Ортақ меншік құқығы

Ортақ меншік құқығы

Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамға бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиеселі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бір субъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді.екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді.
Ортақ үлесті меншік құқығында оның әрбір қатысушысының белгілі бір үлесі болады. Бұл ортақ мүліктегі немесе оның құнындағы үлес емес, дәп ортақ меншік құқығындағы үлес.Бұл үлес ортақ үлесті меншіктің барлық басқа қатысушыларының үлестеріне қатысты бөлшекпен өлшенді, мысалы, үлесті меншіктің барлық ортақ құқығына қатысты. Сонымен ортақ мүлік үлесті меншіктің қатысушылары арасында бөлінбейді, ортақ мүліктің құнындағы үлес бөлініп алынбайды.
Үлесті меншіктегі мүлікті иемдену және пайдалану. Иемдену және пайдалану құқық өкілеттіктерін үлесті меншікте іске асыру тәртібі билік ету құқық өкілеттігін іске асырудан біршама өзгеше. Үлесті меншік қатысушыларының иелігіне және пайдалануында құқықтағы үлес емес, барлық уақыттта белгілі бір мүлік болады. Үлесті меншіктегі мүлікті иемдену және пайдалану, оларға билік еткендегі сияқты, барлық ортақтас меншік иелерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Ортақ мүліктің бір бөлігін иемденуге және пайдалануға алу басқа меншік иелерімен шарт бойынша ресімделеді. Бұл шарт дұрыс ресімделуі тиіс, атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке қатысты ол жылжымайтын мүлікті және онымен мәмілені мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіпте тіркелуі керек.Үлесті меншік қатысушылары арасында мүлікті иемдену және пайдалану туралы келісімге қол жетпесе, бұл тәртіп сот шешімі бойынша белгіленуі мүмкін. Үлесті меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті еншілеу. Үлесті меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті еншілеу дегеніміз үлесті меншік құқығын толықтай немесе ішінара тоқтатудың айрықша формасы. Үлесті меншіктегі мүлік оған қатысушылар арасындағы келісім бойынша олардың өздерінің арасында бөлінеді, ал үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін бөліп шығаруды талап етуге құқылы.
Ортақ үлесті меншікке қарағанда ортақ бірлескен меншік құқығындағы үлестер бөлінбейді. Үлесті еншілеу бірлескен меншікті бөлгенде немесе еншілегенде оның тоқтаған немесе өзгерген сатысы ретінде бола алады. Ортақ бірлескен меншік, үш түрде болады: ерлі-зайыптылардың меншігі, шаруа (фермер) қожалығының меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге меншік. Заң құжаттарында бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде бірлескен меншіктің жоғарыда көрсетілгендерден басқа түрлері қарастырылмаған. Ортақ бірлескен меншік, ол заң құжаттарында көзделген кезде және бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмеген кезде және олкез келген уақытта үлесті меншікке айнала алатын болса, белгіленеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *