Жай серіктестік

Жай серіктестік

Бірлескен қызмет туралы шарт ( жай серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлескен әрекет жасауға міндеттенеді. Жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды. Шаруашылық серіктестігі – коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалардың бір түрі. әсіресе жай серіктестік пен толық серіктестік арасында ұқсастық көп, себебі екі жағдайда да серіктестік құрған азаматтар, оның борышы бойынша өздерінің барлық мүліктерімен жауап береді. Бұлардың айырмашылығы сонда, бірінші жағдайда азаматтар заңды тұлға құрамай-ақ ызметпен айналысады, екінші жағдайда – заңды тұлға құрады. Екінші жағдайда заңды тұлға құқықтың азаматтық айналымдағы өзінше дербес субъектісі ретінде туындайды. Жай серіктестік құрғанда құқықтың жаңа дербес субъектісі туындамайды, ал қатысушылары ары қарай қатыса береді. Жай серіктестіктің консорциум сияқты түрі АК-да айрықша реттеледі. Консорциум-бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тең құқықты уақытша одақ (бірлестік). Консорциум дегеніміз заңды тұлғалар бірлестігінің бір формасы. Заңды тұлғалар бірлестігі коммерциялық (бірнеше шаруашылық серіктестігі шаруашылық серіктестігі формасында коммерциялық бірлестік құрады) және коммерциялық емес –қауымдастық (одақ) формасында болады. Бұл, бірақ заңды тұлғалар болып саналатын бірлестіктерге қатысты. Консорциум заңды тұлға емес. Ол – шарттық бірлестік консорциумның қатысушыларының арасындағы барлық қатынасты бірлескен қызмет туралы шарт пен консорциум мүлкіне ортақ үлесті меншік жайындағы нормалар анықтайды. Консорциум –жай серіктестіктің бір түрі, оның қатысушылары заңды тұлғалар. Сондықтан да серіктестік жайындағы барлық ережелерді консорциумға толықтай қолдануға болады.консоруиум –уақытша бірлестік ол, не белгілі бір мерзімге, не қандай да бір мақсатқа жету үшін құрылады. Кейде мақсат айқын баяндалмайды (мысалы, темекі фабрикасын тұрғызу және ары қарай пайдалану), бұл ретте консорциум мерзімсіз болады. Оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері шарттың мазмұнын құрайды. Қатысушылардың міндеттеріне мыналар жатады: мүліктік жарналар енгізу; серіктестіктің ортақ ісін жүргізуге қатысу. жай серіктестіктің қатысушыларының құқықтары мыналар: сеіктестіктің ортақ істерін басқаруға және жүргізуге қатысу құқығы; ақпаратқа құқық; жай серіктестік қызметіне қатысуға құқықты басқаға беру құқығы және қатысудан бас тарту құқығы; ортақ мүлікке қатысты туындайтын, оның ішінде табыстан үлес алуға құқық.. Ө¬з мақсаттарына жету үшін бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушылары ақшалай немесе басқа заттай не өз еңбегімен жарна енгізеді. Ортақ мүлікке салымдар қосудың мөлшері мен тәртібі бойынша қатысушылар келісімін бірлескен қызмет туралы шарттың елеулі талабы деп тану қажет. Шарттың қатысушыларының ортақ іс жүргізу серіктестік қатысушыларының міндеті де, құқығы да. Жалпы ереже бойынша, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істер жүргізуі олардың ортақ келісімі бойынша жүзеге асырылады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *