Халықаралық экологиялық құқық.
Әлемде 60-жылдан бастап өнеркәс,іп пен ауыл шаруашылығының, энергетикалық дамуында өзгеріс болып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізді және ғаламдық көлемде бүлдіруші сипат ала бастады. Ошсыған байлланысты әлемдік қауымдастық қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың қажет екенін ұғынды.
Дүниежүзілік мұхит, жер шары бщтінің 2/3 ауданын алады. Дүниежхүзілік мұхит ұұғымы жердегі барлық 4- Атлант, Үнді, Тынық, Солтүстік Мұзды мұхиты, сондай-ақ олармен байланысты барлық теңіздерді қамтиды. Дүниежүзілік мұхитқа материктер ішінде орналасқан, оқшауланған теңіздер жатпайды, мысалы, Каспий теңізі.
Құрлықтар адамзат дамуы үлшін негізгі және тікелей өмірлік кеңістікті құрайды. Осы түсінікпен дәтүрлі түрде, жердің құрлықтағы бетіме тығыз байланысты барлық табиғи коомплекс, яғни топырақ, жер қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер және жануарлар әлемі қамтылады.
Атмосфералық ауа – жер бетімен ғарыш кеңістігінің арасында жататын жер шарының газды қабығы. Атмосфералық ауа құрамына белгілі бір пропорцияда от тегімен, сондай-ақ табиғи зат алмасу процестерінен құралып, біршама тұрақты болып табылады.
Ғарыш – жердің немесе атмосфераның шекгінде жататын барлық материалдық кеңістік. Ғарыш кеңістігі шексіз. Бірақ адамдардың әсер еету аясы жерге жақын аудандарда шектеулі болып келеді.
Халықаралық экологиялық құқық – қағидаттары мен нормалары ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуді іздеудегі халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықта өте маңыззды рол иеленуші халықаралық құқықтың дамып келе жатқан саласы.
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидаттарымен нормаларының жиынтығы халықаралық жария құқық саласын құрайды. Бұл халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінен көрінген тікелей материалдық құқық. Осылардың ең маңыздысы — әмбебап сипатта болатын халықаралық шарттар. Оларда халықаралыққ экологиялық құқықтың негізгі қағидаттары бекітілген.
Халықаралық экологиялық құқыңтың қағидаттары алғаш рет адамды қоршаған орта проблемалары жөніндегі 1972 ж. БҰҰ Стокгольм конференциясының дщекларациясында тұжырымдалды.
Стокгольм декларациясының ең маңызды қағидаттары:
1. Мемлекет қоршаған орта проблемаларына жақындаудағы өз ұлыттық саяатына сәйкес келетін өз ресурстарын пайдалануға құқылы. Оларға ұлттық юрисдикция шегінен тыс қызметіне немесе басқа мемлекеттің не ауданның қоршаған ортасына залал келтірмеуді бақыламаса, жауапкершілік жүктеледі (21-қағида);
2. Ауа, су, жер, флора, фаунаны және әсіресе табиғи экожүйелердің сипатты үлгілерін қоса, барлық табиғи ресурстар келешек ұрпақтың игілігі үшін адам қызметін ұқыпты жоспарлау және оны қажеттігіне қарай басқару жолымен сақталуы тиіс (21-қағида) ;
3. Қалпына келмейтін ресурстар – келешекте таусылудан қорғалуы қмтамасыз етілетіндей және олардың пайдасын бүкіл адмзат көретіндей жасалуы тиіс (5-қағида).
Қайнар көздер – халықаралық экологиялық құқықтың даму серпінін көрсетеді. Қазіргі кезде халықаралық екі жақты шарттар басымдылыққа ие, бірақ соңғы уақыттарда халықаралық құқықтың осы саласының дамуына халықаралық конвенциялардың ықпалы зор. Бұл көзқарасты негіздеу үшін халықаралық конвенциялар халықаралық экологиялық құқықтың “құрылымдық заңдары” болып табылатындығын, олардың негізіндебасқа нормалар, мысалы, осы конвенция хаттамаларының дамитындығын айтуға болады. Мемлекеттік келісімдер мен шарттарға келетін болсақ, олар негізінен жергілікт деңгейде саяси мәселелерді шешеді және қоршаған ортаны аумақтық немесе әлемдік деңгейде қоғау мәселелерін іс жүзінде шешуге қабілетсіз болып келеді.
Қошаған ортаны қорғауға байланысты халықаралцық құқықтық шығармашылық өте маңызды рөл атқарады. Бұл ең алдымен халықаралық жауапкршілік институтының дамуына, сондай-ақ халықаралық құқықты екіге: абсолютті, яғни қатаң (міндетті) және жұмсақ (ресми заңды күш иеленбейтін) деп аталатын квази құқы деп бөлуге байланысты.
Табиғатты қорғау ісіне қатыспаған Ұлттар Лигасына қарағанда, БҰҰ мұндай маңызды мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Оған БҰҰ –ның Бас ассамблея, ЭКОСОС, аумақтық экономикалық комиссиялар (ЕЭК, ЭСКАТО, ЭКА, ЭКЛА), ЮНКТАД, ЮНТДО, МОТ,ФАО, ЮНЕКО,ВМО, КПР, МАГАТЭ, ИКАО және басқа басты органдар мен арнайы мемкемелер көңіл бөледі.
БҰҰ Бас Ассамблеясының “Қоршаған орта саласындағы халықаралық қатынастар бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық шаралар” жөнінде 1972 ж. 15 желтоқсанда қабылданған №2997 қарарына сай қоршаған ортаға байланысты БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) дген атқа ие болғанын ерекше атап өтсек, БҰҰ-ның шегінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде үкіметаралық жаңа орган құрылды. Ол негізгі қосалқы органның міндетін атқарады, экономикалық және әлеуметтік кеңес арқылы әрбір 2 жыл сайын өзінің қызметі жөніндегі баяндамаларын Бас Ассамблеяға ұсынып отырады. ЮНЕП құрамында 3 негізгі: 1)Басқарушылар кеңесі; 2) Атқарушы директоры басқаратын секритариат 3) Қоршшаған орта жөніндегі қор басқаратын қор құрылымы бар. ЮНП-тің штаб-пәтеі Найробиде (Кенеди) орналасқан.
ЮНЕП-тің Басқарушылар кеңсі БҰҰ Бас ассмблеясының 3 жылдық мерзімге алыатын 58 мемлекеттің өкілдерінен тұрады. Ол жыл сайын қоршаған ортаы қорғау аясындағы халықаралық қатынастардың негізгі мәселелерін талқылау үшін жиналады. ЮНЕП-тің Басқарушылар кеңесінің алғашқы сессиясы 1973 жылы өткізілді.
ЮНЕП-тің атқарушы директорын БҰҰ Бас ассамблеясы 4 жыл мерзімге сайлайды.Ол барлық ағымдағы істерді басқарады, дәлрек айтсақ,Басқарушылар кеңесінің әр бір кезекті сесиясының дайындығын қамтамсыз етеді. Ол басқаратын секритариат ЮНЕП-тің ұйымдастырушылық-техникалық қатынастарынң жұмысын қамтамасыз етеді.
Қоршаған орта жөніндегі қор ЮНЕП шеңберіндегі мемлекеттер жүзеге асыратын халықаралық табиғатты қорғау шараларына қосымша қаржылық көмек көрсету мақстында құрылған. Қор әр бір мемлекеттің өз еркімен берілетін салымдарынан негізінде құрылады және ЮНЕП Басқарушылар кеңесінің ұсынысына сәйкес жұмсалады. Алғашқы қордың көлемі 5 жылға 100 млн. доллар.
ЮНЕП ұйымдастырылғалы бері қоршаған ортаны қорғау жөнінде бір қатар маңызды шараларды жүзеге асырды: қоршаған ортаны жағдайына байланысты әлемдік бақылау жүйесін құру үшін дайындық жұмыстарын өткізді (Мониториг), 100-ден астам халықаралық табиғатты қорғау жобаларын өз қамқорына алды.
Азық түлік және ауыл шаруашылық мәселесі жөніндегі БҰҰ (ФАО), өнімді жерлерді, су ресурстарын, өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғауға көңіл бөледі. ФАО осы табиғат объектілерінің жағдайын аықтау мақсатында зерттеулер жүргізеді, оларды үнемі қолдану және қорғау жөнінде ұсынытарды дайындайды, қызмт көрсетуші ұйымының тапсырысын орыдайды, осылайша әлемдік және аумақтық көлемде тәжірибе жинау мен алмасуды жеңілдетеді, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалар мен бағдарламаларға қаржылық және материалдық- техникалық көмек көрсетеді.
Табиғат қорғау міндеттерін шешуге қоғамдық күштер жұмылдыру үшін арнайы құрылған үкімттік емес ұйым- Табиғат және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ (МСОП). Ол 1948 жылы Қазанда Фонтенеблода (Францияда) өткен құрылтай ассамблеясының шешімі бойынша құрылды. МСОП жарғысының 1 бабына сәйкес ол үкіметтердің, Ұлттық және халықаралық шараларға сәйкес жүргізілген табиғи ресурстарды сақтау және табиғатты қорғау мәелесімен айналысатын жеке тұлғалардың арасындағы қатынастарға жәрдемдеседі. Бұл ұйымның мүшелері: елдердің үкіметі сйяқты, жеке мемлекеттік органдар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар (ұлттық және халықаралық) және табиғатты қорғау ісінен өз салымдарын салушы адамдар болуы мүмкін.
МСОП-тың жоғары органы сессиясы 3 жылда 1 рет өткізілетін табиғатты қорғау жөніндегі Бүкіл әлемдік Конгресс деп аталатын Бас ассамблея. МСОП-тың табиғат қорғау қызметі әр қайсысын комисия (ұлттық парк, экологиялық құқық,сирек түрлері жөніндегі) басқаратын 6 негізгі бағытты жүргізіледі. Комииссия мүшелері қоршаған ортаны қорғау мақсатына жету үшін белсенді қатынас жасайтын мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғалымдар және басқа тұлғалар. МСОП бір қатар пайдалы шараларды жүргізген. Арнайы қорғауды қажет ететін жануарлардың түрлері туралы мәліметтерді құрайтын халықаралық “Қызыл кітап” шығарды . МСОП қоршаған ортаны қорғауға байланысты әлемдік қоғамдық ой пікір қалыптастыруда маңызды рол атқарады. МСОП шеңберідегі халықаралық және экологиялық құқықты жасауға маңызды рол білім және құқықтық ғылымды дамытудағы халықаралық ұйымдардың заң жобалық қызметімен мемлекеттерге кең бағдарлама негізінде көмек беру қызметтін атқаратын Экологиялық құқық жөніндегі комиссияға берілген. Комиссяның жанында таң ғажайып экологиялық-құқықтық материалдар жинағын иеленетін Экологиялық құқық жөніндегі орталық қызмет етеді. Жинақ (коллокция) 4 компоненттен тұрады: 1) әлем мемлекеттерінің қазіргі қызмет ететін экологиялық заңдылығының жинағы; 2)табиғи ресурстарды қолдануды реттеу және қоршаға ортаны қорғау мәселеллері бойыша Еуропа одағы актілерінің жинағы; 3) күші бар келісімдер, конвециялар, шарттар және халықаралық эколгиялық құқықтың басқа да актілер жинағы; 4) әлемнің әр бір елдерінен экологиялық-құқықтық әдебиеттер жинағы.
Халықаралық экологиялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруда халықаралық ұйымдар маңызды рол атқарады. Жоғарыда аталғандай, ол ұйымдар құқықтық шығармашылықпен, тұрақты даму бағдарламасын жасау мен, маңызды экологиялық жобаларды жүзеге асыру мен донорлық қызметті көрсету мен, сондай-ақ қоршаған орта жағдайы жөніндегі мәселелерді жариялау мен айналысады. Сонымн қатар, қоршаған ортаны қорғау мен айналыспайтын арнайы халықараллық ұйымдар мемлекеттерге көмек көрстедді. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау аясында халықаралық құқықтық шығармашылықты дамытуды жүзеге асырады. Халықаралық ұйымдар өзге де проблемаларды шешуде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ең жоғарғы нысанына екендігін ескерту керек.
Бұл нысанда мемлекеттер жоғары деңгейде үлестіріледі және өзара қарым-қатынасқа түседі және соның нәтижесінде қойылған міндетті шешуге байланысты табыстарға жетеді.