Түсіру жұмыстарын ұйымдастыру
Топографиялық түсірім – белгілі бір телімнің топографиялық картасы мен планын жасау үшін жүргізілетін жұмыстар жиынтығы. Топографиялық түсірімге әр түрлі топографиялық зерттеулер: аэрофототүсірім мен ғарыштық түсірулер, тахеометриялық және мензулалық түсірулер (шағын телімде мензула мен кипрегельдің көмегімен атқарылады), сондай-ақ түсіру торларын құрастыру әдістері (геодез. және астрон.), нивелирлеу (жер бедерін түсіру, биіктік негізін құру) жатады. Топографиялық түсірілім жергілікті жердің топогриялық планы түсірілетін нүктелердің барлық үш координатын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және ғыл. өңдеу жұмыстары нәтижесінде жасалынады; қ. Топографиялық карталар; Геодезиялық және картографиялық аспаптар мен құралдар.
Маркшейдерлік түсірім — өлшеу жұмыстарының жиынтығы. Маркшейдерлік түсірім жер астында және оның жоғ. қабаттарында орындалған тау-кен жұмыстарының нақтылы жағдайын көрсету үшін жүргізіледі. Шахталарда, карьерлерде оны орындау үшін арнайымаркшейдерлік приборлар қолданылады. Анықтау әдіс-тәсілдеріне қарай Маркшейдерлік түсірім кезінде қолданылатын приборлар бұрыш өлшеуіш, ұзындық өлшеуіш болып бөлінеді. Маркшейдерлік түсірім, негізінен, өлшеу, есептеу жұмыстарынан тұрады. Осы өлшеу, есептеулер нәтижелері бойынша тау-кен өндірісінің барысын көрсететін сызбалар, карталар, кескіндер, т.б. жасалады. Көлденең және тік түсірулер арқылы қазып алынған кен көлемдері анықталады. Кенді ашу, дайындау және қазып алу жұмыстарының уақытқа байланысты өзгерістері түсіріліп, олар тау-кен жұмыстарының жоспарында көрсетіліп, бекітіліп отырады. Онкүндік, айлық есеп беру үшін тау-кен жұмыстарының орындалуын қадағалайтын тексеру түсірулері жүргізіледі.
Ғарыштық түсіру (Космическая съемка) — Жердің жасанды серіктерінде, ғарыштық стансаларда және кемелерде орнатылған суретке түсіру жүйелерінің көмегімен Жер туралы және Күн жүйесінің басқа планеталары, аспан денелері, тұмандылықтар, сондай-ақ әр түрлі ғарыштық құбылыстар туралы ақпарат алудың әдісі. Ол жер бетінің бір телімін дүркін-дүркін және жер серігінің немесе ғарыштық стансаның бір рет ұшқан кезінде қайталап түсіруге, ал ғаламдық процестерді бірнеше геостационарлық серіктердің көмегімен үздіксіз байқауға мүмкіндік береді. Алғашқы Ғарыштық түсіру 1946 жылы зымыран арқылы жасалды, ал ғарыштық кемелерден 1961 жылы орыс ғарышкері Г.С. Титовжасады. Жерді Ғарыштық түсіру арқылы зерделеу ғарыштық егіншіліктің дамуына көмектесті.
Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады.
Тахеометр (грек. tachyc, tacheos – шапшаң және …метр) – тахеометрлік түсіру кезінде қолданылатын геодезиялық аспап. Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған (прибор орналасқан) нүктемен салыстырғандағы горизонталь және вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады.Тахеометрлер дөңгелектік, номограммалық, авторедукциялық және ішкі базалық болып ажыратылады.
Нивелир — екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.
Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир жәнекомпенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады.
Нивелирлік белгілер – геометриялық нивелирлеу пункттерін жергілікті жерде белгілеу және бекіту үшін орнатылатын белгілер. Нивелирлік белгілер тұрақты және уақытша, сондай-ақ іргетастық және грунттық реперлер, қабырғалық және шойын маркалар мен реперлер және т.б. болып бөлінеді.
Әдебиеттер тізімі: 1. Тоқпанов Е.А., Мазбаев О.Б. Картография және топография негіздері. — Алматы, 2012
2. Уварова А.К. Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау. — Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 51 б.