу мен қатысу да танылады.
Әуе кемелерін басып алу және айдап кету қылмыстары 60-жылдардың аяғынан бастап кең қанат жайды.
1963ж. “Әуе кемесіндегі құқық бұзушылықтар мен басқа да әрекеттер туралы” Токио конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда әуе кемесін басып алуға мынадай анықтама берілген: “Әуе кемесініің ішіндегі тұлға заңсыз, күш көрсету арқылы немесе күш көрсетемін деп қорқыту арқылы араласу, басып алу әрекетін және басқа тәсілмен әуе кемесііне ұшу барысында құқыққа қайшы түрде қадағалау жасаса”. Токио конвенциясының кемшілігі –мұнда әуе кемесін басып алу жөніндегі әрекет қатаң жауапкершілікке алып келетін қылмыс ретінде сараланған жоқ.
1970 ж. “Әуе кемлерін заңсыз басып алумен күресу туралыӘ Гаага конвенциясы қабылданды, бұл конвецияға сәйкес әуе кемесін басып алу халықаралық сипаттағы қылмыс деп танылады. Конвенцияның кемшілігі – мұнда қылмыс деп тек әуе кемесін басып алу және айдап кету танылады.
Есірткі құралдарымен және психотропты заттармен заңсыз операциялар жасау – халықаралық қылмыстардың ішіндегі кең тарлған түрі. Қылмыстың бұл түрімен күресмемлекеттердің күштерін біріктіргенде және олардың осы саладағы ынтымақтастығы нәтижесінде ғана тиімді болады.
Есірткі құралдарын заңсыз таратумен күресуге бағытталған алғашқы халықаралық шарт 1912 ж. Гаагада бекітілді. Кейіннен бұл қылмыстармен күресуге бағытталған бірқатар халықаралық құқықтық актілер қабылданды. Олардың ішінде 1936 ж. “Есірткі құралдарының заңсыз саудасына тыйым салу туралы” Конвенция бар.
1961 ж. 1936 жылғы конвециядан басқа барлық ковенцияларды ауыстырған, “Есірткі құралдары туралы” Біртұтас конвеция қабылданды.
1971 ж. “Психотропты заттар туралы” конвеция қабылданды. 1988 ж. “Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы” БҰҰ конвенциясы қабылданды.
Жоғарыда айтылғандай, халықаралық қылмыстылықпен күресуде мемлекеттер ынтымақтастығының екі түрі бар: шартты-құқықты, яғни арнайы келісімдерді бекіту жолымен және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық.
Халықаралық қауымдастық қылмыстылықпен күресу мәселелерін үкіметаралық емес ұйымдар шеңберінде үйлестіреді. Мемлекеттердің қылмыстылықпен күресу қызметін үйлестіретін мұндай орталық – БҰҰ. Сондай-ақ, бұл аяда басқа да халықаралық ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
Халықаралық криминологиялық қоғам. Оның негізі 1934 ж. қаланған, ал 1994 ж. бастап БҰҰ-ның консультативтік мәртебесіне ие болады. Оның мәтінінде қылмыспен күресу және бүл құбылысты неғұрлым кеңірек зерттеу мәселелері бойынша ғалымдар мен практик- мамандардың күш-жігерін біріктіруге көметесу жатады. Халықаралық криминологиялық қоғам когресстер өткізеді, ұлттық институттар арасында криминологтардың ғылыми кадрлар алмасуын ұйымдастырады, халықаралық криминологиялық курстар және семинарлар өткізеді, халықаралық орталықтар құрады.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы “Интерпол” – халықаралық қылмыстармен күресуге тікелей атсалысатын қылмыстық полицияның жалғыз халықаралық ұйымы боылп табылады. Ол 1923 ж. орталығы Венада (Австрия) қылмыстық полицияның халықаралық халықаралық комиссиясы ретінде құрылды. 1936 ж. ол өз қызметін фашистік Германияның Австрияны басып алуына байланысты тоқтатты. Ал қазіргі күйінде ол 1946 ж. қайта құрылды. Интерполдың жарғысы 1956 ж. күшіне еніп, оған 177 мемлекет мүше болып кірді. Қазақстан оған 1992 ж. мүше болды. Интерполдың штаб-пәтері Францияда орналасқан (Лион қаласында). 1982 жылдан бері Интерпол БҰҰ-да халықаралық үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болды.
Интерполдың негізгі мақсаттары : әр түрлі елдердің қылмыстық полициясының барлық органдарының кең әрі өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету және дамыту, жалпы қылмыстылықты ескертуге және онымен күресуге көмек беретін мекемелерді құру мен дамыту.
Қылмыстық істерді тергеу үстінде немесе сотта талқылау кезінде іс бойынша басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан не қылмыскерлер, не жәбірленушілер мен куәгерлер, не заттай дәлелдемелер мен құжаттар жайында құқықтық көмек алу қажеттілігі туындайды.
Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек мыналарды қамтуы мүмкін: тінту жүргізу, заттай дәлелдемелерді алу мен беру, құжаттарды беру, сараптама жүргізу, куәлардан, айыпталушылардан, сарапшылардан және т.б. тұлғалардан жауап алу, сот қарауын жүргізу, тиісті мемлекеттің сотымен сотталғандығы туралы, тұлғаның сотталғандығы жайында мәлімет беру, саусақ іздерін жіберу, т.б. ТМД мемлекеттері 1993 22 қаңтарда Минскіде құқықтық көмек пен азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы конвенция бекітті.
Қазақстанда Конвенция күші 1994 ж. 19 мамырдан күшіне ене бастады. Қазақстан Монғолиямен, Қытаймен, Түркиямен және т.б. елднрмен құқықтық көмек туралы шарттар бекітті.
Қылмыскерлерді беру (экстрадиция) — бұл аумағында қылмыскер бар мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған немесе қылмыскер азаматы болып табылатын екінші мемлекетке қылмыскерді қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе күшіне енген үкімді орындау мақсатымен беруі.
Қылмыскерлерді беру мәселесі қылмыспен күресудің ең күрделісі болып табылады, өйткені ол мүдделі мемлекеттердің тәуелсіздігіне тікелей ықпал етеді. Экстрадиция процедурасы күрделі, үлкен және уақыты жағынан ұзақ, өйткені бірнеше мемлекеттің және әр мемлекет ішіндегі көптеген ведомствалардың мүдделерін қамтиды.
Қылмыскерлерді берудің процедуралық мәселелері орталық құқық қорғау органдарымен немесе дипломатиялық жолдармен шешіледі.
Сұрап жатқан мемлекет жіберетін құжаттар жиынтығы “Беру туралы талап” деп аталады.
Беру – белгіленген тәртіпте және шығындарды өтей отырып беріп жатқан мемлекеттің құзыретті органдарының өкімі бойынша жүзеге асады.