Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
Мемлекеттердің іс-әрекетін реттейтін көптеген нормалардың арасында негізін қалаушы нормалар бар. Бұл нормаларды сақтамай, ешқандай мемлекет және халықаралық құқықтың басқа субъектісі қалыпты қарым-қатынас жасап, өмір сүре алмайды. Осындай нормаларды қағидаттар деп атайды.
Негізгі қағидаттардың міндеті сипаты мынаны білдіреді – мемлекет оларды өзінің сыртқы саясатында, халықаралық құқықтың басқа субъектілерімен қарым-қатынастарында ған қатаң сақтап қоймайды, сонымен қатар өзінің іщкі саясатында да сәйкестендіруі тиіс.
1969 ж. Халықаралық келісім құқығы туралы Вена ковенциясының 53- бабына сәйкес, негізгі қағидалардың кез келген жаңа қағидат белгіленгеннен кейін өзгеруі немесе бұзылуы мүмкін.
БҰҰ Жарғысында және Халықаралық құқықтың қағидаттары туралы декларацияда негізгі 7 қағидат тіркелген.
Олар:
— халықаралық қатынастарды күш қолданудан бас тарту;
— халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу;
— басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау;
— БҰҰ Жарғысына сәйкес басқа мемлекеттермен ынтымақтасу;
— халықтардың тең құқытылығы мен өзін-өзі анықтауы;
— мемлекеттердің егемендігі тең құқықтылығы;
— БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттердің қабылдаған өз міндеттерін орындауы.
1975 ж7 СБСЕ –нің қорытынды актісі тағы үш қағидатты қосты. Мемлекеттердің шекара беріктігі; мемлекеттердің аумақтық тұтастығы; адам құқықтарын құрметтеу. Олардың ішінен бірінші қағидат қана жалпы халықаралық құқықтың құрамына кіре алмаған. Оның негізгі таралу аймағы Еуропа болып табылады.
Қортындылай келе, осы заманғы халықаралық құқықта ресми түрде 10 қағидат бекітілген.
Оларды 3 топқа бөлуге болады:
1) Халықаралық ынтымақтастық қағидаттары ;
2) Халықаралық қауіпсіздікті және бейбітшілікті қамтамасыз ету қағидаттары;
3) Адам, ұлт және халықтардың құқықтарын қорғау қағидаттары.
Бірінші топқа мемлекеттердің егеменді тең құқықтылығы, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы, мемлекеттердің халықаралық міндеттерін адал орындауы қағидаттары жатады.
Екінші топқа халықаралық қатынастарда күш қолданудан бас тарту, шекара беріктігі, аумақ тұтастығы, халықаралық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидаттары кіреді.
Үшінші топқа халықтардың тең құқықтылығын мен өзін-өзі анықтау, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидаттары жатады.
Қоғамда халықаралық қатынастардың маңызының артуы және ғаламдық, өмірлік маңызы бар проблемалардың пайда болуы негізгі қағидаттар санының артуына әкеліп соқты. Мысалы, алатын болсақ, айналадағы ортаны қорғау проблемасының халықаралық маңызының өсуі халықаралық құқықта осындай қағидаттың пайда болып; дамуына әкеліп соқты.
Жаңаданпайда болған қағидаттар әмбебап халықаралық құқықтың құжаттарында ресми түрде бекітілген кезде ғана жоғарыда айтылған 10 қағидатпен тепе-тең бола алады.
БҰҰ Жарғысының қағидаттар туралы бабында Мемлекеттің егемендігі қағидаты бірінші орынға қойылған: “Ұйымдастыру оның мүшелерінің егеменді теңдік қағидаттарына негізделген” /2-бап/. Бұл қағидат БҰҰ-ның негізіне ғана емес, сонымен қатар халықарлық қатынастарды басқару жүйесінің негізінде жатыр. Ол БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық және достық қарым- қатынастарды реттейтін халықаралық құқық қағидаттары туралы Декларацияда көрініс тапқан. Соңында бұл қағида Еуропадағы Ынтымақтастық және Қауіпсіздік Кеңесінің Қорытынды актісінің қағидаттар туралы Декларациясында, 1989 ж. Венада өткен СБСЕ құрамына кіретін мемлекет-мүшелері кездесудің қорытынды құжатында 1990 ж. Жаңа Еуропа үшін Париж Хратиясында және басқа құжаттарда дамытылған.
Қазіргі халықаралық құқықтамемлекеттердің егеменді теңдік қағидатының мағынасы кеңейтілді. Ол мынадай жағдайларды құрайды:
1. Әрбір мемлекет басқа мелекеттің егемендігін қадірлеуі керек;
2. Әрбір мемлекет басқа мелекеттің аумақтық тұтастығын және саяси тәуелсіздігін құрметтеу керек;
3. Әрбір мемлекет өзінің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жүйесін таңдауы мен дамытуына құқылы;
4. Барлық мемлекеттер заңды түрдетең. Саяси, әлеуметтік, экономикалық жүйелерінің айырмашылығына қарамастан, халықаралық қоғамдастықтың мүшелері түрінде олар бірдей құқытар мен еркіндіктерге ие бола алады.
5. Әрбір мемлекет пайда болған сәттен бастап , халықаралық құқықтың субъектісі болып саналады;
6. Әрбір мемлекет өз мүддесіне тиетін халықаралық таластарды шешуге қтысуға құқылы;
7. Әрбір мемлекет халықарлық конференцияларда және халықаралық ұйымдарда бір дауысқа ие болады;
8. Мемлекеттер халықаралық нормаларды келісім бйынша тең құқықтық негізде жасайды. Қандай да бір мемлекеттер тобы өзі шығарған халықаралық құқықтық нормаларды басқа мемлекеттерге таңа алмайды.
Мемлекттің ішкі істеріне арласпау қағидаты.
Бұл қағидат егеменді қағидатымен қатар, халықаралық құқықта ұлттардың мелекеттігі үшін күрес процесінде, буржуазиялық – демократиялық төңкерістер кезеңінде құрылған.
Араласпау қағидаты БҰҰ Жарғысында анықталып белгіленген (2-бап,7-т.). БҰҰ БА –ның мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға жол бермеу туралы көптеген қарарларында Бүкілеуропалық Кеңестің Қорытынды актісінде осы қағидаттың беделді талқылауы берілген. “ Мемлекеттердің ішкі өкілеттігіне кіретін істерге “ араласу БҰҰ Жарғысына сәкес жіберілмейді.
Мелекеттердің ынтымақтастығы қағидаты.
БҰҰ Жарғысын құрайтын нормалар жүйесінде мемлекеттер ынтымақтастығы идеясы негізгі болып табылады. Жарғының бірінші бабы ұйымның басты мақсаттарын айта отырып, осы ұйымның “халықтардың ортақ мақсаттарына жету жолындағы ұлттар келісімінің орталығы болуы керек”