Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену және олардың тоқтауы.

Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену және олардың тоқтауы.

ҚР АК-ның 195 –бабына сәйкес заттық құқықтарға, меншік құқығынан басқа, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жер пайдалану құқығы, сондай –ақ АК-да немесе өзге заң актілерінде көзделген өзге заттық құқықтар жатады. Сонымен, АК-да көзделген заттық құқықтардың тізбесі толық деп айтуға болмайды. Құқық доктринасында заттық құқықтар доктринасына кең ауқымда қараушылық байқалады. Атап айтқанда, қазақстандық заң әдебиеттерінде заттық құқықтардың бағалық нышандары негізінде оларға сервитуттар, кепіл, ұстауға құқық, жер қойнауын пайдалану құқығы, су пайдалану құқығы, тұрғын үйге құқық, т.б. жатқызылған.бұл тарауда негізгі заттық құқытарды иеленудің және олардың тоқтатуының негіздері қаралады.
Меншік құқығының пайда болатын кезін анықтаудың практикалық маңызы зор. Иеліктен айыратын заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң құжатарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне тиесілі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді және біржақты тәртіппен мұндай ауыртпалықты үшінші жаққа ауыстыра алады. Мүліктің үшінші жаққа келтірген залалын да меншік иесі өтейді.
Жылжымайтын мүлікке заттық құқықтардың ішінен, меншік құқығынан басқа, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, бір жылдан артық мерзімге жер пайдалану құқығы, бір жылдан артық мерзімге пайдалану құқығы, кепіл, рента, сенімгерлік басқару мемлекеттік тіркеуге жатады. Пайдалану құқығы деп, бұл жерде, жалдау, төлеусіз пайдалану құқығын, бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі пайдалану құқын беретін сервитуттарды айтамыз.
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды мәжбүрлеп тоқтатудың негіздері осы баптың 2- тармағында көзделген. Оларға мыналар жатады: меншік иесінің міндеттемелері бойынша өндіртіп алуды мүлікке аудару; заң актілеріне сәйкес сол адамға бола алмайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен алу; реквизиция ; тәркілеу; жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу; күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу;
Меншік иесіне тиесілі мүлікті реквизициялау табиғи апат, авария, эпизоотия, эпидемия және төтенше сипаттағы өзгедей мән-жайларда, заң актілерінде көзделген тәртіпте және басқару органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тәркілеу жасалған қылмыс және өзге құқық бұзушылық үшін санкция түрінде, тек сот тәртібінде ғана жүзеге асырылады. Реквизициялағанда және тәркілегенде бір адамның құқығы тоқтайды, екіншісінікі пайда болады. Ал осы құқықтар қай кезде тоқтап, қай кезде пайда болады деген сұрақ туындайды. Жылжымайтын мүлікті реквизициялағанда және тәркілегенде құқық уәкілетті органның шешімі негізінде ол құқықтық кадастрде тіркелген кезден бастап тоқтайды.
Күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтатудың тағы бір түріне жатады. Заңдарға сәйкес ерекше бағалы әрі мемлекет қорғайтын мәденижәне тарихи қазыналарға жатқызылатын заттардың меншік иесі бұл қазыналарды күтіп ұстамаса, олардың өз мәнін жоғалту қатері төнсе, мұндай қазыналарды мемлекет меншік иесінен сот шешімі бойынша сатыпалуы немесе жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *