Халықаралық ғарыш құқығы.
Ғарышты зерттеу жас сала болғанымен, оның даму деңгейі тез қарқындауда, сондықтан ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану мемлекеттердің кең және Жан жақты араласуынсыз жүзеге аспайды.
Ғарыш қызметінің тбасталуына орай оның кез кеклген түрі бір немесе бірнеше мемлекеттердің мүддесін қозғай алады, ал ғарыштық қызметтердің көпшілік түрлі халықаралық қоғамдастықтың мүддесіне қызмет етюді. Бұл “Заңды ғарыштық қызмет”, “Заңсыз ғарыштық қызмет” ұғымдарын енггізу қажеттілігін, сонымен қатар ғарыштық қызметте халықаралық байланыс тұрғысында бнлгіленген тәртіпті бекітуге себепші болды.
1958 ж. 13 желтоқсанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында “Ғарыш кеңістігіне адамзаттың жалпы мүдделілігі және ғарыш кеңістігін зерттеу бағдарламасы жүргізуде туындайтын құқықтық проблемаларды БҰҰ шегінде талқылау қажеттігі аталады.
Құқық пен сыртқы саясат арасындаүзілмейтін байланысбар. Бүгінгі таңдақандай салада болмасын, мемлекеттердің сыртқы саясаты жүргізуінде бастр жетекшілікті жалпы халықаралық-құқықтық қағидалар қызмет туї тиіс.,
ХҒҚ өзінің қалыптасуның алғашқы сатыларында осындай қағидалар ғарыш қызметінде ерекше мәнге ие болды. Арнайы қағидалардың жоқтығына жалпы қағидаларды қолдану арқылы олардың орны толтырылды.
ХҒҚ ғылымының пайда болғанынан бастап көптеген заңгерлер халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мен нормалары ғарыштық қызметке де таралатынын негіздеді. Ал оның ерекшелігі арнайы нормаларда есепке алынды. Олар халықаралық құқықтың жаңа саласын құрастырады, бірақ ешқандай бөлек құқықтық жүйе болуы мүмкін емес.
Ғарыш бойынша шарттың күшіне енуі күні – 1967 жылдың 10 қазаны ХҒҚ –ның туған күні деп. танылады.
ХҒҚ және халықаралық құқық қағидаларының жиынтығы дегеніміз – біріншісі екіншісінің негізгі құрамы болып табылады. ХҒҚ – ның қағидалары мен нормаларының ерекшілігі – оныңхалықаралық құқыққтың басқа тармақтарымен теңестірілуіне мүмкіндік бермейді.
БҰҰ БА –ның қарары ұсыныс сипатында келеді, бірақ бірауыздан қабылданған олар белгілі бір әрекетке қатысты мемлекеттердің келіскен позициясын білдіреді, он жалпы халықаралық тқауымдастық та қолдануы тиіс. БҰҰ – Халықаралық сот статуты халықаралық құқықтың көмекші қайнар кздеріне сот шешімдерін және біліктілігі жоғары мамандардың ілімдерін жатқызады. Слайда ғарыштық кеңістікті пайдалануға, зерттеуге байланысты мәселелер БҰҰ-ның халықаралдық соттарында немесе аралық соттарда қарастырылған емес, себебі мемлекеттер арасында әлі күнге дейін ХҒҚ –ның жағдайы туралы дау туған жоқ. Екінші көмекші қайнар көзі – халықаралық құқық саласында, әсіресе ХҒҚ-да білікті заңгерлердің еңбегі болып отыр.
Халықаралық құқықтың жеке буыны болғандықтан ХҒ;Қ сипатына қарай ерекшеліктері бар. Ғарыш кеңістігіне байланысты бұл ерекшеліктерге мыналарды жатқызуға болады:
1. Ғарыш кеңістігінде аумағы ешкімге тиісті емес, бос жатқан, болашақта адамзаттың пайдалануында болуы мүмкін аспан денелері орналасқан;
2. Ғарыш іс жүзінде шексіз;
3. Құрлық аумағында дүниежүзілік мұхитқа және әуе кеңістігіне қарағанда, ғарыш кеңісттігі пайдалану пролцесінде ешбір аймақтарға бөлінбейді;
4. Адамның онда қызмет етуіне ғарыш кеңістігі қауіп төндіреді.
Ғарыш қызметіне байланысты ерекшіліктер:
1. ғарышты әскери мақсатта қолдану қауіп төндіреді;
2. ғарыш қызметінің нәтижесінде көп мемлекеттер қызығушылық білдіреді, бірақ он тек ғылыми және өндірістік қатынастарды аса дамыған мемлекеттер ғана өзінше жүзеге асыра алады;
3. ғарыш аппараттарын жіберу және қайтару барысында шет мемлекеттерінің әуе кеңістігін және ашық теңіз кеңістігін пайдалануға байланысты;
4. ғарыш кеме ұшыру шет мемлекеттерге және олардың азаматтарына зиян келтіруі мүмкін.
Үкіметаралық ұйымдар ХҒҚ саласындағы субъект болуы үшін 4 жағдайды ескеру қажет:
1. Ұйым келісім-шарт белгілеген барлық құқықтар мен міндетттерді орындайтыны туралы ресми жариялауы керек;
2. Ұйымның мүше мемлекеттерінің көбі осы келісі- шарттың қатысушылары болуы қажет;
3. Осы ұйымның мише мемлекеттерінің көбі 1967 ж. Ғарыш туралы шарттың мүшесі болуы керек;
4. Ұйым ғарыш қызметін жүзеге асыруы керек. Бірақ ол да жеткіліксіз:Конвенція бойынша жауапкершілік туралы конвенцияда, Ай туралы келісімде ұйымдардың құықтары мен міндеттері едәуір шектелді.
Халықаралық ғарыш құығының негізгі объектілері :
1. ғарыш кеңістігі;
2. аспан денелері;
3. ғарышкерлер;
4. жасанды ғарыш объектілері;
5. ғарыш жүйелерінің жерделі компоненттері;
6. практикалық қызметтің нәтижесі;
7. ғарыш қызметі.
Халықаралық ғарыш құқықғының даму жоспарын екіге бөлуге болады: біріншіден, ғарышты игеру саласындағы, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға байланысты құқықтық мәселелер, сон дай-ақ осыған байланысты халықаралық қатынастарды дамыту. Екіншіден, халықаралық ғарыш құқығына қтысты нормалар шығару және бар заңдарды жүзеге асару.
1-топқа мыналарды жатқызуға болады:
1. тікелей телидидар қызметін көрсетуді құқықтық реттеу мәселелерін шешу қажеттігі;
2. жерделі алыс қашықтықтан зертеу мәселелері бойынша Шарттарды бекіту қажеттігі;
3. әуе кеңістігіндегі мемлекеттер егемендігінің шекарасы анықталмағандықтан, әуе кеңістігі мен ғарыш кеңістігінің шекрарсын белгілеу қажеттігі;
4. геостационарлы орбиталық жүйе режимін белгілеу;
5. ғарыштағы ядро энергия көздеріне байланыстымәселелерді шешу.
2-топқа жататындар:
1. күші бар заңдарда берілген және болашақта Тенгізу керек даулы мәселелерді шешу, нақты айтқанда, халықаралық ғарыш құқығының негізгі терминдерін: ғарыш кеңістігі, ғарыш нысаны және т.б;
2. халықаралық ғарыш құқығына байланысты барлдық халықаралық барлық халықаралық ұйымдарды біріктіретін әмбебап үкіметаралық ұйым құру;
3. бүгінгі талаптарды ескере отырып , ХҒҚ –ның нақты, түсінікті, жалпыға бірдей қағидаларын жасау және қабылдау.
Жоғарыда баяндалған мәліметтер бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
1. өзінің салыстырмалы түрдегі жастығына қарамастан, халықаралық ғарыш құқығыхалықараылқ құқықтың жеке бір саласы ретінде қалыптасты;
2. кейбір мәселелердің реттелмегендігіне қарамастан,халықаралық ғарыш құқығы ғарышты игеру мен пайдалануға байланысты халықаралық қатынастарды жеке өзі реттей алады;
3. ғарышты игеруге байланысты халықаралық қатынастарды құқықтық реттеу – ғарышты игеруде халықараылқ ынтымақтастықты мықты құруға көмектеседі.