Кеден ісін ұйымдастырудың әкімшілік-құқыктық негіздері
Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары Қазақстанның кеден заңдары 1991 ж. 24 желтоқсанда «Кедендік тариф пен баж туралы» 3аң қабылданғаннан кейін қалыптаса бастады. Кеден саласының, қоғамның, мемлекеттің және азаматтың экономикалық өміріне әсер ету тәсілдерінің көптүрлілігін ескере отырып, кеден заңдары кешенді түрде қабылданды және ықпал аймағы ҚР біртұтас кеден аумағы болып табылады. Кеден баждарының бағамдарын, алымдардың, төлемдердің көлемін белгілеу, кеден төлемдері мен салықтарын есептеу мен төлету (өндіріп алу) ережелерінің қаржылық және салықтық құқықтық пәндеріне арақатынасы бар және кеден органдарының қазынагерлік сипаттағы қызметіне жатады. Кеден құқығындағы әкімшілік құқықтық реттеу әдістері қоғамдық қатынас салаларында қолданылатын мемлекеттік билік органдарының қызметі мен басқару өкілеттілігін жүзеге асырумен байланысты құқық салаларына тән тәсілдер, құралдар мен әдістерден тұрады. Кеден құқығында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен құралдарды автормен үш топқа бөлінген: ерік беру (рұқсат беру); тыйым салу (шектеу); міндет жүктеу. Кедендік материалдың әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл үш топ пайда болатын кедендік әкімшілік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады. Кеден құқығында құқықтық реттеу тәсілдерінен рұқсат ету тәсілі әкімшілік құқық немесе жария құқықтың басқа да, әсіресе құқық салаларымен салыстырғанда көбірек көрініс тапқан. Бұл тәсілдің ҚР кеден құқығында да көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады: тауарлар мен көлік құралдарын ҚР аумағына әкелу және әкету құқығы; белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы; кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы; кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т.б. Реттелетін қатынастардың әрқайсысында қолданылатын тәсілге байланысты біржақты деуге болмайды. Кеден құқығының жалпы сипаттамасына оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалар және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді. ҚР әкімшілік құқығы (жалпы бөлім) оқулығы авторларының пікірінше әкімшілік құқығының пәніне төмендегі қатынастарды жатқызуға болады: — атқарушы билік органдарын ұйымдастыруға байланысты; — басқарудағы әкімшілік-биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыру және әкімшілік билік органдарының азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қатынастары барысында пайда болатын қатынастар; — әкімшілік-деликтілік сипаттағы қатынастар. Дәл осындай қатынастарды кеден құқығынан да байқауға болады, яғни оның жеке құқық саласы екендігіне тағы бір дәлел ретінде қарастыруға болады. Кеден құқығының тарихи пайда болуына келетін болсақ, оның екі кезеңнен тұратынын көруге болады. Кеден саясаты, кеден ісі бірінші кезеңде заңда айтылған түрде бөлініп, бекітілмеген болатын, солай бола тұра сол кезеңде-ақ кеден аясы анықталып және кеден органдары белгілі бір дәрежеде кеден төлемдерін алу және кеден ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты өкілеттіктерді жүзеге асырған. Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Кеден құқығының пәні, құқықтық реттеу және құқықтық институттары толығымен қалыптасып болмаған, сонымен қатар оның пайда болғаннан бастап-ақ жеке сала болғанын айта кету керек. Жалпы алғанда кеден органдары кедендік реттеуді жүзеге асырып отырған және сол уақыт заңдары бекіткен кеден аясының бөлімдерін біріктірген болатын. 1995 жылы 20 шілдеде ҚР-ның Президентінің «ҚР-ғы кеден ісі туралы» Заң күші бар Жарлығының қабылдануымен кеден құқығы өзінің алдында тұрған мақсаттарды толығымен шешетіндей сапалы сипаттамаға ие болды.
2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік. ҚР-ның кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізуде, Қазақстан азаматтарының бар-жоғына тәуелсіз, сыртқы экономикалық қызметтің барлық қарысушылары (жеке және заңды тұлғалар ) басшылыққа алуы тиіс кеден заңдары бекіткен ережелерді құрайды.Бұл ережелерге сәйкесінше кедендік режимді анықтау, кеден төлемдері(баж, алым,төлем) мен салықтарын іске асыру, кеден жеңілдіктерін пайдалану және басқа да ережелер кіреді.Қазақстанның әкімшілік заңдарына арнайы сілтемесіз “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заң күші бар Президент Жарлығына сәйкес бұл ережелерді бұзғаны үшін жауакершілік қарастырылған. Бұл жерде ескерте кетуге тиіс жайт, “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңында реттелмеген жеке іс жүргізу әрекеттері әкімшілік заңда жалпы бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Кеден ережелерін бұзу туралы істер бойынша негізгі өндірісті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.Істерді қарау кеден органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен сот арқылы жүзеге асырылады.(Заңның 300-бабы). XII бөлім кеден ережелерін бұзушылықтарға және осы бұзушылықтар үшін жауапкершілікке арналған , ол сондай-ақ кеден ережелерін бұзу туралы істер бойынша іс-әрекеттерді өндіру және оларды қарау 13-тараудың 124- бабында қамтылған. ҚР-ның заңдар мен халықаралық шарттар бекіткен , орындалуы бақылау кеден органдарына жүктелген ҚР-ның кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде кеден режимдерін ,кеден бақылауын қолдануды және кедендік рәсімдеуді қоса өткізудің , кеден төлемдері мен салықтарын салудың және төлеудің, кеден жеңілдіктерін берудің және пайдаланудың тәртібіне қол сұғушы тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті не әрекетсіздігі кеден ережелерін бұзу болып табылады, ол үшін “Кеден ісі туралы”заңда жауакершілік қарастырылады. “Тұлға ” ұғымына заң шығарушы жеке және заңды тұлғаларды , сондай – ақ лауазымды тұлғаларды жатқызады. Егер лауазымды тұлғалардың қызметтік міндетіне, онда орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден ережелерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жауапкершілікке тартылуы лауазымды тұлғалар мен басқа жұмысшыларды жауакершіліктен босатпайды.Лауазымды тұлға құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеті не әрекетсіздігі үшін жеке тұлғалармен бірдей жауапкершілікке тартылады. Тек бой бермейтін , тежеусіз күш қана жеке тұлға немесе жеке кәсіпкерді жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Кеден ережелерін бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану жауакершілікке тартылған тұлғаны кеден төлемдері мен салықтарын төлеу міндетінен толықтай босатпайды.Егер құқық бұзушылық өз сипаты , белгісі бойынша қылмыстық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылмайды.Автордың пікірінше ,”жеке тұлға ” ұғымынан “жеке кәсіпкерді” бөліп алу соншалықты негізделмеген. Жауапкершіліктің маңызды бөлігі-әскери қызметшілер мен тәртіп жарғыларының күшін қолданатын өзге де тұлғалардың кеден ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Қазақстаның әскери бөлімдер мен басқа да өскери бөлімшелері және мемлекеттік құрылымдар , ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар жалпы негізде жауапкершілікке тартылады. Заңда кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктің маңызы аз болса, кеден органдары жауапкершіліктен босатып, тек ауызша ескерту жасаумен шектелу мүмкіндігі қарастырылған, бұл жаза түрлерінің тізбесіне енбейді.”Кеден ісі тураы ” заңның 253-бабына сәйкес мерзімбір жыл бекітіліп , бұл мерзім біткен соң тұлға бұзықтығы үшін жазаға тартылмаған деп саналады. Кеден ережелерін бұзу әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады, бірақ автор оларды жеке топтарға бөлген және кеден құқық бұзушылықтары деп атаған.Кеден заңын өабылдағанға дейін кеден ережелерін бұзу белгіленген басқару тәртібіне қол сұғушылық деп танылып,әкімшілік құқық бұзушылық тобына жататын(Қазақ КСР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 15-тарау). “Кеден ісі туралы ” заңд белгіленген кеден ережелерін бұзғаны үшін жаувапкершілікке тартатын 40 ереже қарастырылған . Айыппұл мөлшері бұрынғымен салыстырғанда көбейген. Сонымен қатар, кеден органдарының қызметіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық , барлық істер бойынша іс-жүргізу және оларды қарау 30-бапты қамтиды. “Кеден ісі туралы” Заң кеден ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын жазаның алты түрін шығаруды қарастырады, бұл Ресейдің Кеден кодексінде(242 бап)қарастырылған жазалар түріне толық сәйкес келеді. Жауапкершілік шарасы ретінде ескерту ауыр салдары жоқ кеден ережелерін бұзушылық үшін негізгі жаза түрінде қабылдануы мүмкін және жазбаша түрде іс бойынша үкім шығарылуы қажет. Айыппұл-бұл төменгі жалақының мөлшеріне аралас соммамен белгіленетін жаза түрі. Есептелетін сома тауарлар мен көлік құралдарының құнына сай салынады(құқық бұзушылық ашылған күнгі еркін және нарық бағасына сәйкес).Кейінгі заңда “төменгі жалақы” ұғымы “ жылдық немесе айлық есептік көрсеткіш” деп ауыстырылған , уақыт бойы енгізілмегендіктен тәжірибеде есептеуде белгілі қиындықтар туғызады. Лицензияны немесе біліктілік аттестатын қайтарып алу мен әрекетін кідірту жазаның негізгі түрі ретінде субъектілердің шағын тобына: -кеден қоймаларының , бажсыз сауда жасайтын дүкендердің , еркін қоймалар мен уақытша сақтау қоймаларының иелеріне; -кеден тасылмаудышыларына және кеден брокерлеріне, сондай-ақ кеден рәсімдеу жөніндегі мамандарға қолданылады. Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын, арнайы дайындалған , құны жасырылған тауарлар мен көлік құралдарының кеден құқық бұзушылығының тікелей объектілері болып табылатын , кеден шекарасы арқылы кесіп өтуге арналған заттарды Қазақстан заңдарында бекітілген тәртіпте тәркілеу –тауарлар мен көлік құралдарының мәжбүрлі өтеусіз түрде мемлекет бюджетіне берілуі және жазаның негізгі түрі немесе қосымша түрдегі қолданылуы. Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарының , кеден құқық бұзушылығының тікелей объектілері болып табылатын , жасырын түрде кеден шекарасы арқылы кесіп өтуде қолданылатын, арнайы дайындалып , құпия заттар жасырылған тауарлар мен көлік құралдарының құнын сот тәртібімен өндіріп алу – тауарлар мен көлік құралдарының құқық бұзушылық жасалған күнгі еркін бағасының ақшалай сомасын мәжбүрлі түрде алып қою болып көрінеді және негізгі немесе қосымша түрдегі өндіріп алу болып қолданылуы мүмкін . Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарының , өндіріп алуды бұзудың тікелей объектісі болып табылатын , жасырын түрде кеден шекарасы арқылы кесіп өтуде заттар жасырылған тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу “ Кеден ісі туралы” заңның тоғыз бабында санкцияларында қарастырылған (270,277,282,284,287,291-баптар). “Кеден ісі туралы” заңда кеден ережелерін бұзғаны үшін жазаға тарту мерзімі (285-бап) анықталған, мұның ішінде: -ескерту,айыппұл,лицензияны немесе біліктілік аттестатын қайтарып алу және олардың күшін кідірту жазаларына жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларға кеден ережелерін бұзушылық ашылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей,ал заңды тұлғаларға алты айдан кешіктірмей салынуы мүмкін; -тәркілеу және өндіріп алу кеден құқық бұзушылығы жасалған немесе ашылған уақытқа және олардың негізгі немесе қосымша өндіріп алу түріне тәуелсіз салынады . Кеден органының лауазымды тұлғалары нақты бұзушылықты тікелей байқаған күн немесе кеден ережелерінің бұзылғандығының белгісі көрсетілген жеткілікті мәліметтер бар материалда анықталған ай –күн кеден құқық бұзушылығының анықталған күні деп есептеледі. Мерзім қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданған соң , бірақ кеден ережелерін бұзу белгісі болған жағдайда өтуі мүмкін. Егер тұлға мерзімнің өтуіне дейін жаңадан кеден ережелерін бұзса,алдыңғы кеден ережесін бұзғандығы үшін салынған жазаның мерзімі өтуі үзіледі. Кеден ережелерін бұзғандық үшін ықпал жасау шараларын қолданудағы заңдылықты қамтасмасыз ету өте маңызды мәселе.Қазақстан заңында көрсетілген негіз бен тәртіптен өзге жағдайда ешкім кеден ережелерін бұзғандығы үшін ықпал жасау шарасына тартылмауы мүмкін . Біздің оймызша, жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтау: -жоғары тұрған кеден органдары мен лауазымды тұлғалары тарапынан жүйелі түрде бақылап отырады; -прокурордың қадағалауын; — кеден органдарының кедендік құқық бұзушылық істері туралы,сондай –ақ кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының әрекеті не әрекетсіздігі , кез келген шешімдері туралы қаулысына шағымдану құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Кеден ережелері жөніндегі істерді жүргізу әрекетіне және оларды қарауда, сондай-ақ өндіріп алу жазасын қолдану туралы кеден органдарының қаулысын орындауда “Кеден ісі туралы” Заң (259-бап) заң тараптарын қатаң әрі міндетті түрде сақтауды белгілейді. “Кеден ісі туралы” Заңның іс жүргузушілік жүйесінің бөлігінде реттелмеген қатынастар әкімшілік заңда айқындалған және оларды қарауды қарастырады. Кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша өндіріс пен оны қараудың жеткілікті нақты тапсрмалары тәжірибеде мамандандырылған және уәкілетті лауазымды тұлғаларды орындау, құқық бұзушылықты ашу және оның жолын кесу ;істің мән-жайын дер кезде, толық және объективті түсіндіру;қаулының орындалуын қамтамасыз ету ;кедендік құқық бұзушылықтың жасалу себебі мен шарттарын анықтау, оларды жоюдың шараларын қабылдау;құқық бұзушылықтың алдын алу ондай істерді жүргізуге біліктендірілген құзіретті мамандарды талап етеді. Кедендік құқық бұзушылығы жағдайында процессулдық және басқа әрекеттерді кеден ережелерін бұзу жөніндегі істі жүргізедегі тәжірибеде көмек бере алатын екі топқа бөлуге болады.Бірінші топқа кеден ережелерін бұзу жөніндегі істерді қарастыратын , белгіленген тәртіпке сай жағымсыз әрекетті анықтауға , дәлелдеуге , бекітуге бағытталған кеден органдарының лауазымды тұлғаларының процессуалды әрекетін жатқызамыз. Нақты айтсақ: -кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғадан сүрақ алу; -куәлардан сұрақ алу; -кедендік тексеру; -тану үшін ұсыну; -сараптама; -тауарлар мен көлік құралдарын алып қою процестері жатады. Екінші топқа кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын процессуалдық және басқа құқық бұзушылығы туралы іст ерді өндіруді қамтамасыз етуге жіберілген істер мен мүмкін болған заттай өндіріп алу санкциялары, олар тағайындаған түлғалардың бекітілген іс бойынша мән-жайды ашуын жатқызуға болады.Олар: -құжаттарды талап ету; -ақпарат алу; -қамауға алу; -бақылау,тексеру, түгендеуді жүргізу; -тұлғаны кеден органына жеткізу; -әкімшілік ұстау. Кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша бәлелдемелердің , жіктелуін ұсынуға болады. Куәландыратын құжаттар тобын іс үшін маңызы бар белгілі бір себептерді ресми түрде анықтайтын,дәлелдейтін құжаттар құруға мүмкін. Екінші топтағы құжаттарға мемлекеттік орындар, басқа ұйымдар,жеке немесе лауазымды тұлғалар берген баяндау, мәлімдеуді білдіру сипатындағы құжаттарды (іс үшін маңыздылығы бар себептер жөніндегі мәліметтер хабарлайтын қызметтік құжаттар,мінездемелер, жиынның хаттамалары , хаттар,арыздар) жатқызуға болады. “Кеден ісі туралы” Заң кеден ережелерін бұзғаны үшін жаза қолданудың оңайлатылған формасын анықтаған,егер ондай бұзушылыққа ескерту мен айыптау салынса, онда заңда қарасытырылған 40 құқық бұзушылықтың 19-ына ғана қолданылады. 370-ші баптың мағынасынан тұлғаның кеден ережелерінің бұзылу фактісін, өз айыбын мойындауы,жаза қолданудың оңайтылған формасын қолданумен келісуі, ал айыппұл түрінде жазаға тартылған жағдайда құқық бұзушылық байқалған жерде айыппұлды дереу төлеуге өзінің әзірлігін және нақты мүмкіндігі бар екендігін білдіретін жағдайда бейбіт келісім келіп шығады.Бұл кезде бюджетке түсетін салынған айыппұлдың көлемі олардың бекітілген мөлшеріне байланысты емес,лауазымды тұлғалардың кеден құқық бұзушылығын байқауымен кеден ережелерінің болғандығы туралы істі жүгізуді арттырудағы жұмысына байланысты. “Кеден ісі туралы” Заң кеден ережелерін бұзу туралы істерді бөлу мен қосудың процессуалдық мүмкіндіктерін қарастырады.Бір іс жүргізуде құқық бұзғандығы үшін жауапкершілікке бір ғана сол адам тартылуға тиісті істер мен кеден ережелерін бұзуда жауапкершілікке қатысушы тұлғалар бірге тартылуға тиісті істер біріктіріліп қарастырылуы мүмкін. Қажеттілік туса,істі шешудің жан-жақтылығына,толықтылығы мен объективтілігіне әсер етпейтін болған жағдайда кеден ережелерін бұзу туралы істерді бөліп қарауға жол беріледі. Істерді біріктіру мен бөлу кеден ережелерін бұзу туралы істер өндірісіне немесе оларды қарауда іс жүргузуге тиіс ҚР Кеден Одағының лауазымды тұлғаларының қаулысы негізінде жүзеге асыралады. Айта кететін нәрсе,”ҚР Кеден ісі туралы” Заңның XII” Кеден ережелерін бұзу және осы бұзушылық үшін жауапкершілік ” және XV”ҚР кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне , әрекеттеріне не әрекетсіздіктеріне шағым жасау және оларды қарау” бөлімдері ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексі іске кіріскенге дейін қолданылады. “Кеден ісі туралы”Заңның сәйкес бөлімі кеден ісі саласындағы қылмыстар , анықтама және жедел іздестіру , кеден органдарының “бақылау жасалатын жеткізілімдер” деп аталатын халықаралық әдісін пайдалану мәселелерін регламенттейді. Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің нақтылы атқарылуы олардың осы алдағы қызметін жаңадан қабылданған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу жөніндегі заң актілерімен сәйкес бекіту арқылы қамтамасыз етеді.