Мемлекеттік басқару
Атқарушы органдардың жұмысы басқарудың әдістерін қолданумен анықталады. Басқару әдістері дегеніміз: 1.Әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру; 2. Басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу; 3.Басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері; Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі дегеніміз құрылымдық бөлімшелерді құру және олардың функцияларын белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу; басқарушылық процестерді ресімдеу, т.б. Сонымен, атқарушы билік органы алдына қойылған мақсатына қарай тиісті нәтиже алу үшін өз аппараттарын ұйымдастырады.Басқару процесінде нақты мәселелер жеке (министр,төраға), ақылдасып (алқада,ғылыми әдістемелік кеңесте) немесе бірлесіп ( екі немесе бірнеше минстрліктер, комитеттер, т.б. қатысып) шешілуі мүмкін.Бұл шешімдер қаулы,бұйрық,нұсқаулық түрінде шешіледі. Атқарушы биліктің негізгі міндеті—заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.Бұл міндет басқарудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Басқару формасын заң анықтайды.Формалар құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Басқарудың құқықтық формаларына мыналар жатады:Нормативтік құқықтық актілерды дайындау және қабылдау; Шарттар жасасу. Нормативтік құқықтық актілерды дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңнамада анықталады. Бұл тәртіп бұзылған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу және жариялау мүмкіндігі де жойылады.Басқарудың құықтық емес формаларына ұйымдық және материалдық –техникалық әрекеттер жатады.Ұйымдық әрекеттерге:Заң және басқа актілердің мазмұнын түсіндіру;Қызметкерлерге, лауазымды адамдарға аттестация жүргізу және нұсқау беру;Басқару органдарының жұмысын тексеру және жинақтап қорыту;Төменгі тұрған басқару органдарының басшыларын қатыстырып кеңс, мәжіліс, екі министрліктің бірлескен алқа мәжілісін өркізу және басқа шаралар өткізу.Материалдық- техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:Органдар мен лауазымды адамдардың жұмысын ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етуді жүргізу;Іс қағаздарын жүргізу ( хат алмасу, құжаттарды көбейту, оларды сақтау).Есепке алу-тіркеу жұмыстары, қабылданған шешімдер негізінде қажетті құралдар беру ( реестерге кіргізу, тиісті нөмірлерін көрсету)Мұндай әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібін арнайы құзірет берілген органдар да ( статистика және т.б.), министрліктердің, ведомстволардың актілері де (нұсқамалар, ережелер) анықтай алады.
2сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі Мемлекетік басқару органдары: 1.Іс әрекеттің заңға сәйкес ережелерін белгілейді; 2.билік ету өкілеттігін жүзеге асырады және 3.әкімшілік әрекетті жүзеге асырады. Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекттік басқару органдары қызметінің ауқымына, құзыреттік сипатына, құрылу тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне, қаржыландыру көзіне байланысты түрлерге бөлінеді. 1.Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді: жоғары органдар. Мұндай органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар; агенттіктер ; мемлекеттік комитеттер; комитеттер; жергілікті басқару органдары, олардың қызметі белгілі бір әкімшілік –аумақтық құрылым – облыс; аудан, қала, ауыл (село) шегінде ғана жүзеге асады. 2. Құзыретінің сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары жалпы, яғни қызметі өздерінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша бағыныштылырдың бәріне тарайтын (Үкімет), салалық — нақты салалар бойынша басқарылатын (минстрліктер) және арнайы, қызметі арнайы мәселелермен, фукнциялармен немесе мазмұнымен қатаң шектеліп, нақтыланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер; жалпы алғанда – ведомстволар) органдар болып табылады. 3. Мемлекттік басқару огандарының құрылуы бір жағынан мемлекеттік билік органдары (өкімет) арқылы жүзеге асады; мәселен, Парламент Призедентінің Республика Премьер –Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; екінші жағынан басқару органдарының өздерімен жүзеге асады. 3сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері ҚР Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік бақылаудың мынандай түрлері бар: Президенттік бақылау; Заң шығарушы (өкілді) билік органдарының бақылауы; Атқарушы билік органдарының бақылауы. Бақылаудың негізгі мақсаттары-атқарушы билік органдарымен олардың лауазымды адамдарының қызметінің өз міндеттеріне сәйкестігін, оларды орындаудың уақытылы және толымды болуын,заңдар талаптарының сақталуын, қаражаттардың үнемді және пайдалы жұмсалуын қамтамасыз ету, мемллекеттік құрылымның тұрақтылығын қолдау және мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға болып саналады. Сондай-ақ Президент бес жыл мерзімге сайланады. Ата Заңда Президенттің құзыретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген. Республика Президенті Конституцияға, Конституциялық Заңға сәйкес халық пен мемлекеттік билік бірлігіне, конституциялық құрылыстың мызғымастығына, сондай-ақ адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында шаралар қолданады. Халықаралық қатынастарда республиканың мүддесін қорғайды. Азаматтарға кешірім жасауды, заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік басқарудың мәселелерін шешеді. Республиканың барлық аумағында міндетті заң күші бар актілер шығарады. Орталық басқару органдары дегеніміз — министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер болып табылады. Қазақстан Республикасының министрліктері нақты салалар: ішкі, сыртқы істер (сыртқы экономикалық байланыс), көлік және коммуникация, білім және ғылым және т.б. бойынша басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының агенттіктері — спорт және туризм, денсаулық сақтау және т.б. салалар бойынша басшылықты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеттері арнаулы функцияларды орындап, нақты салалар бойынша бірыңғай саясатты қамтамасыз етеді. Оар ведомстводан тыс заңдық биліктік өкілеттікке ие және қызметін өздеріне бағынбайтын мемлекеттік басқару органдарына қатысты жүзеге асырады. Комитеттер орындайтын міндеттер олардың атауларынан көрініс табады. Мемлекеттік мүлік саласы бойынша жетекшілікті — Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет жүзеге асырады. Осы сияқты Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет инвестицияларға қатысты қызметті, Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет өзіне қатысты атауынан көрініс табатын тиісті қызметтерді атқарады және т.б. Мемлекеттік комитеттердің қаулылары барлық министрліктермен өзге де басқару органдары үшін міндетті. Республика Президентінің актілеріне сәйкес атқару билігінің орталық органдарының жүйесі тәртіпке келтірілген және олар қоғамдық қатынастардағы өзгеріске орай өзгеріп отырады. Мәселен, 1999 жылға дейін мемлекеттік комитеттердің басты міндеті болып келген қызметті 1999 жылғы Президент актісі негізінде қайтадан құрылған министрліктер мен агенттіктер атқарып келеді. Өз кезегінде олардың нақты құрылымдары департаменттері, комитеттері, басқармалары нақты айқындалған қызметтерді атқарады. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар — мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді әрі жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын бақылап отырады. Ал жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен қатар тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне: аумақты дамыту жоспарларын; экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; коммуналдық меншікті басқару; жергілікті органдардың жұмысын ұйымдастыру және т.б. жатады. Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына — Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауды қамтамасыз ететін жергілікті атқару органдары жатады. Мемлекеттік басқару функцияларын өз аумағына сәйкес жүзеге асыратын және дара басшылық принциптері негізінде әрекет жасайтын жергілікті атқару органының басшысы тиісті әкімшілік -аумақтық бөліністегі Республика Президентінің тіккелей өкілі болып есептеледі.
4сұрақ.Әкімшілік қадағалаудың түсінігі Қадағалау атқарушы билік органдарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету ретінде белгіленеді. Қадағалаудың үш түрі бар: Әкімшілік қадағалау; Сот тәртібімен қадағалу; Прокурорлық қадағалу. Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдастыру құқықтық және материалдық –техникалық қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын әзірлейтін және оның орындалуын жүзеге асыратын жергілікті әкімшіліктің аппараты құрылады. Жергілікті әкім өзінің құзыретіне жататын тиесілі мәселелер бойынша тиісті аумақтағы барлық заңды тұлғалар (меншік нысанына қарамастан) лауазымды тұлғалар, сондай-ақ барлық азаматтар орындауға міндетті қаулылар мен өкімдер қабылдайды. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі Әкімшілік қадағалаудың белгілері: Қадағалау субъектілері мен қадағаланатын объектілердің ұйымдастыру жағынан бағыныштылығы болмайтындығы; Қадағаланатын объектілердің қызметін тек заңдылық тұрғыдан және өте аз арнаулы мәселлер тобы бойынша ғана қадағалау мүмкіндігі; Қадағалау объектісінің жедел- шаруашылық қызметіне араласуға мүмкін болмайтындығы; Қадағалау қызметінің арнаулы объектісінің болуы- нормативтік актілерде қаралатын нормалар,ережелер,талаптар, стандарттар және оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауы; Құқық бұзушылық табылған немесе әртүрлі объектілерге қауіптілік қаупі пайда болған жағдайларда әкімшілік мәжбүрлеу шараларын дербес қолдану мүмкіндігі; Бұл мәжбүрлеу шараларын құқықтық шеңбермен қатал шектеу; юрисдикциялық өкілеттіктердің болуы. Яғни, әкімшілік қадағалу –бұл құқық бұзушылықтың алдын алу, табу және жолын кесу,бұзылған тәртіпті қалпына келтіру және кіләллерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында мәжбүрлеу шараларын пайдаланатын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.
5сұрақ.Прокурорлық қадағалау. Қазақстан Республикасының прокуратурасы – мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Президенттің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме — дәл және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Бұл оның негізгі функциясы. Қадағалаудың мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын, заңдылықтың бірінғайлығы мен нығайтылуын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай — ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету. Прокурорлық қадағалаудың мәні прокурорлардың мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың заңдары бұзуын табу, жою және алдын ала сақтандыру жөніндегі іс — қимылдарынан тұрады. Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас прокурорына бағындыра отырып, біріңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Президентке ғана есеп береді. Атқарушы билік органдарының қызметіне прокурорлық қадағалаудың (жалпы қадағалау деп аталатынның ) тақырыптары «Қ.Р – ның прокуратурасы туралы» 1995 ж. 21- желтоқсандағы заңмен белгіленген. Бұл, біріншіден, министрліктер мен ведомствовалардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, жергілікті өзін — өзі басқару органдарының, әскери басқару органдарының, бақылау органдарының, олардың лауазымды адамдарының заңдарды орындауы және, екіншіден, олардың шығарған құқықтық актілерінің заңдарға сәйкес болуы. Сонымен, прокурорлық қадағалау тек жоғарыда айтылған органдар мен лауазымды адамдардың іс әрекеттері мен актілеріне ғана таратылады және қадағалауға жататын органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерінің заңдарға сәйкес келетінің анықтаудан көрініс табады. Прокуратура органдары Президенттің жарлықтарына қадағалау жүргізбейді. Олар, біріншіден, заңның орындалуына және, екіншіден, басқару мен бақылау органдарының, өкілді органдарының шығаратын құқықтық актілерінің заңдарға сәйкес болуына қадағалау жасай отырып, оларды алмастырмайды және және олардың жедел – шаруашылық қызметіне араласпайды, себебі оның пайдалылығы жөнінде ой түюге, басқару актілерінің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге құқығы жоқ. Прокурордың өзінің қадағалауындағы субьектілерге бұйрық беруге құқығы жоқ. Заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біріңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерістер жүргізу арқылы жүзеге асады. Заңдардың қолданылуына тексерісті прокурор өз өкілеттілігі шегінде тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарғаннан кейін: Президенттің тапсыруына; заңды бұзушылық туралы өтініштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа мәліметтерге; заң бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына; жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргізеді. Прокуратура органдары экономикалық механизмді нарықтық эконмика негізінде бейімдеудің, мемлекеттік меншікті қорғау, мелекеттік және еңбек тәртібін сақтау туралы қатал құқықтық режимді қамтамасыз ету жөніндегі аса күрделі міндеттерді шешуге міндетті. Прокуратура органдары негізгі назарын министрліктер, жергілікті атқарушы органдар және басқа басқару органдары басшыларының, лауазымды адамдардың заңды сақтау жөніндегі міндеттерін қалай орындайтындарына ықпалды қадағалау жасауға жұмылдырады, бұл істе оларға қажетті көмек көрсетеді, заңдардың бұзылуын дер кезінде тауып, тоқтатуға тиіс. Прокурорлардың тексеру жүргізген кездегі өкілеттіктері аталған заңмен белгіленген. Прокурор жүргізілетін тексеріс мәселелері жөнінде азаматтар мен лауазымды адамдардан жауап алуға; қызметтік куәлігін көрсетіп,мемлекеттік органдардың, сондай ақ меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй — жайларына кедергісіз кіруге, олардың құжаттары мен материалдарын қарауға; заң бұзушылық фактісі, туралы прокуратура органдарына келіп түскен ақпараттарға байланысты заңдардың орындалуын тексеруге құқылы. Ол басшылардан және басқа лауазымды адамдардан заңдылықты жағдайы және оны қамтамасыз ету жөніндегі қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық деректерді алуға; тексеруге қатысты және қорытынды беруі үшін мамандарды тартуға; прокуратура органдарына келіп түскен материалдар, ақпараттар мен өтініштер бойынша тексеру, өздерінің бақылауындағы немесе ведомствоволық қарастылығындағы ұйымдар қызметіне ревизиялар жүргізуге құқылы. Прокурорда бар ақпараттың мазмұны мен сипатына байланысты тексеру жүргізудің нысандары мен әдістері әр түрлі болуы мүмкін. Тексеру алдын — ала жоспарлануы мүмкін, бірақ негізінен — бұл ағымдағы сипаты бар тексерулер. Меншік, жекешелендіру, кәсіпкерлік, жер реформасы, қоршаған ортаны қорғау, халықты жұмыспен қамту туралы, ал соңғы кезде — сыбайлас жемқорлық, қаржы, салық, мемлекеттік мүлікті сату, тұрғын үй туралы заңдарды сақтауға қадағалаудың маңызы арта түсуде. Прокурорлар қадағалауларындағы органдар мен лауазымды адамдардың шығаратын актілерінің заңдарға сәйкес болуын қадағалауға барынша жауаптылықпен және біліктілікпен қараулары керек. Бұл актілердің заңға тәуелді сипаты бар және олар заңдарды, оларда қаралған ережелерді жүзеге асыру үшін шығарылады. Қадағалаудағы органдар мен лауазымды адамдардың актілері заңға сәйкес келмейді деп: тиісті заңға тәуелді актілерді шығару үшін негіз болып табылатын заңда қаралған мән жайлардың болмауы; заңға тәуелді актіні күші жойылған немесе күшін жоғалтқан заңды орындау үшін шығару; заңның ережелеріне қалай болса солай түсінік беру немесе қасақана бұрмалау арқылы оған қайшы келетін заңға тәуелді акт қабылдау; нормативтік актілерді шығарудың тәртібін, мерзімдерін, нысандары мен рәсімдерін сақтамау саналады. Прокурорлық қадағалаудың үшінші тақырыбы — адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынының сақталуына қадағалау жасау. Оның ерекшелігі сол, қадағалау бұл мәселе бойынша тек министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, әскери басқару, бақылау органдарының, олардың лауазымды адамдарының қызметіне ғана емес, сондай — ақ коммерциялық емес ұйымдардың басқару органдары мен басшыларына да жүргізіледі. Прокурор өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асырған кезде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы арыздарын, шағымдары мен өзге де хабарламаларын тексереді; жәбірленушілерге өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тәртібін түсіндіреді; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзудың алдын алу мен жолын кесу, заңды бұзған адамдарды жауапқа тарту және келтірілген зиянның орнын толтыру туралы шаралар қолданады. Прокурор тексеріс нәтижелері бойынша: наразылық еңгізеді; заң бұзушылықты болдырмау жөніндегі ұйғарым береді; қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөнінде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады; адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актінің күшін тоқтата тұрады; мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары енгізген тыйым салу — шектеу сипатындағы шаралардың күшін жояды немесе алып тастайды; мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау үшін сотқа өтініш жасайды органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну еңгізеді. Прокурорлық қадағалау актілеріне наразылық , қаулы, ұйғарым, өтініш, нұсқау, ұсыну, заңға түсіндірме жатады. Прокурордың наразылығы бұл – оның қадағалауындағы органның немесе лауазымды адамның заңға қайшы келетін құқықтық актісін ілтипатқа алуы. Наразылықты прокурор немесе оның орынбасары осы актіні шығарған органға немесе жоғары тұрған органға келтіреді. Лауазымды адамдар жөніндегі наразылық та дәл осындай тәртіппен жасалады. Прокурор наразылықта актінің күшін жоюды немесе оны заңға сәйкес келтіруді талап етуге құқылы. Наразылық міндетті түрде он күн ішінде қаралуы тиіс. Оның қаралатын күні туралы орган немесе лауазымды адам прокурорға хабарлауы тиіс. Наразылықтың сотта қаралу мерзімі заңдарда белгіленеді. Наразылықты рәсімделудің белгіленген үш үлгісі бар. Прокурордың ұсынуы прокурорлық тексеру материалдарының негізінде дайындалады және заңдарды бұзушылықтарды, бұзушылықтардың себептері мен оларға мүмкіндік туғызатын жағдайларды жоюды мақсат етіп қояды. Әрбір ұсыну өзінің өзінің мазмұны бойынша дербес. Ол заңның бұзылуын жоя алатын өкілетті органға немесе лауазымды адамға беріледі және кідіріссіз қаралуға жатады. Ұсыну бір ай мерзімде қаралуға тиіс және оның нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы прокуратураға хабарлануы керек. Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі қаулысы уәкілдік берілген органның немесе лауазымды адамның заңмен белгіленген мерзімде қарауына жатады. Қараудың нәтижелері туралы жазбаша түрде прокурорға хабарланады. Яғни, прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі ретінде жалғыз болып табылады. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі қағидатының мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы қағидатты дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады. Бақылау сұрақтары: Заңдылық дегеніміз не? Заңдылыққа қандай тәсілдер мен әдістер көмегімен қол жеткізіледі? Қадағалау дегеніміз не? Бақылау дегеніміз не? Қадағалау мен бақылаудың қандай түрлері бар? Прокурорлық қадағалау дегеніміз не? Глоссарий: Мемлекеттік басқару Заңдылық Мемлекеттік бақылау Әкімшілік қадағалау ҚР Президентінің бақылауы Прокурорлық қадағалау Орталық басқару органдары