Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу

Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу

Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері. Қазақстан экономикасы мемлекетпен, тауар өндірушілермен және сатып алушылармен тығыз байланыста. Кез келген экономикалық жүйе – өз қызметі бойынша үш мәселеге мән береді: Не өндіру керек және қандай мөлшерде; Қалай өндіру керек және қандай шығындармен өндіру керек; Кім үшін өндіру керек және өндірілген өнімді қалай бөлу керек. Қазақстан Республикасында сауданы, сауда аралық қатынастарды реттейтін орталық орган- ол Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрлігі. Оның негізгі функциялары: Республикадағы нарыққа басшылық жасау және сауданың дамуына болжам жасайды; Халыққа, яғни тұтынушыларға тауарды көтерме саудаға өткізу үшін жәрмеңке ұйымдастырады; Сауда құрылымдарын Қазақстан Республикасының «тұтынушылардың құқығын қорғау туралы »заңымен реттейді және оны бақылайды; Отандық және шетелдік сауда әдістерін, сауда жарнамаларын, оның нысандарын сауда саласында дамытуға байланысты шаралар ұйымдастырады; Экономика және сауда саласын дамытудағы күрделі мәселелерді басқа министрліктермен бірге ақылдаса отырып шешеді; Сауда –экономика саласын дамыту үшін Қазақстан Республикасы шет елдермен ақпарат- насихат жұмыстарын өткізеді. Осы функцияларды орындау үшін министрлік мынандай құқықтарға ие бола алады: Өндіріс мекемелері мен ұйымдарға, олардың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыру үшін, әдістемелік және экономикалық көмек көрсетуге құқылы; Өндіріс пен сауда саласын тиімді басқаруға құқылы; Тұтынушы нарығында мемлекеттік қолдауға құқылы; Министрлік өзіне керекті ақпараттарды өндіріс және сауда салалары бойынша сұрауына құқылы. Бұл министрлік барлық сауда салаларын нарықты басқару мақсатында және олардың ережелерді дұрыс орындауы үшін –бұйрықтар және инструкциялар шығарады. Министрліктің құрылымдық бөлімдері: департаменттер басқармалар. Сауда мекемелерінің жағдайы -жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік бақылауды талап етеді. Үкімет мемлекеттік саясаттың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағдарламаларын қалыптастырады, ал жергілікті мемлекеттік басқару органдары – территориялардың дамуына қатысты экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар қалыптастырып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекет – салықтық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, әкімшілік бақылауды қамтамасыз етеді. Егер сауда саласында құқықтық нормалары бұзылған жағдайда әкімшілік тергеу салалары да қолданылады. Сауда мекемелерін және сауда жұмыстарын қамтамасыз етудегі барлық жауапкершіліктерді жергілікті мемлекеттік басқару органдары атқарады. 2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі Көлік және коммуникацияларды басқаруды ұйымдастыру Үкіметпен және транспорттық мекемелермен іске асырылады. Біріншіден, Үкімет ұжымдық орган ретінде өз бастамасы бойынша транспорттық-коммуникация кешені аясында нормативті қаулылар қабылдай алады, мысалы,темір жолдардың уақытша жарғысы (Уставы); автомобиль жолдарын қолдану ережелері; ашу, жобалау, бекіту (установка) тәртібінің ережесі, Қазақстан Республикасы территориясында эксплутация және шет елден радиоэлектронды заттар мен жоғарғы дәрежелік құрылымдарды енгізу.Екіншіден, Үкімет, мемлекеттік басқару органының ұйымдастырушылық формасын таңдайды: 1.Орталық мемлекеттік басқару органдарының ішінде сол органның құқықтық мәртебесін.2. транспорттық- коммуникациялық кешенде мемлекеттік органдарға арналған заң актілеріне сәйкес құзіреті мен өкілеттілігін анықтайды. Үшіншіден, Үкімет транспорттық –коммуникациялық кешенде мемлекет саясатының әлеуметтік экономикалық негізгі мәселелерін іске асырады.Бұл өкілеттіліктер Үкімет қаулысымен бекітілген құзіреттер негізінде орталық атқарушы органдармен іске асырылады. Қазақстан Республикасының заң актілері барлық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің арақатынасын қамтамасыз ету үшін және жол шаруашылығын дамыту, бәсекелестікті қолдауды, транспорт пен байланыс қызметіне азаматтар мен ұйымдарға бірдей құқықтық тұрғыдан рұқсат беруді, мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз ету мынандай әкімшілік –құқықтық нормалар орнатады. Қазақстанның нарық қатынасының орнығуы жағдайында, мемлекет тарапынан экономикалық процестер мен шаруашылық субъектілеріне тиімді әрекет қажет. Қазіргі танда нарықтық механизм, экономикалық дамудың бір ғана мүмкіндігі бар тиімді реттеудің тамаша механизмі ретінде қарастырылмайды. Нарықтық экономикада мемлекет орындауы тиіс қызметтерді ескере отырып, оның реттеуші ықпалы келесідей бағыттармен жүзеге асырылады: шаруашылық қызметінің негізгі нормаларын өңдеуге және қабылдауға бағытталған заң шығару қызметі; шаруашылық субъектілерінің қызметін құрумен және тоқтатумен байланысты әкімшілік қызмет; алдағы уақытта жалпы елдің, сондай-ақ оның жеке аймақтарының индикативтік жоспарларын және болжамдарын өңдеу кезінде оның өзгеру мүмкіндігі және экономикалық ахуалы туралы шаруашылық субъектілерін хабардар етуге байланысты ақпараттық қызмет; жалпыұлттық мақсатта ірі мекемелердің, аймақтық қалыптасулардың және салалардың қызметін реттеуге бағытталған реттеуші қызмет; қолданыстағы заңнаманың бұзылуын алдын алу мақсатында мекеменің ағымдағы қызметін бақылау. Көлік қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігін қамтитын бірқатар факторлар бар. Бұл факторлар әртүрлі әлеуметтік-экономикалық процес-терге, қоршаған ортаға көліктің әсер етуіне, қоғамның қауіпсіздігіне байланысты. Көліктің негізгі операцияларын келесідей реттеу қажет: — көлік коммуникациялары бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің мүддесінде; — қоршаған ортаға көліктің жағымсыз әсер етуін төмендету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында; — көлік жүйесінің кабілеттілігінде эконо-микалық қауіпсіздікті сақтау мүдде-сінде ішкі және сыртқы тасымал-дауға елдің қажеттілігін қамтамасыз ету, елдің экономикалық біртұтастығын қолдау. Көлік халықаралық өзара әрекеттесудің негізі болып табылады, мемлекеттік келісім қажеттілігін және олардың сақталуына әрі қарай бақылау орнатуды аддын ала айқындайды. Сонымен қатар, Қазақстандық көлік мекемелерінде бәсекелестік қабілетінің жеткілікті деңгейде төмен болуы жағдайында, ішкі,сондай-ақ халықаралық көлік нарығында отандық тасымалдаушылардың қүқығы мен мүддесін қорғау қажетгілігі туындайды. Ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық бөлігі бола отырып, көлік бірмезгілде оны дамыту тұғыры ретінде орын алады. Бұл, мемлекет тарапымен жағымды экономикалық, занды және ұйымдастырушылық шарттарды қалыптастыру қажеттілігі көлік жүйесінің дамуын алдын ала айқындайды. Қазақстан Республикасында, оның аймақтарының кең көлеміне байланысты, көлік шығындары өнімдердің басым бөлігінің соңғы құны айтарлықтай үлкен шаманы құрайды.Бұл көлік саласында құнсыздану процесін үдетуші болады. Осыған байланысты, экономикалық ахуалдың түрақсыздық шартында, көлік қызметтерінің тарифтерін реттеу қажет. Жоғарыда көрсетілген факторлар көлік жиынтығының мемлекеттік реттелуінің негізгі мақсаттарын айқындайды: 1. Көлік жиынтығы қызметінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету: — аймақаралық экономикалық байланыстардың орнығуына, жалпы нарықтың қалыптасуына және дамуына қолдау көрсету; — аймақтық жөне мемлекеттік мақсатты бағдарламардың іске асырылуына қолдау көрсету; — экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тапсырмаларды шешуге қолдау көрсету. 2. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету: — халықтың белгіленген топтарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету; — әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларды орындау; — көлікке қатысты тең құқықтан айыруды жою. 3. Шаруашылық қызметін үйлестіру: — көлік қызметтері нарығының конъюктурасы, оны алдағы уақытта дамыту туралы деректер қорын өңдеу. 4. Бәсекелес ортаға қолдау көрсету: — еркін бәсекелестіктің экономикалық және құқықтық шарттарын құру; — көлік жиынтығы субъектілерінің экономикалық еркіндігін және олардың қызметінің нарықтық ынталандырылуын қамтамасыз ету; — монополизммен күресу; — қатаң бәсекелестіктің жағымсыз әсерін шектеу; — кәсіпкерлік белсенділікті дамыту шаралары (қаржылық, салық); 5. Көлік жиынтығының мемлекеттік секторын басқару: — мемлекеттік мекемелерді басқару; — өзге де мемлекеттік меншікті басқару (құнды қағаздар, акция пакеттері, мемлекеттік несие қаражаттары). 6. Көлік жиынтығының қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету: — автокөлік құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету; — қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қолдану нормаларын сақтауды қамтамасыз ету. 7. Көлік жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету: — көлік инфрақұрылымының және көлік құралдарының сенімділігін қамтамасыз ету; — әртүрлі субъектілердің жұмысын тиімді басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз ету.
3 сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы. «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады: қаржы қатынастарының жиынтығы; ақша-қаражат қорларының жиынтығы; басқарудың қаржылық аппараты. Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі: мемлекеттік және муниципалдық қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Мемлекеттік қаржылар: Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді. 1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді. 2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны. Оның негізгі қалыптасу көздері: А) арнайы мақсатты салықтар, займдар; Ә) бюджет субсидиялары; Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары; В) ерікті түрдегі жарналар. 3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану. Салық саласы жұмысының ұйымдастырылуы. Қазақстан Республикасының салық салу принциптері. Салықтардың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады: Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі: Салық – ақшалай нысанда төленеді: Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады: Салық – баламасыз сипатта болады: Салық – салықты салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады: Салық – тұрақты экономиканың қатынас туғызады. Салықтардың мазмұны мынандай: материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы болса; экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы; заңдық категория жағынан, бұл заң жұзінде белгіленген міндеттеме болып табылады. Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда: салық субъектісі салық объектісі салық көзі салық мөлшері салық жеңілдіктері салық ставкасы салық кезеңі салықты есептеу тәртібі салық есептілігі салықты төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері салық кодексінде белгіленген салық салу принцтеріне қайшы келмеуі тиіс. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, салық салудың әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы, салық заңдарының жариялылығы принциптері. Салық салудың міндеттілік принципі. Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін экономист Адам Смит ұсынған еді. Олар мыналар: салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс; салықтардың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі нақты белгіленуі тиіс; әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс; өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс. Салық механизмі, бұл ұғымды ұйымдастыру экономикалық категория ретінде сәйкесінше қоғамда жасалған ұлттық байлықты жинақтау барысында қалыптасатын қайта бөлу қатынастарын басқарудың қажетті процесі ретінде түсіндіретін салық теориясының бір бөлігі болып табылады. Бұл процесте қалыптасатын қатынастардың барлық сферасын 3 ішкі жүйеге бөлуге болады: салықтық жоспарлау; салықтық реттеу; салықтық бақылау. Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатып сөзсіз. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі бойынша Қазақстаң Республикасында мынадай салықтар қалыптасқан; 1) Корпорациялық табыс салығы; 2) Жеке табыс салығы; 3) Қосылған құнға салынатын салық; 4) Акциздер; 5) Жер койнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері; 6) Әлеуметтік салық 7) Жер салығы 8) Заңды және жеке түлғалардың мүлкіне салынатын салық; 9) Көлік құралдарына салынатын салық. Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі деп танылады. Оған сәйкес салық төлуші салық органына тіркеу есебіне тұруға; салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті. Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеуішден — оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы. Қазақстанның 1992 жылға дейін өзіндік салық жүйесінің болмағанын айта кеткен жөн, өйткені ол жалпы Одақтың салық жүйесіне енді. Оның құлдырауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүшелерімен келісе отырып, салық жүйесін қалыптастыру міндеті тұрды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған » Қазақстан Республикасындағы салық жүйіесі туралы » Заңды тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: 1 Жалпы мемлекеттік салықтар; 2 Жалпыға міндетті төленетін жергілікті салықтар мен алымдар; 3 Жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді; Экономикамызда салық жүйесін бағалау критерилері өте маңызды рөл атқарады. Салық саясаты – мемлекеттің жалпы саясаттық жағдайының құрамды бөлігі болып табылады. Салық саясаты үш негізгі критерийлер арқылы бағаланады. Олардың негізгілері – теңдік, тиімділік және қарапайымдылық болып табылады. Соңғы 10 жыл ішінде мемлекет салық жүйесінің перманентті реформалау жағдайында болып отыр. Салық жүйесін жетілдіру жолдары шексіз, өйткені қоғам дамуындағы әрбір жаңа кезеңнің экономика дамуында өз артықшылығы бар, бұл өз кезегінде мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасындағы мәселелерді адекватты түрде шешуді талап етеді. Салық әкімшілігі – салықтардан кетуден гөрі салықтарды төлеу тиімдірек деген деңгейге әлі жеткен жоқ. Жалпы алғанда еліміздің салық жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары болып мыналар табылады: Салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету; Салық жүйесін максималды түрде ықшамдау; Салық ставкаларын төмендету мақсатында, салық прессингін әзірлеу; Салық прессингін әлсіздендіру; Салықтарды алудың парасатты деңгейін қамтамасыз ету; Тікелей және жанама салықтарды оңтайлы түрде байланыстыру; Сонымен қорыта айтқанда, салықтар – мемлекет қазынасын толтырудың, экономиканы дамытудың негізгі көзі болып табылады. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория. Ол орталық атқарушы органдарға және үкімет пен мекемелердің құрамына кірмейтін ұйымдарға байланысты: нормативтік актілерді шығару( құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету); лицензиялау; мемлекеттік кәсіпорындарды,мекемелерді,мемлекеттік жеке меншік объектілерін, шаруашылық серіктестіктегі мемлекеттік үлесін басқару; мемлекеттің меншігіндегі объектілерді жекешелендіруге қатысу (приватизация); мемлекеттік сатып алулар (закупка),контракт; антимонополиялық реттеу және баға құрылымы; мемлекеттік жол қорын басқару; бақылау және қарау; халықаралық ынтымақтастық
4сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары: Жалпы ережелер: — Мемлекеттік қаржылық бақылаудың осы стандарттары (бұдан әрі — Стандарттар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілейді. — Стандарттардың мақсаты мемлекеттік қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі — бақылау органдары) мен олардың қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруына негіз болатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады. — Стандарттар бақылаудың тиімділігін, тұтастығын, өзара байланыстылығын, дәйектілігін, сабақтастығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін әзірленді. — Стандарттарға жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, басқару және сапаны бақылау стандарттары жатады. — Стандарттарды іске асыру олардан шығатын бақылауды жүзеге асырудың әдістері мен рәсімдерін реттейтін ережелерді, әдістемелік және басқа құжаттарды мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органының әзірлеп, бекітуі арқылы қамтамасыз етіледі. — Стандарттардың сақталуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі Есеп комитеті) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі бақылау қызметтерінің Стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Стандарттардың әрекет ету аясы және қолданылуы: — Стандарттарды барлық бақылау органдары мен олардың қызметкерлері сақтауға міндетті. — Стандарттарды мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен бақылау органдары тартқан сарапшылар сақтауға міндетті. Жалпы Стандарттар: Жалпы Стандарттар бақылау органдары мен олардың қызметкерлеріне бірыңғай талаптар белгілейді. Жалпы стандарттарға мынадай: «Тәуелсіздік», «Әдептілік», «Құзыреттілік (біліктілік)», «Жариялылық» және «Құпиялылық» Стандарттар жатады. «Тәуелсіздік» стандартының мақсаты бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің бағалауы мен ұсынымдарының турашылдығын, әділдігін, шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады. «Тәуелсіздік» стандарты бақылау органдарының, олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде олардың тәуелсіздігіне қол сұғатын кез келген араласуға жол бермеуді білдіреді. Бақылау органдары өздеріне жүктелген міндеттерді атқару кезінде функционалдық және ұйымдық тұрғыдан тәуелсіз және өздерінің тәуелсіздігі мен әділдігін шектейтін кез келген іс-әрекеттерге жол бермейді. Бақылау органдарының қызметі бекітілген жоспарларға, бағдарламаларға және бақылаудың заңнамада айқындалған түрлері мен үлгілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың тақырыбын, объектісін таңдау, қолданылатын рәсімдер, дәлелдердің сипаты мен көлемі бойынша бақылау органдарының қызметіне араласуға, бақылаудың ауқымын шектеуге, сондай-ақ бақылау органдары қызметкерлерінің саяси, идеологиялық, діни және басқа да себептер бойынша тәуелсіздігі мен әділдігіне әсерін тигізетін кез келген іс-әрекетке жол берілмейді. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бақылау органдарының қызметкерлеріне бақылау жүргізуге тыйым салынады. Бақылау органы қызметкерінің тәуелсіздігі нақты күдік туғызған жағдайда, ол басқа бақылау объектісіне ауыстырылуға жатады. Бақылау қызметін жүзеге асыратын бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі мен әділдігін сақтау мақсатында осы қызметкердің бақылау жүргізген бақылау объектісін бір жыл өткеннен кейін ауыстырып отыру қажет. Бақылау органдарына және олардың қызметкерлеріне аталған қатынастар олардың тәуелсіздігін шектемейтін жағдайда ғылыми және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта болуға рұқсат етіледі. «Әдептілік» стандартының мақсаты бақылау органдары қызметкерлерінің этикалық талаптарды және кәсіби мінез-құлық принциптерін толық сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің тәуелсіздігі бақылау объектісімен ізгі ниетті қатынаста болуға кедергі келтірмейді. Бақылау органдарының жариялылығын қамтамасыз етудің негізгі нысаны өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдардың басшыларына, мәслихаттарға және әкімдерге өз қызметі туралы ақпаратты ұсыну болып табылады. Жариялылық жеке адамның құқықтары мен бостандығын қорғау туралы, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де мәліметтер туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Құпиялылық» стандартының мақсаты бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың сақталуын және жария етілмеуін қамтамасыз ету болып табылады. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері сұраған ақпарат бақылау мақсатында ғана пайдаланылады Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары Қазақстан Республикасында макро — және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттің бюджет жүйесі; арнаулы бюджеттен тыс қорлар; мемлекеттік несие; жергілікті қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; халықтың қаржысы. Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырыл- маған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функция- лардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік- аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылы- ғымен анықталады. Бақылау сұрақтары: Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері қандай? Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесін талдау керек. Табиғатты пайдалану және табиғи тесурстарды қорғауды басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Глоссарий: экономикалық жүйе департаменттер басқармалар әкімшілік –құқықтық нормалар Қаржы жүйесі Мемлекеттік қаржылар Мемлекеттік бюджет Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар Салық элементтері Салық әкімшілігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *