Мемлекеттік меншік құқығы
Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Мемлекет меншік құқығының ерекше субъектісі болып табылады. Бұл оның жоғары абстарктілігімен және формальдігімен анықталады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың кажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік орандардың тармақталған жүйесі мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады. Сондықтан оларды екі деңгейге бөлген дұрыс: кімді білдіреді,соның деңгейі және кім білдіреді, соның деңгейі.
Меншік құқығының мазмұны құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен анықталады. «Меншік иелерінің өз құқытарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді». Яғни, мемлекет, мемлекеттік меншік объектілерінің бірден-бір меншік иесі ретінде, азаматтық құқықтарды, сондай-ақ міндеттерді жүзеге асырудың шектері мен қоғауды заң арқылы өзі үшін өзі анықтайды.
Мемлекеттік меншікті иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде еимденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мемлекет, материалданбаған ерекше субъетк ретінде, барлық реттерде иемдену құқығының титулын сақтайды, өз мүлкін іс жүзінде иемденуді мемлекеттік органдар жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Билікжасау құқығы дегеніміз мүліктің заңдық тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Айналымда жүрген мемлекеттік мүліктің дені ақша қаражаты болғандықтан, әдетте, пайдалану және билік жасау құқық өкілеттіктері біріне бірі сәйкес келеді. Мемлекет негізінен бюджет ақшасын таратады. Бұл функцияны жүзеге асыруға өкілдік және атқарушы билік органдары тартылады. Мемлекет өз меншігіне кез келен объектіні ала алады. Мемлекеттік меншік объектілері Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі — әкімшілік – аумақтық бөлініс. Республикалық бюджет дегеніміз – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілдік органдардың шешімдерімен бекітілетін,мемлекеттің өз фунцияларын жүзеге асруына арналған және салықтар, алымдар басқа міндетті төлемдер, капиталдармен жасалған операциялар түсімінен, салық емес және заң құжаттарында көзделген өзге түсімдерден құралған орталықтандырылған ақша қоры.
Жекешелендіру дегеніміз — мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.Жекешелендірудегі мақсат- мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның атарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар.