Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық әдістері
Атқарушы органдардың басқарылатын объектілерге тікелей басқарушылық ықпал жасаудың тәсілдері мен әдістері – басқару әдістері болып саналады. Басқаша айтқана, басқарудың әдісі атқарушы биліктің тиісті субъектісінің алдында тұрған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырудың нақты тәсілдері, осы биліктің өзін іске асырудың құралы болып табылады, Бұл әдістердің сипаттамасындағы ең маңыздысы мынада, олар басқарудың субъектісі мен объектісі өзара әрекеттескендігінде көрініс табады, олардың арасындағы байланысты білдіреді. Басқарудың әдістеріне мыналар тән: — олар мемлекеттік-басқарушылық қызметтің процесінде іске асырылады, мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының мақсаты қызметімен табиғи байланысты; — оларды атқарушы билік субъектілері өздеріне бекітліген құзіретін іске асыру құралы ретінде пайдаланады; — оларда атқарушы билік субъектілерінің заңдық-биліктік өкілеттіктері тікелей көрініс табады; — басқарушылық ықпал жасаудың нақты әдістерін таңдап алу басқару объектісінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Басқарушылық ықпал жасау басқару субъектісінің нормативтік немесе жеке-дара заңдық биліктік ерік білдіруі ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан, басқарудың әдістері нақты әдресаттар үшін міндетті, кейде жалпы міндетті болатын мінез-құлық ережелерін белгілеудің немесе нақты объектілерге қатысты және нақты мәселелер бойынша жеке-дара нұсқамалар тұжырымдаудан өзінің көрінісін табады; басқарудың әдістері өздерін тікелей білдіретін құқықтық нысанды қажет етеді, ол әдістерге міндетті болатын сипат береді, әдістер өзінің ең айқын көрінісін басқарудың құқықтық актілерін табады. Сонымен, басқарудың нысандары мен әдістері сияқты санаттардың тығыз арақатынас, олардың арасындағы тікелей байланыстьы айқын болып отыр. Егер басқарудың нысаны басқарудың тиісті субъектісінің жұмыс істейтінін және оның іс-әрекеті белгілі бір заңдық салдарлар туғызатын сырттай білдіретін болса, басқарудың әдісі осы заңдық салдарлар арнаулы тұлғағағ қандай тәсілдермен жеткізілетінін түсінуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, басқарудың қандай да болмасын нысаны басқарушылық іс-әрекеттермен толтырылады. Сөйтіп басқарудың нысаны іске қосылады. Осы айтылғанның бәрі басқарудың әдісі мемлекеттік-басқарушылық қызметтің функцияларын, оның мақсаттарын іс жүзінде жүзеге асырудың құралы екендігін білдіреді. Ал бұл функциялар мен мақсаттар, шын мәнінде, әкімшілік-құқықтық нысандарда беріледі. Демек, әдіс-басқару субъектілерінің күнделікті қызметінде пайдаланатын әкімшілік-құқықтық нысандарда көрініс табатын басқарудың практикалық құралы. Басқаша айтқанда қызметтің әкімшілік -құқықтық дістері өздерінің сыртқы, яғни шынайы көрінісін әкімшілік-құқытық нысандардан ең алдымен басқарудың құқықтық актілерінен табады. Мысалы, егер өкілетті лауазымды адам қандай да бір тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы кінәлілігі туралы қорытындыға келсе, бұл лауазымды адамның тікелей міндеті әкімшілік жауаптылық шараларының бірін таңдау болып табылады. Ол өзінің әкімшілік жаза қолдану туралы біржақты шешіміне қаулы нысанында түр береді.
2сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні Атқарушы билікте жүзеге асыру процесінде пайдаланылатн әдістер әр түрлі. Бірақ олардың негізіне кез-келген мемлекеттік немесе қоғамдық жұмыстың екі әмбебап әдісі – иландыру және мәжбүрлеу. Иландыру қызметтің негізгі әдісі болып табылады. Ол тәрбилелеу, түсіндіру, жақсы үлгілерді насихаттау, адал жұмыс үшін көтерлемелеу, материладық ынталандыру құралдарын пайдаланудан көрініс табады. Мәжбүрлеу дағды бойынша иландыру қүралдары нәтиже бермеген жағдайда, яғни мемлекеттік басқару аясында қолданылатын ережелердің талаптары бұзылған кезде пайдаланатын көмекші әдіс ретінде сипатталады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын бұзған жағдайда ол тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікті, әкімшілік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудан көрініс табады. Басқарушылық ықпал жасаудың сипаты бойынша( тікелей және жанама түрде ) әкімшілік және экономикалық әдістер ажыратылады. Әкімшілік әдістер яғни тікелей басқаруға әсер ететін әдістер мемлекеттік-басқару қызметі субъектілерінің басқарылатындардың мінез-құлқына тікелей немесе экономикадан тыс басқарушылық ықпал жасау тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады. Сондықтан, олар мемлекеттік басқару аясында қажетті мінез-құлықты заңды тұрғыдан биліктік қамтамасыз етуді барынша толық білдіреді. Олардың тікелей сипаты мынаны білдіреді, басқарудың субъектісі өзінің құзіретінің шеңберінде адресат, яғни басқару объектісі үшін заңды түрде міндетті болатын басқару шешімін қабылдайды, өйткені басқарушылық ықпал жасау басқару субъектісінің ерік білдіруінің бұйрықтық түрін болжайды. Басқарушылық ықпал жасаудың маңызды жолдарының бірі болып табылатын басқарудың билікті жүзеге асыру туралы айтылып отыр. Бұл әдістердің экономикадан тыс сипаты мынаны білдіреді, басқарудың шынайы объектісі басқарылатындардың саналы ерік мінез-құлқы болып табылады. Мемлекеттік басқару аясындағы қажетті болатын еркі мен сана-сезімі арқылы мінез-қамтамасыз етеді. Әрине, қажетті жағдайларда тиісті мінез-құлыққа заңдық мәжбүрлеу мүмкіндігі рұқсат етіледі. Бірақ бұл тікелей ықпал жасауды мәжбүрлеумен біріктіруге негіз болып табылмайды. Өте көп жағдайларда мұндай ықпал жасау пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге есептеледі. Әкімшілік құқықтық әдістердің түрлері: мінез құлық ережелерін (нормалар) белгілеу; нақты тапсырмалар бекіту; белгілі бір іс қимылдар жасау туралы нұсқамалар беру; лауазымға тағайындау; белгілі бір іс әрекеттерге тиым салу; әр түрлі рұқсаттар беру; тіркеу қызметтерін жүзеге асыру; бақылау мен қадағалау жүргізу; әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану.
3сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні Экономикалық әдістер, яғни, жанама басқаруға әсер етуші әдістер, қағида бойынша мемлекеттік басқарушылық қызмет субъектілері тарапынан басқарылатындардың мінез-құлқына экономикалық немесе жанама ықпал жасаудың тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады. Бұл мынаны болжайды, басқарылатындардың мінез-құлқына басқарушылық мүдделері арқылы үзеге асырылады. Дегенмен де басқарушылық саналы еріктілік мінез-құлқы сақталып қалады. Кейде басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері біріне-бірі қарсы қойылады. Және де басымдық екіншіге беріледі. Бірақ, бұған дәлелді негіз жоқ. Керісінше, олар біріне-бірі қарсы емес, өйткені оларды бірыңғай мақсат -басқарушылық ықпал жасау жақындастырады. Оларды пайдалану атқарушы биліктің бір органдырының құзіретіне жатқызылған; олардың адресаты да бір объектілер. Ақыр соңында ең негізгісі – әкімшілік және экономикалық әдістер үшін бірыңғай құқықтық нысан белгіленген: басқару субъектісінің біржақты және биліктік ерік білдіруі. Инфляция жағдайында еңбекақы мен зейтенақыны материалдық компенсациялаумен байланысты әр түрлі шаралар сөз жоқ басқарудың экономикалық тетіктерінің қатарына жатады. Бірақ, олардың тиісті әкімшілік-құқықтық құралдарсыз( мыс.,ҚР сы Президентінің жарлықтары,ҚРнің Үкіметінің актілері) өздігінен өзінің шынайы маңызы болмайды. Сондықтан, басқарудың әдістерін әкімшілік және экономикалық түрлерге бөлуді шартты деп қарау керек,себебі ықпал жасаудың экономикалық құралдары да әкімшілік-құқықтық әдістерінің мазмұнына кіреді. Экономикалық әдістердің түрлері: материалдық және моральдық жағдайлар жасау; материалдық көтермелеу; салықтық және өзге де жеңілдіктер беру; бірақ жағымсыз мінез құлқы болған жағдайда материалдық санкциялар қолданылуы мүмкін. Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады. Әкімшілік әдістер басқарылушы еркінің басқарушының еркіне бағынуымен сипатталады. Оларда басқару қызметінің табиғаты анық көрсетілген. Әкімшілік әдістерді қолдану басқару субъектілеріне басқарылатындарға тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Әкімшілік әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше рөл атқарады. Басқарудың әкімшілік әдістері сыныпталады: бейнелену сипатына байланысты — әкімшілік-құқықтық және әкімшілік-ұйымдастырушылық; заңдық қасиеттеріне байланысты – нормативті және жеке. Нормативтілерге нұсқаулар және т.б. басқарылатындардың қызметін реттейтін актілер жатады. Жекелерге – нақты орындаушыларға жіберілетін тікелей бұйрық түріндегі нұсқаулар. басқару субъектілерінің тәртібіне ықпал ету тәсіліне байланысты әкімшілік әдістер бөлінеді: а) белгілі бір әрекеттерді істеуге міндеттейтін; ә) белгілі бір әрекеттерді істеуге құзырет беретін; б) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуге ынталандыратын; в) белгілі бір әрекеттерді істеуге тыйым салатын. Экономикалық әдістердің әкімшілік әдістерден айырмашылығы олар басқару объектілеріне тікелей емес, жанама түрде ықпал етеді. Экономикалық әдістердің арасында мынадай әдістер маңызды рөл атқарады: баға, табыс, сыйақылар, несие, экономикалық санкциялар. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері бір бірімен тығыз байланысты. Мысалы, материалдық ынталандыру басқарманың заңды актілерін құзыретті органдардың басуы арқылы рәсімделеді. Сондықтан басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін бір біріне қарсы қоюға болмайды. Бақылау сұрақтары: Атқарушы билікті жүзеге асырудағы әкімшілік-құқықтық әдістердің маңызы қандай? Қандай әдістерді тікелей басқаруға әсер ететін әдістер деп атайды?. Олардың түрлері қандай? Жанама басқаруға әсер етуші әдістер дегеніміз не? Олардың түрлері қандай? Басқарудың әкімшілік әдістері қалай бөлінеді? Глоссарий: Басқару әдістері Тікелей әкімшілік әдістер, Жанама әдістер Иландыру мәжбүрлеу.